Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


Тәуелсіз директорлар және оның рөлі



Pdf көрінісі
бет78/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Тәуелсіз директорлар және оның рөлі 
Тәуелсіз директор - мемлекетке, компанияның менеджментіне және 
компанияның ірі акционеріне тәуелді емес, компанияның директорлар кеңесінің 
мүшесі.
Тәуелсіз директордың позициясы алғаш рет жиырмасыншы ғасырдың 80-90 
жылдарында Ұлыбритания мен АҚШ
-
та мысал үшін газет магнаты Роберт Максвел 
сияқты әйгілі корпорациялардың дау-дамай туғызған бірнеше тоқыраулардан кейін 
пайда болды. Қаржылық бақытсыздықтың орын алу себебі менеджменттің бұрыс 
әрекеттері мен директорлар кеңесінің мүшелерінің сыбайлас жемқорлығы. Ірі 
инвесторлар - тұрғындардың ақшаларын тартқан пайлық, инвестициялық, 
трастолық және басқа да қорлар мен компаниялар компанияның басты бақылаушы 
органына тәуелсіз директорларды енгізуді ұсынды. Олардың міндет шеңберіне ДК 
шешімдерінің тұрақты сыртқы мониторингтау және оларды орындау және 
акционерлердің барлық топтарының мүдделерін сақтау кірді. АҚШ та қаржы 
дауының соңғы толқыны басталғаннан кейін директорлар кеңесі арасында тәуелсіз 
директорлар жартысынан аз болмау керек-бұл міндетті талап болды. Бұл 
стандартты орындамайтын компанияны қаржы қорындағы операцияларға 
кіргізбеуге болушы еді. Шыны керек, бұл ережелер Enron
-
ды шулы жабылудан 
және менеджменттің өз қызметін асыра пайдаланғанынан құтқара алмады.
Тәуелсіз директорлардың кезеңі 
i
http://www.rid.ru /
111 


«Тәуелсіз» директорларды енгізуге объективті қажеттілік ағылшын-
американдық тәжірибеде «меншіктік» және «басқару» түсініктерінің бөлінуімен 
байланысты пайда болды. Ағылшын-американдық моделдегі тәуелсіз директор – 
көптеген миноритарлық акционерлер мен қоғамды менеджменттен қорғаудың 
ерекше құралы болып табылады.  
Ішкі директорларға(inside directors) қарама-қайшылық тудыруға тиіс сыртқы 
тәуелсіз директорлардың рөлі (outside directors)өтпелі экономикада нашар 
түсіндіріледі. Жақсы жағдайда сыртқы директорлар корпорацияның «сыртқы 
кебетін» қамтамасыз етуге шақырылады. Бұл өте қиын мәселе болып табылады, 
өйткені кеңестің тәуелсіздігі меншіктік шоғырланған компаниялар үшін өте 
маңызды, өтпелі экономикасы бар елдерге тән.
Ресейде тәуелсіз директорлардың рөлі алғаш рет РАО ЕЭС айқын көрінеді, 
онда бірінші тәуелсіз директор Иван Лазерко 1999-жылы Анатолий Чубайстың 
миноритарлық акционерлерінің мүдделерін қорғады. Бір жылдан кейін өзінің Борис 
Федоров пен Иван Тырышкин атты екі жаңа серіктерінің көмегімен сот процесінсіз 
және автоматшыларсыз Анатолий Борисовичке оның жөнсіз екенін дәлелдей алды. 
Ғажап. Ғылыми емес, бірақ дәлелденген.
Бірақ мұндай жағдайлар қоғамға сирек жария етіледі, тәуелсіз директорлар 
кеңестің құрамына дау-дамайдың алдын алып, ақырын, шу шығармай келіссөз 
жүргізу үшін енгізіледі. Олардың «ұрыстың үсті» деген ұстанымы делдал ретінде
дауласқан тараптардың кездесіп, мәмілеге келулеріне мүмкіндік береді.
Тәуелсіз 
директорлар 
қабылданған 
шешімдерге 
қатысты 
оның 
бейтараптылығын, объективтілігін білдіреді. Тәуелсіз директордың «тәуелсіз» 
деген қасиетінен оның негізгі міндеттері мен компания үшін «пайдалылығы» 
туындайды. «Тәуелсіз директор» деген түсініктің өзі «қарсы жақтан» деген әдіспен 
анықталады. Жекеше алғанда, тәуелсіз директор: 
• 
Компанияның қызметкері болып табылмайды (штатқа кірмейді);
• 
Оның жақын туыстары компанияның негізгі қызметкері болып табылмайды;
• 
Компанияның қызметіне материалдық мүддесі жоқ (мысалы үшін, 
жабдықтаушы, ірі сатып алушы болып табылмайды);
• 
Компаниядан тек директорлар кеңесінің мүшесі ретінде өзінің міндеттерін 
орындағаны үшін алатын сыйақысынан басқа, сыйақы алмайды; (мысалы үшін, 
компанияның кеңесшісі болып табылмайды).
Дерек: Enron (соңғы он жылдықта ең ірі күйреу) 17 директорының ішінен тек 
екеуі ғана «ішкі» болды, ал қалған 15 директор формалды түрде «тәуелсіз» деген 
мәртебелері болды. Анығы, «тәуелсіздік» деген түсінікке анықтама беру өте қиын. 
Директордың тәуелсіздігі неден, кімнен? Зерттеушілердің көбі директорлардың 
тәуелсіздігін белгілі-бір жағдайдың контексіне байланысты қарастыру керек деген 
пікірмен келіседі: тәуелсіздік деген мүлдем болмайды, тек директор компанияның 
112 


мүддесі үшін оны өзіне қалай елестетініне, немесе өзінің мүддесі үшін немесе басқа 
тұлғалардың мүддесі үшін әрекет ететініне байланысты жағдайлар болады.
Тәуелсіздік концепциясы осылайша, жағдай тәуелсіздігімен байланысты 
болады. Қызығы, бұл концепция өңделген және жиі қолданылатын институтпен 
тоғысады: директордың компанияның мүддесі үшін қызмет ету міндеті немесе 
фидуциярлық міндеті (fiduciary duty). Директор өзінің фидуциярлық міндетіне сай 
компанияға қатысты белгілі-бір дәрежеде адал болу керек және компанияның 
мүддесінің тиселі түрде қамын ойлау керек (duty of care). Егер акционерлер 
директор өзінің фидуциярлық міндеттерін бұзды деп санаса, олардың сотқа 
жүгінуіне болады, осындай арыздар тәжірибеде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет