Химия • периодтық кесте • элементтердің ашылуы 1 1-бөлім: Периодтық кестенің құрылуы



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата28.09.2022
өлшемі2.01 Mb.
#461500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
периодтық заң

• Ұсынылатын фильмдер
- Атомдық құрылыс
- Металдық байланыс
- Көміртек: Кіріспе
- Элементтер: Кремний 
3-бөлім: Периодтық кестенің заңдылықтарын қалай түсіндіруге болады?
• Элементтердің орналасуының ғылыми негізі неде?
Элементтер атомдық нөмірлерінің (ядродағы протондар саны) өсу реті бойынша орналасқан: 1H, 2He, 3Li және 
т.б. Әр элементтің өзіне тән атомдық нөмірі болады, ол атомның өзіне ғана тән қасиеттерін сипаттайды. Мысалы, 
барлық фтор атомында 9 протон, ал барлық натрий атомында 11 протон болады, осы протондар санының әртүрлі 
болуы фторды натрийден ерекшелендіреді.
Бір электрондық қабат толғаннан кейін келесісі тола бастайды. Мысалы, неонда 10 электрон бар, олар 2,8 болып 
орналасқан. Екінші қабат толғандықтан, 11 электроны бар келесі натрий элементінде жаңа қабат басталады. 
Электрондар 2,8,1 орналасады, сондықтан жаңа период басталады. Период бойынша солдан оңға қарай 
жылжығанда, электрондық қабаттар тола береді. Сыртқы қабатында 1, 2 және 3 электроны бар атомдар негізінде 
метал болады, ал сыртқы қабатында 5, 6, 7 немесе 8 электроны бар атомдар бейметалдар болып келеді.
• Ұсынылатын фильмдер
- Атомның құрылысы: Электрондық 
қабаттар
- Атомдық құрылыс
- Сілтілік металдар
- Химиялық байланыс: Кіріспе
- Галогендер
- Асыл газдар
Сондықтан, периодтар горизонталь орналасқан қатарлар болып 
табылады, және олар электрондық қабаттардың толтырылуына 
тікелей байланысты. Электрондық конфигурациясы ұқсас элементтер 
топ деп аталатын бағандарға орналасатындықтан, олар кестеге 
периодтылық қасиетін береді. 1-топты 1 сыртқы электроны бар 
сілтілік металдар құрайды (Li, Na, K, Rb, Cs, Fr), ал 7-топты 7 сыртқы 
электроны бар галогендер (F, Cl, Br, I, В) құрайды. Асыл газдардың (0-
топ немесе 8-топ) маңызы зор, олардың барлық қабаттары электронға 
толы, сондықтан олар басқа белсенді элементтерге қарағанда 
тұрақты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет