Issn 305-9397. Ғылым және білім. 2022. №1-1 (66) issn 2305-9397



Pdf көрінісі
бет314/338
Дата03.10.2022
өлшемі7.12 Mb.
#461821
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   338
Журнал Наука и образование №3-3(68) 2022

______ ____________________Техникалық ғылымдар 
262 
Биометриялық сәйкестендіру тәсілдерінің кӛпшілігі қиындықтардың бірдей тҥрлеріне 
кездеседі: максималды дәлдікті қамтамасыз ететін ақпаратты ӛңдеудің математикалық 
алгоритмін таңдау; барынша ыңғайлы және барынша тиімді аппаратураны жасау; 
кӛрсеткіштерді тіркеу кезінде пайда болатын кедергілерді немесе бҧрмалануларды жеңу. 
Мҧндай қиындықтар сәйкестендірудің барлық биометриялық тәсілдеріне тән және сәтті шешілу 
дәрежесімен 
ғана 
ерекшеленетіндіктен, 
биометриялық 
технологиялардың 
нақты 
ерекшеліктеріне толығырақ тоқталамыз. 
Саусақ іздері бойынша сәйкестендіру (дактилоскопия) 
Дактилоскопия – бҥгінгі кҥні қол жеткізуді басқарудың биометриялық жҥйелерінде 
қолданылатын ең кең таралған технология. Технология адамдардың саусақтарында 
папиллярлық ӛрнектердің бірегейлігіне негізделген. Сканер арқылы алынған саусақ ізі сандық 
кодқа айналдырылып дерекқорда сақталады, содан кейін бҧрын енгізілген және ӛзгертілген 
"саусақ ізі кодтарымен" салыстырылады. 
Саусақ ізі арқылы биометриялық қол жетімділікті басқарудың басқа биометриялық 
жҥйелермен салыстырғандағы артықшылықтары: қолданушыға ыңғайлы болуы; алгоритмдерді 
қҧрудың және қолданудың қарапайымдылығы; тәсілдің сенімділігі; қол жетімділігі (оның 
ішінде бағасы) және қолдану жылдамдығы, саусақ ізін сканерлейтін қҧрылғылардың жоғары 
сенімділігі. 
Осы тәсілді қолданудың негізгі кемшіліктері: папиллярлық ӛрнектің ҧсақ сызаттармен, 
кесулермен, химиялық реагенттермен бҧзылуы; терінің шамадан тыс қҧрғауымен кейбір 
сканерлердің басып шығаруды оқи алмауы. 
Алайда, бҧл тәсілді прокторинг жҥйесінде қолдану тиімді емес, мҧнда алдау әрекеттері 
жеңіл іске асырылуы мҥмкін, мәселен білім алушы саусақ ізі арқылы сәйкестендірілуі, бірақ 
басқа адам бақылау шараларын орындауы мҥмкін. 
Беттің қҧрылымы бойынша сәйкестендіру 
Бетті тану кеңістіктік экстраполяция және беттің кӛлемді моделін қҧру мҥмкіндігімен 
немесе жазықтықтағы (2D) бет кескініндегі бақылау нҥктелері жҥйесін қҧрумен ерекшеленетін 
2D және 3D тәсілдеріне бӛлінеді [2]. 
2D технологиясы тегіс, екі ӛлшемді кескінді береді. Бетті тану бағдарламасы беттің 
параметрлерін оқиды және физикалық және математикалық белгілердің ең аз жиынтықты 
кескіндерін береді. 
Адамды оның портретінен тану - адамның бет-әлпетін талдауға тікелей байланысты 
бірқатар міндеттердің бірі (1-сурет). Адамдарды сәйкестендіру кезінде суреттерді алдын-ала 
ӛңдеудің ішкі бағыттары ретінде қарастыруға болатын фотосуреттердегі бет аймағын 
автоматты тҥрде іздеу және бет әлпетін автоматты тҥрде таңдау сияқты міндеттермен қатар, 
бет-әлпетті тануға байланысты емес басқа да міндеттер орын алған [3]. 
Сурет 1 – Адам бетінің кескінін талдаумен байланысты міндеттердің жіктелімі 
2D технологиясының басым жақтары мен осал тұстары 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   338




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет