Дәріс кешені пән: Дәрілердің өндірістік технологиясы Пән коды: dot 2304 ббб: «Фармация»



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата10.10.2022
өлшемі488.01 Kb.
#462291
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Лекция ДӨТ 2 курс ускорен. 2020-21 каз

3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ: 
1. Шыны маркалары және оның қасиеттері.
2. Дроттарды ампулалар жасауға дайындау.
3. Ампулаларды жасау және оларды толтыруға дайындау.
 
4. Ампулаларды жуу тәсілдері. 
 
Шыны – силикаттар мен металдар тотықтарының балқытылған қоспасын салқындату 
арқылы алынған қатты ерітінді және оған қатты денелердің барлық механикалық 
қасиеттері тән. Шыны құрамына SiO
2
, Al
2
O
3
, Na
2
O, K
2
O, CaO, B
2
O
3
және т. б. тотықтар 
кіреді. 
Химиялық тұрақтылықты алюминий және бор оксидтерін енгізу арқылы 
жоғарылатады. Бұл жағдайда жаңа сапалы құрам алюмоборосиликатты қиын 
диссоциацияланатын комплекс түзіледі. Осы құрамға магний оксидін қосу оның 
термиялық тұрақтығын көтереді. Бор, алюминий және магний оксидтерінің мөлшерін 
реттеу шынының беріктігін жоғарылатады және сынғыштығын төмендетеді. 
Шыны жасауға негізгі шикізат ретінде: кварц тотығы (кремний қос тотығы) – SiO
2

нефелин – KNa
3
{AlSiO
4
}
4
; магнезит (магния карбонаты) MgCO
3
; доломит (кальций және 
магний карбонаты) – Ca ↔ Mg(CO
3
)
2
; кальцийленген сода (натрий карбонаты) – Na
2
CO
3

натрий сульфаты – Na
2
SO
4
; натрий тетрабораты – Na
2
B
4
O
7
; бор қышқылы – H
3
BO
3
; ізбес 
(әк) (кальций карбонаты) – CaCO
3
; поташ (калий карбонаты) – К
2
СО
3
қолданылады. 
Компоненттердің құрамын және олардың концентрацияларын өзгерте отырып
қажетті шыны алуға болады (кесте 6). 
Ампулалар жасау үшін шынының арнайы маркалары (түрлері) қолданылады, олар 
ОСТ 64-2-78-72 документі бойынша белгіленген. Бұл шынының келесі маркалары: НС-1, 
НС-2, НС-2А, НС-3, АБ-1, СНС-1, ХТ-1, МТО, ОС, ОС-1; 


Дәрілер технологиясы кафедрасы 
044-43/19 - (2020-21) 
28 беттің 13 беті 
«Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәні бойынша дәріс кешені 
Шынының ең маңызды қасиеті – оның химиялық төзімділігі болып табылады. 
Химиялық төзімділік шынының агрессивтік орталардың әсеріне қарсы беріктігін 
сипаттайды. 
Шыныға әртүрлі химиялық агенттер оның құрам бөліктерін еріте және коррозияға 
ұшырата әсер етеді. Шыныға әсер етуші ең зиянды заттардың бірі – су болып табылады, 
ол силикаттарды негіздерге айналдырып жібереді. Шынының жоғарғы қабаты әрқашан 
сілтілік және сілтілік-жер металдардың иондарына толы болады. Сондықтан натрий ионы 
бөлме температурасының өзінде-ақ басқа иондарға ауыса алады. Шыныға қышқыл 
ерітінділер әсер еткенде, сілті бейтараптанады. Егер ерітіндінің рН=3,0 тең және одан 
төмен болғанда (қышқыл орта), онда шыны бетінде сілті бөліну сутегі иондары 
концентрациясының өзгеруінсіз жүреді. Егер шыныға рН ортасы 3,0-тен жоғары және су 
әсер етсе, онда рН қатты көтеріліп кетеді. Осы кезде шыны бетінде кремний 
гиодрототығынан түзілген, шынының сілтілік-жер металдарымен байытылған пленканың 
пайда болуы байқалады. Сілті бөліну нәтижесінде таза кремнезем пайда болады, ол өте 
майда қоспа түрінде ерітіндіде қалқып жүреді және ерітіндіні ластайды, организмге 
зиянды әсер етеді. Ал шыныға негіздік ерітінділер әсер еткенде Si-O-Si байланысы үзіліп 
кетеді және натрий силикаты Si-O-Na түзіледі, мұнда да пленка пайда болуы байқалады. 
Ампулалық шынылардың осындай негативтік (жарамсыз) қасиеттерінің алдын-алу 
үшін шынының қасиеттерін және сонымен бірге ерітіндінің шыны компоненттерімен 
қалай әрекеттесетінін білу қажет.
Шыны сапасын анықтау.
1. Химиялық төзімділік.
2. Термиялық төзімділікті анықтау.. 
3. Шынының жеңіл балқуы. 
4. Шынының түссіздігі және мөлдірлігі.
5. Кернеу қалдығы. 
6. Жарықтан қорғағыш қасиеттері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет