Артериялардыњ жедел бітелу синдромы дегеніміз – белгілі бір ќантамырлар болейнінде кенеттен ќан аѓымыныњ б±зылысы



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата02.10.2022
өлшемі105.9 Kb.
#461801
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-61886

Клиникалық корінісі 
Жедел артерияның бітелуі – полиморфизммен ерекшеленетін аяқ-қолдың жедел


ишемия синдромымен көрінеді.
*Зақымдалған аяқ-қолдағы ауру сезім – жиі жедел артерияның бітелуінің
бірінші белгісі. Әсіресе эмболия кезінде ауру сезім айқын болады.
*Жансыздану сезімі, мұздау, парестезия – патологиялық жағдайдың
патогномикалық симптомы. Науқастың аяғында салмақ түскен секілді сезім,
құмырсқа жүрген секілді, электр тоғы өткен секілді, ұсақ инелер кірген секілді
сезім болады.
*Терінің түсінің өзгеруі. Барлық терісі бозарады, оған көгерген түс қосылады,
ауыр ишмемия болғанда 
“мыраморлық сурет” пайда болады.
*Дистальді окклюзияның барлық деңгейінде артерияның пульсациясы
жоғалады. Бұл симптон – ең бір клиникалық белгінің бірі. Бұл симптон арқылы
қосымша аспаптық зерттеу әдісінсіз эмбол немесе тромбтың қай жерде
орналасқанын анықтауға болады. Пальпациямен бірге аорта мен ірі
магистряльді артерияның аускультациясы жүргізіледі. Систолалық шудың
естілуі проксимальді орналасқан қан тамырдың стеноздық зақымдалуына
күмәндандырады, бұл зерттеу тактикасы мен емін өзгертуге алып келеді.
-Сан артериясында пульстің болмауы мықын артериясының окклюзиясын
дәлелдейді. Егер пульс екі жағынанда анықталмаса, кедергі аортаның
бифуркация деңгейінде пайда болған. 
Сан артериясының эмболиясы(тромбозы) тізе асты ойығындағы пульсацияның
жоғалуына алып келеді. 
Егер ол анықталып, табан артериясында пульс болмаса, онда тізе асты
артериясының бифурпациясында окклюзия бар деген мағына.
Бұғана асты артериясының окклюзиясы барлық шеткі пульстің жоғалуына алып
келеді.
Егер бұл зонада анықталып, дистальді бөлігінде пульс жоғалса, қан
айналымдағы кедергі иық артериясында орналасады. Шынтақтың иілген
аймағында иық артериясының пульсі анықталып, қар-білезік буынында
пульстің болмауы иық артериясының бифуркациясында окклюзияның болғанын
білдіреді. 
· Тері температурасының төмендеуі дистальді бөлігінде айқын.
· Беткей және терең сезімталдық жеңілден толық анстезияға дейін бұзылады.
Сезмталдықтың бұзылысы 
"чулок" типі тәрізді.
· Аяқ-қолдың белсенді қозғалысының бұзылысы айқын ишемия түрінде және
бұлшық ет күшінің төмендеуі түрінде (парез) немесе белсенді қозғалыстың
бірінші дистальді бөлікте, сосын проксимальді буындарда болмауы, яғни аяқ-
қол толық қозғалыссыз қалғанымен (паралич)көрінеді. 
Проксимальді шекарасының ишемиялық бұзылысы окклюзия деңгейіне
байланысты.
·Ауыр ишмемия кезінде ишемирленген бұлшық етті пальпациялағанда ауру


сезім анықталады, болжамы жақсы емес. Жиі балтыр бұлшық еттерінің ауру
сезімі анықталады, кең көлемде окклюзия болғанда сан бұлшық еттерінің ауру
сезімі анықталады.
·Сирақ бұлшық етінің субфасциальді ісінуі – ауыр ишемияның белгісі. Ол
шектен тыс тығыздылығымен және аяқтың тізе буынынан жоғары таралуымен
сипатталады. Ісіну сирақтың барлық бөлігін қамтуы мүмкін(тотальді) немесе
алдыңғы немесе артқы бұлшық ет тобымен шектелуі мүмкін. 
·Ишемиялық бұлшық еттік контрактура – жедел артериялды бітелудің бастапқы
некробиотикалық көріністерін дәлелдейтін симптом.
Дистальді контрактураны бөліп қарастырғанда, аяқ-қолдың дистальді
буынында қозғалыс шектеледі, тотальді контрактура, қозғалыс барлық
зақымданған буындарда шектеледі. 
Клиникалық көріністің әр түрлі және айқындалу дәрежесі әр түрлі факторларға
байланысты, бәрінен бұрын зақымдалған аяқ-қолдың қан айналымына
байланысты. Қан айналымы бұзылысы айқын болған сайын, ишемияның
көрінісі айқындала түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет