Екіншіден, әкімшілік шараларды әсіресе салық және кеден ережелерін одан әрі
жұмсарту. Сыбайлас жемқорлық деңгейін түсіру үшін
олар анық, түсінікті,
қарапайым, яғни бәріне белгілі болуы тиіс. Ақпарат пен құжаттарға қойылатын
талаптарды азайтып, өте төмендету керек. Әкімшілік істерін жетілдіру лауазым
иелері мен клиенттердің
жеке байланысын шектейді, сондай-ақ есеп беру мен
санкциялардың орныққан формасын азайтады.
Үшіншіден, адам ресурстарын басқару тиімділігі жетімсіз. Әкімшілік сыбайлас
жемқорлықпен құқық бұзушылық сот тәжірибесін сараптау
кінәлілердің негізі
мемлекеттік қызметкерлердің төменгі сатысындағылар екенін көрсетеді. Олардың
еңбекақы деңгейі және әлеуметтік қорғалмауы сыбайлас жемқорлыққа
экономикалық баспалдақ, негіз болып отыр. Бұл
мемлекеттік секторда жұмыс
істейтіндерге жоғары кәсіби талап қоюға мүмкіндік беретін шаралар кешенін енгізу
керегін айтады; сондай-ақ еңбек ақы жүйесін енгізу, мемлекеттік қызметкерлердің
іскерлік қабілетін, кәсіби біліктілігін объективті,
дұрыс бағалап қызметте
жоғарылату;
Төртіншіден, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың шығу себебінің
мониторингі жоқ. Сыбайлас жемқорлық механизмі мен факторларының ізін кесу
қажеттігі, оның
деңгейі мен құрылымын бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
шаралардың тиімділігін талдау оны енгізуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлықты
болдырмау мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда
ішкі бақылау жүйесін енгізу үшін негіз жоғарыда
айтылған бағалау болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: