1. Атом құрылысының заманауи теориясы атомдағы электрондар күйі, квант саны



Pdf көрінісі
бет2/53
Дата28.09.2022
өлшемі1.22 Mb.
#461501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Атомдағы электрондардың күйі. 
Атом өте ұсақ бөлшек болғандықтан, ондағы электронның қозғалысы микродүниенің 
қозғалу заңдылықтарына бағынады. Электрондар ядро сыртындағы кеңістікті біртіндеп 
толтырады, электрондардың орналасу заңдылықтарын білу элементтің физикалық және 
химиялық қасиеттерін анықтау үшін қажет. Электрон ядроны одан белгілі бір 
қашықтықта (энергия қорының шамасына қарай) айналып жүру мүмкіндігі ең жоғары 
кеңістіктің бөлігі орбиталь - электрондық бұлт деп аталады. Қозғалыстағы электрон 
бұлтының пішіні әр түрлі болады: шар тәрізді, олар s әрпімен белгіленеді. р-электрондар 
гантель тәрізді, олардан басқа d - деңгейшелері де болады.
Химиялық әдебиеттерде s-орбитальді s-деңгейше, р-орбитальді р-деңгейше деп те 
атайды. s-орбиталь кеңістікте бір түрде ғана орналасады, оны бір кванттық ұяшықпен
ал р-орбиталь кеңістікте үш түрлі (х, у, z бағыттарында) орналаса алатындықтан оны үш 
кванттық ұяшықпен белгілейді. 
Енді элементтердің электрондарының орналасуын көрсететін формулаларына көшейік. 
Сутек атомында бір ғана электрон бар, ол бірінші энергетикалық деңгейде s-деңгейшеде 


орналасқан, олай болса сутек атомының электрондық формуласы 1s
1
болады, ал гелий 
атомыныкі — ls
2

Атомда электрондар ядроны айнала қозғалуынан басқа өз білігінен де айнала алады
Жердің Күнді айналуымен бірге өз білігінен де айналатыны сияқты. 
Электронның өз білігінен айналуын спин деп атайды, электрон сағат тілінің қозғалыс 
бағытымен немесе оған қарама-карсы бағытта қозғалады, ол формулада бір кванттық 
ұяшыкта екі электронды орналастырғанда бағдаршаларды қарама-қарсы жазу арқылы 
көрсетіледі. Мысалы: H 1s
1
дара бір электрон болса, ал гелий атомында 1s
2
. Осындай 
формулалар атомның электронды-құрылымдық формуласы деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет