1. Атом құрылысының заманауи теориясы атомдағы электрондар күйі, квант саны


Сілтілік металдар тікелей барлық бейметалдармен, сонымен бірге сумен



Pdf көрінісі
бет16/53
Дата28.09.2022
өлшемі1.22 Mb.
#461501
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Сілтілік металдар тікелей барлық бейметалдармен, сонымен бірге сумен, 
қышқылдармен әрекеттеседі. Табиғатта тек қана байланысқан түрде (хлоридтер, 
силикаттар, сульфаттар) кездеседі. Сілтілік металдардың жоғары реакциялық 
қабілеттерін ескеріп, оларды керосиннің немесе парафин майының (сұйық қаныққан 
көмірсутектер) астында сақтайды. Топтың негізгі топшасының металдары Бериллий Ве, 
магний Mg, кальций Ca, стронций Sr, барийBa және радий Ra периодтық жүйенің IIА 
тобын түзеді. Үш металл сілтілікжер металдар топшасын құрайды. Өқлай аталу себебі, 
олардың оксидтері алхимия кезеңінде «жер» деп аталған, ал оларды суда еріткенде 
сілтілер алынған. Магний, кальций, стронций, барийді таза күйінде ағылшын химигі 
Г.Дэви 1808 ж., бериллийді металл түрінде 1828 ж. Неміс химигі Ф.Велер, сондай-ақ 
радиоактивті металл радийді 1910 ж. француз химиктері П. Кюри мен М. Кюри алған. 
Бериллий – химия тарихына ғылыми пікірталастың элементі ретінде енгізелген. Д.И. 
Менделеев оның атомдық массасын түзетіп, периодтық заңының дұрыстығын 
дәлелдегені сендерге белгілі. Зерттеулер Менделеевтің болжауларының растығын 
дәлелдеді. Атомдардың құрылысы және химиялық белсенділігі. Бұл топшаның барлық 
өкілдері s– элементтері. Жай заттары – типтік металдар. Бериллий топшасы элементтері 
атомдарының сыртқы деңгейінде екі электроннан бар. Оларды беріп жіберіп, 
қосылыстарда тұрақты +2 тотығу дәрежесін көрсетеді. Топшаның барлық металдары – 
күшті тотықсыздандырғыштар, бірақ сілтілік металдарға қарағанда едәуір әлсіздеу 
Cудың кермектігі— құрамында кальций (Са
2+
) мен магний (Мg
2+
) иондарының 
(негізінен карбонат түрінде) болуынан қалыптасатын судың қасиеті. 
Cудың кермектігі көрсеткіші 1 литр судағы миллиграм-эквивалентпен (мг-экв/л), кей 
елдерде градуспен өлшенеді. Табиғи сулардың кермектігі өте кең ауқымда ауытқиды: 
тайга мен тундра белдеміндегі өзен, көлдерде 0,1-0,2 мг-экв/л-ден кейбір жер асты 
сулары мен мұхит, теңіз суларында 80-100 мг-экв/л-ге дейін. Кермек су тұщы болса да, 
нашар сабындалады, бу қазандықтарының қабырғаларына тат түзеді, қант, былғары 
және басқа да көптеген өнеркәсіп салаларында пайдалануға жарамайды. Cудың 
кермектігі анықтамасы бойынша: жалпы, уақытша (жойылатын), тұрақты, карбонаттық, 


қалдық болып бөлінеді. Жалпы кермектік суда кальций мен магнийдің барлық 
тұздарының болуынан қалыптасады. Уақытша және карбонаттық кермектік онда 
кальций мен магнийдің тек гидрокарбонаттық (HCO
3
)және карбонаттық (СО32~) 
тұздарының болуымен байланысты. Мұндай кермектілікті суды қайнату арқылы 
кетіруге болады. Тұрақты (жойылмайтын) кермектік жалпы және жойылатын 
кермектіктердің айырымына тең. Қалдық (бейкарбонаттық) кермектік жалпы және 
карбонаттық кермектіктердің айырымына тең. Біздің елімізде судың кермектігі 1 дм
3
судағы Са
2+
мен иондарының миллиграмм-эквиваленттік мелшерімен көрсетіледі. 
Кермектіктің бір мг-экв-ті 20,04 мг/дм
3
кальций мен 12,16 мг/дм
3
магнийдің 
косындысына тең. Шетелдерде cудың кермектігі неміс (H°), француз (F°), ағылшын 
және американ (А°) градусымен өлшенеді. Осы өлшемдермен салыстырғанда 1 мг-экв - 
2,8 Н°, 5,0 F°, 3,5 А° ағылшын, 50,0 А° американ градусына тең. Табиғи сулар кермектік 
дәрежесіне қарай бес топқа бөлінеді: өте жұмсақ су (1,5 мг-экв-ке дейін), жұмсақ су 
(1,5—3,0 мг-экв), орташа кермек су (3,0—6,0 мг-экв), кермек су (6,0—9,0 мг-экв) және 
өте кермек су (9,0 мг-экв-тен жоғары). Қазақстанда ауыз су ретінде жалпы кермектігі 
7—20 мг-экв болатын жер асты сулары пайдаланылады. 
Табиғи сулар кермектік дәрежесіне қарай: 
• 

өте жұмсақ су (1,5 миллиграм-эквивлентке дейін

жұмсақ су (1,5-3,0 миллиграм-эквивлентті

орташа кермек су (3,0-6,0 миллиграм-эквивлентті

кермек су (6,0-9,0 миллиграм-эквивлентті

өте кермек су (9,0 миллиграм-эквивленттен жоғары
болып бес топқа бөлінеді. Қазақстанда ауыз су ретінде жалпы кермектігі 7-20 
миллиграм-эквивлентті табиғи сулар пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет