ТГО 143 СТРАНИЦ Instagram @magistratura_kaz
Материалы 2020 года
#27.
Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктердің бірі. Қазақ «құмырсқадай
қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер
айтпаған. Осы
құмырсқадай тынбай талаптанып, зерттеу жүргізіп жүрген
мирмекологтардың арқасында құмырсқалар туралы көптеген қызықты деректер белгілі
болды.
Бүгінгі жер бетінде 10 квадрилион, яғни оның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен.
Құмырсқаның жұмыртқасы – жұмыртқа емес, енді дамып келе жатқан дернәсіл күйінде
болады. Оны Африка мен Азияда тағам ретінде қолданады. Себебі құрамы ақуызбен майға
толы. Бір құмырсқа өзінің жемтігін тапқан соң, басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе
алады. Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе, құмырсқалар бір жол бойымен жүріп
отырып, азық табуды үйретеді.
Құмырсқалар отарын құратын аналығы, негізінен, 5-6 жыл, кейде 12 жыл өмір сүреді.
«Мирмекологтар» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз
$$
құмырсқаларды зерттейтін мамандар
$
ара мен құмырсқаларды зерттейтін ғалымдар
$
сирек кездесетін материалдар
$
жәндіктер туралы еңбектер
$
жәндіктерді зерттейтін ғалымдар
#28.
Келесі тапсырмалар төмендегі мәтін бойынша.
Тіл адам қоғамында өмір сүріп, оның «қажетін» жүзеге асыратын құрал болғандықтан, тіл
білімінің әлеуметтік лингвистика деп аталатын саласының атқарар қызметі де, ғылыми
маңызы да ерекше. Әлеуметтік лингвистика
тілдің қоғамдық сипатын, стильдік
саралануын,
әлеуметтік ерекшелігін, қоғамдағы қостілділік,
көптілділік мәселелерін,
тілдік жағдай, тілдік саясат ұғымдарын және т.б. айқындауға мүмкіндік береді. Ол
тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру формасына,
қоғамдық
қызметінің ауқымы мен сипатына қатысты айқындалатын тілдердің қызмет ету
ерекшеліктерін қарастырады. Тілдің барлық белгілерін
оның қоғамдағы орнымен,
әлеуметтік өзгешелігімен байланыстырды. Тілдің әлеуметтік деңгейін анықтау, оның
қоғамдық танымын саралау және қоғамдық сананы қалыптастырудағы атқарар қызметін
талдап көрсетумен тығыз байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: