47
Мектептегі өзін-өзі басқарудың инновациялық жүйесінде адам мен
қоршаған әлем арасындағы қатынастардың көп деңгейлі жүйесі
ретінде
салауатты өмір салты бағдарламасы болуы керек, дамудың әмбебап
заңдылықтары мен алгоритміне сәйкес кезең-кезеңмен қалыптасуына, адамның
тікелей және кері себептік қатынастар кешенін құруға ықпал етуі керек.
Өзін – өзі басқарудың инновациялық жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі-
шығармашылықтың жеке және ұжымдық формалары арқылы адамның:
жауапкершілік,
тұрақтылық, ізгі ниет және қатысу секілді негізгі қасиеттерін
тәрбиелеуге ықпал ету.
Мектептегі өзін-өзі басқару деңгейлері
Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымы төрт деңгейлі:
1-деңгей. Сыныптардағы өзін-өзі басқару:
сынып жиналысы, сынып
активі, жұмыс секторлары.
2-деңгей. Мектептің өзін-өзі басқаруы: мектеп активі.
3-деңгей.
1. Жалпы мектептік оқушылардың өзін-өзі басқаруы: жоғары сынып
оқушыларының Кеңесі.
2. Жалпы мектептік өзін-өзі басқару: мектеп кеңесі: оқушылар, ата-аналар,
мұғалімдер.
4-деңгей. Жалпы мектептік конференция.
2.5 Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Қамқоршылық кеңес және оның қызметін ұйымдастыру
Қамқоршылық кеңестің мақсаттары:
білім беру ұйымдарына жәрдемдесу, бекітілген жарғылық функцияларды
орындау;
білім беру ұйымының білім алушылары мен педагогтары үшін
қажетті
жағдайлар жасау;
білім беру ұйымдарына қаржылық қолдау көрсету, материалдық-
техникалық базаны нығайту;
білім беру ұйымын одан әрі дамытуға жәрдемдесу.
Қамқоршылық кеңестің қызметі «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі
Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына
сәйкес әзірленген
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру
ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен» реттеледі.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен,
ата-аналар
комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік
органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл
жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: