124
125
көлемде сатып алғанды жөн санайды. Бұған қоса, өндірушілерге
сағат 9-дан 17-ге дейін өнімді фабрикадан сатқан, сонымен қатар,
сауда қызметкерлерінің аз болғаны жөн болар еді. Тұтынушы
тұрғылықты жерге
жақын маңда сауда жасағанды, дүкенге
демалыс күндері жəне кешкі уақытта барғанды қалайды жəне оған
сауда қызметкерінің көмегі міндетті түрде қажет болады. Сұрыптау
үрдісінің көмегімен делдарлар өндірушілер мен тұтынушылардың
арасындағы барлық қиындықтарды жеңе алады.
Тауар қозғалысының қызмет көрсету деңгейі келесі факторларға
байланысты:
— тапсырыстың орындалу жылдамдығына (тапсырысты жөнел-
ту уақыты мен тауарды алғанға дейінгі уақыт);
— арнайы тапсырыс бойынша тауарды жылдам жеткізу мүм-
кіндігі;
— егер тауардан ақау табылса, жеткізілген тауарды кері қа-
былдауға жəне тауарды сапалы тауарға алмастыруға дайын болу;
— сатып алушының қалауы бойынша жүкті тиеудің түрлі
партиялығын (бір көлік орны ретінде қарастырылатын өнімнің
орауыштағы саны) қамтамасыз ету;
— көліктің анағұрлым сəйкес келетін түрін пайдалана білу;
— қызмет көрсетудің жоғары дəрежеде тиімділігі;
— жақсы жолға қойылған қойма торабы;
— өндірістен алынып
тасталған тауарларды қосқанда, номен-
клатурадағы барлық тауарлардың қосалқы бөлшектерінің болуы;
— тауар қозғалысының сатып алушыларға қызмет көрсетілетін
баға деңгейі. Жақсы жұмыс істейтін тауар қозғалысы тапсырысты
алғаннан кейінгі тауарды жеткізу мерзімі жеткізудің қашықтығына
қарамастан уақытылы болатынына кепілдік береді, ал осы мер-
зімдегі тапсырысты орындау ықтималдығы 91—96 %-ға тең.
Тауар қозғалысы қызметінің жұмыс тиімділігін бақылау үшін
жалпы шығындар формуласы пайдаланылады:
D = T + F + W + S,
D — тауар қозғалысындағы шығын сомасы, T — көлік шығын-
дары, F — тұрақты
қойма шығындары, W — айнымалы қойма
шығындары, S — кепілдендірілген мерзімде орындалмаған тап-
сырыс құны.
Тауар қозғалысы жүйесінің басшылары жеткізу тəсіліне,
жүйедегі аралық звенолардың санына, орналастыру мен қойманың
көлеміне, т.б. байланысты осы соманы барынша азайтуға ұмты-
луы керек.
Сондықтан, қарастыралатын ұсыныстардың көп нұс-
қаларының болуы — тауар қозғалысын жобалау мен бақылау
кезінедегі міндетті шарт.
Достарыңызбен бөлісу: