Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет138/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Материалдар және әдістер. Мақала жазу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық 
музей қоры пайдаланылды. Әсіресе, коллекциялардың жинақталу тарихы мен музей қорына түскен 
жылдары, оның жинақтау жолдары басты назарда болды. Музейлік есеп құжаттары, музейдің ғылыми 
есептері деректік база ретінде пайдаланылды. Кітапхана қорынан алынған материалдар, әр жылдардағы 
ғылыми есептер, бұйрықтар пайдаланылды.
Зерттелініп отырған мәселе тарихилық, жүйелілік және салыстырмалы талдау қағидаттары негізінде 
жазылды. Сондай-ақ контекстік немесе контекстуалдық тәсіл басшылыққа алынды. Бұл талдау белгілі бір 
әлеуметтік уақыт пен әлеуметтік кеңістіктегі даму заңдылықтарын, осыған орай оның өзінің логикасын 
шынайы зерделеуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдерінің бірі. Яғни, қарастырылып отырған уақыт 
аралығында тікелей әсер ететін социумдағы сан алуан институционалдық, идеологиялық және саяси, оған 
қоса экономикалық факторлардың ықпалы арқылы музей құрылымында пайда болған механизмдердің, 
атап айтқанда қалыптасу алғышарттары, тарихи даму заңдылықтары, құрылу логикасын зерделі 
парақтауға мүмкіндік береді. Ал, тарихнамалық талдау зерттеулерді хронологиялық, сондай-ақ қарасты-
рып отырған мәселелер бойынша топтастыру тәсілдері арқылы жүзеге асты. 
Талқылау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейіне қатысты жазылған бірнеше 
зерделі жұмыстар бар. Оларды шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, музейдің пайда 
болуы мен музей тарихына байланысты еңбектер болса, екіншісі, музей қорындағы этнографиялық 
коллекция деректік негіз ретінде пайдаланылған қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті туралы 
жазылған авторлардың еңбегі.
Музейдің пайда болу тарихы өлкетанушылардың назарына тек ХХ ғасырдың бас кезеңінде ғана іліне 
бастады. Оған П.Н. Столпянский мен П.Д. Райскийдің еңбектерін жатқызсақ болады [3, 4]. П.Д. Райский 
өзінің жазбасында «музей древностей» деген атаумен музейдің орналасқан ғимараты, оның ғимараттың 
тек бір бөлмесін ғана алып тұрғандығы туралы мәлімет келтірген. Сонымен қатар музей қайтадан 1897 
жылы 10 мамыр күні Орынбор Ғылыми Архивтік комиссиясының төрағасы болған П.П. Бирктің тікелей 
көмегімен ашылғандығы жөнінде жазды. Музей коллекциясының жинақталу тарихына байланысты 
мәселелерге ден қоймаса да, сол кездегі музей бөлмесінде орын алған заттарға байланысты пайда болған 
бөлімшілердің классификациясын жазып қалдырған [4, c. 59-60].
Н. Модестов өзінің тікелей Орынбор музейіне қатысы бар В.Даль, Ф.Зан, М.Зеленко туралы жазған 
биографиялық очерктерінде музейге қатысты кейбір мәліметтерді келтірген [5, 6]. Модестовтың 
еңбегінде Орынбордың граф-генералы болған П.П. Сухтелен музейдің өркендеуіне үлкен үлес қосқан-


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
135 
дығы, ал кейін одан кейінгі болған граф-губернатор В.А. Перовский музей жұмыстарына салғырттықпен 
қарады деп, кейін музейдің құлдырауына әкеп соққандығы туралы өз ойын жазып қалдырған [6, с. 52-53].
Орынборда жарық көрген «Труды общества изучения Казахстана (киргизского края)» атты еңбек 
жинақтарында (1921-1929 жж.) музейдің музейге келушілер саны, музей көрмелері, сондай-ақ музей 
қорының толығуы туралы есеп түріндегі мәліметтер келтірілген [7]. 
1930 жылы Қазақстанда музей жүйесі құрылысының бастамасы болған Орталық музейдің «Вестник 
Центрального музея» атты басылымының жалғыз саны жарық көрді. Онда Халық ағарту комиссариаты-
ның Қазақстан музейлеріне, Орталық музей кеңесінің өлкетану-музей мекемелеріне арнаған үндеулері, 
музей міндеттері жазылды. Осы басылымда Орталық, Семей, Жетісу, Сырдария, Петропавл, Ақмола, 
Орал, Қостанай, Ақтөбе, Көкшетау музей қызметтері жайында қысқаша мәлімет жазылған [8]. 
Ә.М. Жиреншиннің ҚазССР ҒА Жаршысында «Қазақстан Орталық мұражайы тарихынан» мақаласы 
жарияланды. Орталық музей тарихы мен қызметіне арналған бұл мақала бүгінгі күні өз маңыздылығын 
жоғалтқан жоқ. Мақалада музейдің қысқаша тарихы мен кейбір маңызды музей коллекциялары туралы 
жазылған [9].
Кеңес үкіметінің алғашқы 20 жылында Қазақстанда музей жүйесінің құрылуы мен олардың қызметін 
зерттеуде С.Ш. Ахметованың еңбегі зор. Оның «Историческое краеведение в Казахстане» атты еңбегінің 
жеке бір тарауы «развитие музейного краеведения и дела охраны памятников» тақырыбына арналған. 
Еңбекте 20-30 жылдары музей құрылысы мәселесі мен ондағы жекелеген мекемелер мен түрлі қоғамдық 
ұйымдардың атқарған жұмыстары қарастырылған. 
ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында қазақ өнерінің тарихын зерттеу жұмыстары жалғасын тапты. Бұл 
зерттеулерде, әсіресе, Ә.Марғұлан, М.Мұқанов, Х.Арғынбаев, В.Востров, Ө.Жәнібеков сынды 
ғалымдардың еңбектерінде музей қорларында сақталған қазақ қолданбалы және бейнелеу өнерінің 
жауһарлары шебер талдаған [10-17]. 
Қазақстанда музей жүйесінің қалыптасуы мен оның атқарған қызметтері жайында А.Е. Қайназарова-
ның, А.Ғ. Ибраеваның, С.Тайманның диссертациялары 1995-1999 жылдары жазылды. Бұл еңбектерде 
Қазақстанға Ресейден келген түрлі экспедициялар мен ғылыми ұйымдардың өлкені зерттеуге қосқан 
үлестеріне тоқтала келе, олардың өлкедегі алғаш музейлердің қалыптасуындағы атқарған рөлін, әр 
жылдардағы музей ісінің даму тарихы, мәдени-ағарту жұмыстары мәселелері ашып көрсетілген [18-20]. 
Коллекциялардың құрамы мен олардың қалыптасу кезеңдері туралы құнды материалдар мерзімді 
баспасөз беттерінде және интернет ресурстарында қамтылған. 
Тақырыбымыздың белгілі тарихнамалық аспектілері кейбір авторлардың еңбектерінде қамтылғаны-
мен, жалпы, зерттеушілердің еңбектерінде қарастырып отырған тақырыптың кейбір қырлары ғана 
қарастырылған. ҚР МОМ жинақтары аталған еңбектердің көпшілігі қазақ халқының мәдениеті мен тұр-
мысын зерттеуге арналған. Орталық Азиядағы қалған түркі халықтары туралы айтатын болсақ, олардың 
зерттеу нысаны болмағанын айта аламыз. Автордың ойынша, бұған аталмыш халықтар жинағының 
елеусіз көлемде әрі кеш қалыптасуы себеп болған. Бірақ соған қарамастан, музей экспозицияларындағы 
көршілес түркі халықтары туралы материалдар олардың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі туралы түсінік 
беретіндей кешенді түрде берілген. Осылайша, таңдалған тақырыптың маңыздылығы мен қарастырылып 
отырған ғылыми еңбектердің зерттелу дәрежесі арасында белгілі бір қайшылықтар бар екенін аңғаруға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет