1. Атом құрылысының заманауи теориясы атомдағы электрондар күйі, квант саны


 Химиялық реакциялардың жіктелуі. Тұздар гидролизі. Химиялық



Pdf көрінісі
бет5/53
Дата28.09.2022
өлшемі1.22 Mb.
#461501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
5. Химиялық реакциялардың жіктелуі. Тұздар гидролизі. Химиялық
реакциялардың жылу эффектісі. 
1. 
Химиялық реакциялардың жіктелуі. 
2. 
Тұздар гидролизі. 
3. 
Химиялық реакциялардың жылу эффектісі 
Химиялық реакциялар әртүрлі сипаттарына сай жіктеледі: 
1. Жылуды бөліп шығару немесе сіңіру сипатына қарай. Жылу бөле жүретін 
реакцияларды экзотермиялық деп атайды. Мысалы, сутегі мен хлордан хлорсутектің 
түзілу реакциясы: 
Н

+ С1
2
=2НС1, ΔН= –184,6 кДж. 
Қоршаған ортадан жылу сіңіре жүретін реакцияларды эндотермиялық деп атайды. 
Мысалы, жоғарғы температурада жүретін азот пен оттектен азот (II) оксидінің түзілу 
реакциясы: 
N
2
+ О
2
=2NО ΔН=180,8кДж. 
Реакция нәтижесінде бөлініп шыққан немесе сіңіріп алынған жылу мөлшерін процестің 
жылу эффектісі деп атайды. Әртүрлі процестердің жылу эффектісін зерттейтін химия 
бөлімін термохимия деп атайды. 


Реакциялардың жылу эффектісі келтірілген химиялық теңдеулерді термохимиялық 
теңдеулер деп атайды. Мұндай тедеулерде формулалар алдындағы коэффициенттер 
заттардың моль санын көрсетеді, сондықтан да бөлшек сандар болуы мүмкін. 
Реакцияның жылу эффектісі температура мен қысымға тәуелді болғандықтан оны 
қалыпты (стандарттық) жағдайға келтіру келісілген: температура 25°С (298 немесе 
дәлірек, 298, 15 К), қысым р = 101325 Па≈10ІЗ кПа. Термохимиялық теңдеулерде 
әрекеттесетін заттардың күйі көрсетіледі: кристалды (к), сұйық (с), газ (г), еріген (е) 
және т. б. 
Жылу эффектісін ΔН деп белгілеу (дельта аш деп оқылады) қабылданған, 
килоджоулмен (кДж) өрнектеп реакция теңдеуімен анықталған заттың моль санына
шағады. Жылу эффектілерінің таңбалары эндотермиялық процестер үшін оң (жылу 
сіңіріледі ΔН>0) және экзотермиялық процестер үшін теріс (жылу бөлінеді ΔН<0) деп 
алынған. 
Реакцияның жылу эффектісінің ΔН мәнін түсіндіреміз. Әрбір заттың белгілі бір 
энтальпиясы (жылу қоры) болады. Энталытия (оны латынша ДН әрпімен белгілейді) зат 
түзілгенде жиналатын энергияның мөлшері. Тұрақты қысымда реакцияның жылу 
эффектісі ΔН — реакцияның соңғы өнімдерінің энтальпиясы ( Н соңғы деп белгілейді) 
мен алғашқы әрекеттесуші заттардың энтальпиясының (Н баст. деп белгіленеді) 
айырымына тең, яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет