А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет45/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   165
Маркетинг (1)

4.9. Зерттеудің пайдасы
Бұл үшін сауалнамада қолданылғандардан өзге де құралдарды 
пайдалану керек. Сауалнама халықтың іс-əрекетін білуге кө-
мектеседі, бірақ осындай əрекетке неліктен барады деген сұраққа 
жауап бере алмайды. 
Сондықтан, мотивацияны зерттеу жасырын іс-əрекет құры-
лымдарын табуға, яғни адамдардың қандай да бір мəселелерінен 
туындайтын психологиялық факторлардың байланысын жəне 
олардың қалай дамитындығын білуге арналған. 
Мұндай саралау басқаларға қарағанда мынандай жағдайларда 
пайдалы болып табылады: 
— сауалнама жүргізу жолымен алынған деректерге қосымша 
мəліметтерді білу қажет болғанда; 
— анық жəне айқын байқалғандардан да ары қарай жылжу 
қажеттігі туындағанда; 
— үлкен ықтималдылықпен сатып алу актісіне əкелетін 
қабылдау үрдісін анықтау керек болғанда; 
— бəсекелестердің маркаларының арасында марканың жақсы 
жақтарын бөліп көрсету қажеттігі туындағанда; 
— ертеңгі күннің құбылмалы жағдайында тауардың орнын табу 
керек болғанда. 
4.10. Затты қабылдау жəне сатып алу актісі
Мəселе. Біз — сатып алу бөлімінің тікелей əрекет жасап, соңғы 
тұтынушыға дəлелдер келтіріп, тауарды сатып алуға көзін жеткізе 
алмайтынын жақсы білеміз; біз сатып алушының шешім қабылдау 
қабілеттілігіне емес, қабылдауына ғана əсер ете аламыз. 
Бізге қалай да тауарды сатып алу туралы шешім қабылдауға 
алып келетін, өзіміз үшін жағымды іс-əрекетке қол жеткізуге 
мүмкіндік беретін əдісті табу керек. 
Сонымен, мəселе — тауарды адамдардың қажеттіліктері мен 
тілектеріне сəйкес келеді деп есептеумен қатар, сатып алу туралы 
шешім қабылдауға түрткі болатындай дəрежеде сипаттауда. 
Бұдан шығатыны, тұтынушыға немесе пайдаланушыға барлық 
өндіріс пен өткізудің соңғы кезеңі — тауарды сатып алу актісін 
жасауға түрткі болатын қабылдауын зерттеу керек. 
Қабылдау. Ж. Шевальенің айтуынша, қабылдау таңдау мен 
дұрыс мағынаны ұсынады. Ол саралау сипатында болады жəне 
біздің болашақ əрекетімізді анықтайды. 
Қабылдау — бұл заттың белгілері мен қасиеттерінің пассивті 
бейнесі емес, іріктеу, яғни осы нысанға жақындаудың неме-
се қашықтаудың бірінші талпынысы болып табылатын, затты 
құрылымға қосу мақсатында белгілі бір дəрежеде қайта өзгерту 
жəне қайта жасау. 
Қабылдау жəне іс-əрекет. Бұл бір қызметтің үздіксіз үрдісінің 
екі жағы ғана. Əрбір бөлшек екіншісімен байланыста болатын бұл 
қозғалыста қабылдаудың тұлғаны нысанға бейімдеудің нақты 
əдісі болып табылатындығы жақсы байқалады, осыған сəйкес 
əрбір адамның өз қажеттіліктерінің, тілектерінің немесе жағымсыз 
реакцияларының қатарына қосу үшін нысанды ойша жаңғырту 
мүмкіндігі адамның түрткі болатын бастамасын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет