Философия пәнінен лекциялар тезистері



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата10.10.2022
өлшемі0.98 Mb.
#462322
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Философия п нінен лекциялар тезистері

Ежелгі грек этикасы. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялык ілім ретінде 
қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып 
өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік 
өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен 
этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты 
"Аристотель" 
Аристотель этикасында "құба төбел" немесе "алтын орта" ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы 
маңызға ие болды. Өйткені Аристотельдщ айтуынша, екі шеткі күйлердің ортасьш таба 
білгенде, яғни не асып-тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан өте ыңғайлы 
қасиетті ұстана білгенде ғана адам ізгілікті болғаны. Мысалы, жомарттық, — "малшашпақ" 
пен "дүниекоңыздықтың" орта шені; батылдык — "көзсіз батырлық" пен "қоянжүрек 
корқактықтың" дәл ортасы; қарапайымдылык — "ұяңдық" пен "ұятсыздыктың" ортан белі 


және т.б. Жалпы, антикалық этикаға тиесілі ең негізгі үш мұратты атап өтуге болады: а) адам 
мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады, 
мораль туралы түсінігі болады деп есептеу. Мысалы, Аристотель полистің мүшесі бола 
алмайтын күлдарды тіпті де адам деп санамаған. Оларды "сөйлей алатын хайуан" ретінде 
қарастырған. Ежелгі гректер қабылдаған және өмірге енгізген этикалық құндылықтардың 
өзіндік маңызы болды. Олардың кейбіреулері мыналар: көне гректер адамгершілік 
қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде 
көне Грекия мәдениетінде "калокагатия" идеалы дүниеге келген болатын. "Калокагатия" 
термині өзінін амбиваленттілігіне (екіжактылыіына) байланысты этикада болсын, эстетикада 
болсын кең пайдаланылады. "Калокагатия" термині грек тіліндегі екі сөздің ("Kalos" — әсем, 
сұлу және "agathos" — ізгі, мейірімді) қосындысынан шыкқан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, 
бұл термин ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді. 
Гедонизм — грек тілінің "ләззат іздеу, кызыққұмарлык" деген мағынадағы сөзінен 
туындаған ұғым. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге 
келгендегі ең басты мақсаты — өмірдің қызығына бату, ләззат алу. 
Эвдемонизм — көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын 
алып қарасаңыз да, оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны — адамның бақытқа жетуі.[1] 
Философиялық құндылық 
Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-
социологиялық ұғым. 
Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 
ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы 
Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі 
көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда 
пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық 
ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін 
айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және 
субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның 
объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал 
субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа 
заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы 
қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік 
пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және 
қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына 
қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі 
нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, 
т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-
ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. 
Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті 
тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді 
құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана 
негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның 
құндылығы неде екенін зерттейді. 
Құндылық мәдениетте 
Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті 
құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. 
Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. 
Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. 


Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани 
қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының 
елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі 
ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие. 
Шынайы және алдамшы құндылықтар 
Адамның өзінің солай деп таңдауына орай, құндылық қашанда белгілі бір қанағаттанарлық 
нәрсені білдіреді. Ал материалдық және рухани қажеттіктердің өтелуі тұрғысынан 
құндылықтардың бәрін қанағаттанарлық категорияға жатқызуға болмайды.[1] 
Адамдардың немесе әлеуметтік топтардың қажеттіліктері, мүдделері жөне талғамдары әр 
түрлі болады. Сондықтан барлық құндылықтар салыстырмалы. Құндылық қатынас 
қанағаттанарлық немесе қанағаттанғысыз болып келуі мүмкін. Біреу үшін мынау, екінші 
үшін анау құнды. Олардың қайсысынікі дұрыс, қайсысы қателесіп тұрғанын релятивистік 
тұрғыдан оны ажыратып жатуда мағына болмайды. Шынайы деп — адамға пайда әкелетін, 
оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін 
қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей 
дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды айтқан жөн. Алдамшы құндылықтарға жеке 
индивидтер құндылық деп қабылдағанымен, шынында, қоғамның дамуына септігін 
тигізбейтін, оны кері кетіретін, адамды аздыратындарды айтамыз.[2][3] 
Ұлттық құндылықтар 
Әлеуметтік-тарихи тәжірибе әрбір жаңа ұрпақ өз халқының өткен тәжірибесін қайта ойлап, 
ұлттық дамудың мақсаттары мен міндеттерін айқындауымен қатар, оның перспективаларын 
тұжырымдап, нақты уақытта ұлтқа тән саяси, идеологиялық, экономикалық, мәдени 
бағдарларды, қазіргі заманғы әлемге сәйкес ұлттық сана-сезімді қалыптастыратынын 
көрсетеді. Бұл процесс ұлт тарихының аса күрделі, сыну кезеңдерінде қарқынды жүреді. 
Ұлттық сана-сезім ұлт пен адам ретінде, осы қауымдастықтың мүшесі ретінде сипатталатын 
маңызды фактор болып табылады. Жеке тұлға өзін ұлттың ажырамас бөлшегі ретінде сезіне 
отырып, өз халқының тарихын, ұлттық құндылықтарды (жазу, ұлттық тіл, рухани мәдениет 
пен тағы басқа жетістіктері), ұлттық менталитет, халықтың әлемдік мәдениет қазынасына 
қосқан үлесін бағалап, оның дамуына ықпал етеді. Ұлттық сана-сезімнің дамуы индивидтің 
өз ырымдарын, дәстүрлерін, яғни этникалық тамырын білуімен байланысқан, сонымен бірге 
осы үдерісте адамгершілік жалпыадамзаттық құндылықтарды тану маңызды. Яғни, ұлттық 
сана-сезімді дамытудағы маңызды тарап ондағы этностық, ұлттық және жалпыадамзаттық 
құндылықтардың арақатынасы болып табылады. Жеке тұлғаның ұлттық сана-сезіміне өзінің 
ұлттық қатыстылығы туралы субъектіні таныстыру, өзінің этникалығын позитивті қабылдау, 
ұлттың тарихи өткеніне, оның бүгіні мен болашағына деген көзқарас, ана тілін меңгерудегі 
белсенділік, халық мәдениетін зерделеудегі белсенділік, ұлттық мүдделер мен құндылық 
бағдарларын ұғыну және қабылдау, басқа да этникалық қауымдастықтарға қарым-қатынасты 
қалыптастыру, оның аумақтық тұтастығын сақтауға дайындық, оның байлығын арттыруға 
ұмтылу кіреді. 
Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет 
және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің 
рухани идеалдарының жиынтығы. 
Әр ұлттың дүниетанымы, ойлау түрі, темпераменті, ұлттық санасы және т. б. белгілі бір 
жолмен үйлеседі. Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән 
орнықтылық және тұрақтылықпен сипатталады. Ұлтқа және жеке тұлғаға қатысты 
менталитет бастапқыда әдеттегі-эмоционалды түрге ие болды деп айтуға болады, тек 
экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуға негізделген құндылықтардың пайда болуымен 


ғана ол көп қырлы дүниетанымдық сипатқа ие болады. Ұлттық менталитет адамның рухани 
және материалдық құндылықтарын тарихи іріктеу нәтижесінде қоршаған әлемге қарым-
қатынас жүйесінде көрініс табады. 
Жалпыадамзаттық құндылықтардың бір бөлігі ретінде ұлттық құндылықтар - құлық пен 
құндылықтар түрінде оң тәжірибені сақтаушы ұлттың өзін дамыту шарасы болып, индивид 
пен этнос өмірінің дербес факторы болып табылады. Қоғамдық қатынастардың нақты жұмыс 
істеуі оның деңгейіне байланысты. Ұлттық және әмбебап жалпыадамзаттық құндылықтар 
ұлт субъектісінің қоршаған шындыққа деген шығармашылық қатынасын көрсетеді. Адам 
өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруге, белгілі бір этнос өкілі ретінде өзін-өзі дамытуға 
қабілетті жарқын даралық ретінде жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет