Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет38/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Нәтижелер. Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ Фашистік Германия КСРО-ның 
маңызды экономикалық өңірлері болып саналатын Украина, Прибалтика, Белоруссия, Молдова мен 
Ресейдің бір бөлігін басып алды. Соның салдарынан Кеңестік басшылық жауға қарсы табанды қарсылық 
көрсету үшін елдің барлық күш-қуатын біртұтас әскери лагерге айналдыруға ұмтылды. Әсіресе тылдағы 
экономиканы соғыс жағдайына лайықтап қайта құруды ең басты мәселеге айналдырды. Өйткені майданға 
негізінен халықтың ең жас, еңбекке қабілетті бөлігі кеткендіктен 1941 жылдың маусым айынан жылдың 
соңына дейін халық шаруашылығында жұмыс жасағандардың саны 31,8 миллионнан 22,8 миллион 
адамға дейін азайып кетеді де, тылдағы жұмыс күшіне орасан зор тапшылық туындады [8, с.108].  
Өз кезегінде бұл мәселені өз уақытымен шешу қажет болды, өйткені ол КСРО-ның экономикасын 
күйретіп жіберуі әбден мүмкін еді. Сондықтан Кеңес басшылығы ерлердің басым бөлігі майданға кетіп, 
тылда негізінен әйелдер қауымы қалатындықтан экономиканы қайта құрудағы басты рөлді осы әйелдер 
атқаратынын соғыс басталған күннен-ақ жақсы түсінді. Оны соғыстың алғашқы күні 22 маусымда КСРО 
Сыртқы істер ХКК Төрағасының орынбасары В.М. Молотовтың радио арқылы таратқан мәлімдемесіндегі 
«еліміздің барша халқы, соның ішінде әйелдер Қызыл Армия мен флоттың және авиацияның барлық 
мұқтажын қамтамасыз ету үшін өз еңбектеріне ерекше саналылықпен қарайды» деген сөздері тылдағы 
экономиканы жасақтаудағы бүкіл ауыртпалықты тікелей әйелдер көтеретінін меңзегеннен көруге болады 
[9].
Арадан көп уақыт өтпей-ақ В.М. Молотовтың мәлімдемесінің негізіңде Кеңес Одағының басты 
ақпарат көзі саналған «Правда» газетінің 1941 жылдың 29 маусымдағы санында: «Елімізде әйелдер 200 
миллионнан астам болып, олар халқымыздың жартысын құрайды, Отан соғысында әрбір отансүйгіш 
әйелдің өз күшіне лайықты іс табуы жоспарлы түрде ұйымдастырылуы тиіс, ондай істер үшін 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
34 
мүмкіндіктер мол», - деп әйелдердің соғысқа бейімделген экономикадағы міндеттері мен мақсаттарын 
осылай көрсетіп берді, 1941 жылдың 6 қарашасында Қазан төңкерісінің 24 жылдығына арналған 
салтанатты жиында КСРО басшысы И.В. Сталин, - «...Біздің жұмысшыларымыз бен қызметкерлеріміз
ерлер мен әйелдер кәсіпорындарда бел шешпестен жұмыс жасаулары қажет, майданға танктер, танкке 
қарсы атқыштар мен қару – жарақтар түрлерін, ұшақтар, минометтер, пулеметтер, винтовкалар, оқтарды 
анағұрлым көбірек берулері қажет. Біздің колхозшылар, ерлер мен әйелдер егін далаларында екпінді еңбек 
етіп, майдан мен кәсіпорындарды шикізатпен, астықпен, ет өнімдерімен қамтамасыз етулері тиіс», - деп 
КСРО-ның біріншісі басшысы ретінде түпкілікті түрде өз нұсқауын береді [10, с. 35].
КСРО басшысы И.В. Сталиннің осындай нұсқауын негізге алған Кеңес үкіметі елдің экономикасын 
соғыс жағдайына негіздеп қайта құруда мәлімдемелер таратып, өз нұсқауларын берумен шектеліп қана 
қойған жоқ, сонымен қатар, азамат соғысы мен 20-30 жылдары қолданылған қатал әдістерді одан әрі 
кеңінен қолданысқа енгізіп, тылдағы еңбекшілерге жұмыстан жалтарғандары үшін төтенше шараларды 
қолдануға көшеді. Атап айтқанда, 1941 жылдың 26 маусымында «Жұмысшылар мен қызметкерлердің 
соғыс кезіндегі жұмыс уақытының тәртібі туралы» және сол жылдың 26 желтоқсанында «Әскери 
өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысшылары мен қызметкерлерінің кәсіпорындарды өз еріктерімен тастап 
кеткендері үшін жауапкершіліктері туралы» КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының жарлықтары 
қабылданып, еңбек демалыстары мен демалыс күндері доғарылып, қосымша жұмыстар енгізіледі. Осын-
дай қатал заңдардың кейін жаппай еңбек мобилизациясы күшіне еніп, кәсіпорындарды өз еріктерімен 
тастап кеткендер қатал қылмыстық жауапкершіліктерге тартылды. Колхоздар мен совхоздарда, өнеркәсіп 
орындары мен теміржол салаларында саяси бөлімдер қалпына келтірілді.
Жоғары Кеңесі Президиумының «Соғыс кезеңінде еңбекке қабілетті тұрғындарды өндіріс пен 
құрылыста жұмысқа жұмылдыру туралы» Жарлығына сәйкес 16 мен 45 жас аралығындағы қыз-
келіншектердің барлығы міндетті еңбекке жұмылдыруға жатты, одан себепсіз бас тартқандар арнайы 
жауапкершілікке тартылды. Ал 1942 жылдың қыркүйек айынан бастап, еңбекке жұмылдырылған қыз-
келіншектердің жасы 50 жасқа дейін көтеріліп, жұмыстан жалтарушыларды еңбекпен түзету жұмыс-
тарына жіберілді [11, с. 68-70.]. Осылайша соғыс жағдайы Кеңес басшылығына барлық саяси көпшілік 
жұмыстарды түбегейлі өзгертуге және қатал тәртіп орнатуға итермеледі. Жасап жатқан жанқиярлық 
еңбегінің жауды жеңуде зор көмек екендігін жақсы түсінген Кеңес әйелдерінің басым көпшілігі мұны оң 
қабылдап, 1941 жылдың маусым айынан бастап күндіз түні тынбастан жұмыстарды жасады. Уақытымен 
ас ішпей, демалыс дегенді мүлдем ұмытқан әйелдер ерлерінің, қыздары мен қарындастары станоктардағы 
әке, ағаларын ауыстырды.
1941 жылы 29 маусымда партия мен кеңес ұйымдарына және бүкіл халыққа арнайы Директива 
қабылдаған БКП (б) ОК мен КСРО ХКК «немқұрайлық пен жалқаулықты толықтай жою қажет, біздің 
барлық ұйымдарымызды және халықтың барлық қуатын жауды күйретуге жұмылдыруымыз қажет» деген 
ұран тастайды. Осы ұранның аясында тұтас кеңес халқы, соның ішінде Батыс Қазақстан еңбекшілерінің 
ұжымдары да көптеген митингілер ұйымдастырып, үкіметтің қандай да болса тапсырмаларын орындауға 
әрқашанда дайын екендігін білдіріп, «өздерінің қаһарлы дауысын барлық Кеңес халқының дауысына 
қосады». Әсіресе оған ерекше үн қосқан Орал облысындағы колхозшы әйелдері: «Енді, бізге, әйелдерге 
бұрынғыдан да көп, бұрынғыдан да жақсы жұмыс жасау қажет», - деп мәлімдеме таратады [12]. Осындай 
үндеулердің негізінде Ұлы Отан соғысының алғашқы күні-ақ Батыс Қазақстан облысының аудандық 
партия комитеттерінің барлық активтері жиналып майданға көмектесу үшін тылдағы еңбекті шебер 
ұйымдастыру мақсатында штабтар жасақтайды. Олардың күшімен кезінде тек бейбіт мақсатқа бейімдел-
ген тылдағы экономика соғыстың мүддесіне сай қайта құрылады. Батыс Қазақстандағы шаруашылық 
қатынастары да осы үрдістің жүйесіне толығымен енгізіліп, ал облыстағы қыз-келіншектер соғыстың 
алғашқы күндерінен бастап-ақ өнеркәсіптік және түрлі шаруашылық міндеттерді абыроймен орындап, 
қажырлы да жанкешті еңбектерімен майданға жан-жақты көмек көрсетуге ұмтылды.
Облыс басшыларының жоғарыға жіберген мәлімдемелеріңде өндіріс орындары «ең бірінші кезекте 
әйелдермен толығуда» екендігін үнемі атап тұрған. Солардың күшімен 1941 жылдың маусым-шілде 
айларында-ақ майдандағы әскерге азық-түлік өнімдерін шығару үшін облыс аудандарындағы өндіріс 
комбинаттарының 7-і жаңадан және 4-і қайтадан құрылып, ол өндіріс орындарында тіпті кейін 7 шұжық, 3 
сабын қайнату, 5 столяр, 7 темекі фабрикасы, 8 булочка-кондитерлік, 3 киім және аяқ-киім тігетін 
орындары сияқты жаңа цехтар ашылып өз өнімдерін берген. Сол жылы әйелдердің күшімен облыс 37 
тонна шұжық, 868 гектолитр алкоголсыз сусындар, 12 центнер шаруашылық сабының өндіреді. Осы өнім-
дерді беруде әйелдердің ұжымдары 1941 жылдың маусымнан бастап-ақ жұмыс күндерін күнделікті уақыт-
тан 2-3 сағатқа өсіріп қана қоймай, демалыс күндері мен қосымша ауысымда да жұмыс жасауға көшеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет