80
Практикалық сабақ тапсырмасы:
Микроорганизмдердің тірі клеткаларын зерттеу ҥшін
«ілінген» тамшы әдісін қолдану. Бҧл әдіске метиленді кӛк,
нейтралды қызыл бояуын 0,001-ден 0,0001%
концентрациясын
қолдануға болады. Бҧл әдіс микроорганизмдер клеткаларының
қозғалғыштығын анықтау ҥшін, кӛбеюін,
споралардың пайда
болуы мен ӛсуін бақылау ҥшін, микроорганизмдердің химиялық
қосылыстарын эәне физикалық факторлардың әсер етуін,
клетканың мӛлшерін анықтау ҥшін қолданылады.
Микроорганизмдердің клеткаларын ҧзақ бақылау ҥшін
«ілінген» тамшы әдісін қолданады.
Стерильденген жабын
шынысына иненің кӛмегімен, сҧйық қоректік ортада ӛсірілген
немесе физиологиялық ерітіндіде (0,5% NaCl) арнайы
дайындалған микроорганизмдердің қойытылмаған (сҧйық)
суспензиясын тамызады. Жабын шынысын аударады да, оны
ортасында шҧқыры бар стерильденген шыныға,
тамшы
шҧқырдың ҥстінде еркін ілініп тҧратындай етіп, қондырады.
Герметика пайда болуы ҥшін, шҧқыр айналасына вазелин
жағылады.
Әдістемелік ұсыныстар:
1.
Кӛтерген мәселелер
бойынша тірек конспектілермен,
жҧмыс істеу.
2.
Студенттердің
лабораториялық
жҧмыс
бойынша
жасаған қорытындыларын талқылау.
Негізгі әдебиеттер: 32, 33, 34.
Қосымша әдебиеттер: 83, 84, 85-87.
Тақырып № 15. Микроорганизмдер клеткасын Грам әдісі
бойынша бояу.
Сұрақнама:
1. Микроорганизмдер морфологиясын зерттеу..
2. Препаратты жай және дифференцирленген әдіс бойынша
бояу.
3. Зерттеудің цитохимиялық әдістері.
4. Грам әдісі бойынша бояу техникасы.
5. Грам әдісіне қажетті бояулар.
Достарыңызбен бөлісу: