Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В090700-Кадастр



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата10.10.2022
өлшемі2.71 Mb.
#462364
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Асылбек Толеcін

Геосфералық мониторинг - жер компоненттерін құрайтын динамика 
процесстерін зерттейді. 
Биосфералық мониторинг - озон қабатындағы азот құрамын 
атмосферадағы оттегі мен көміртегінің мөлшерін сипаттайтын глобальды 
процесстермен құбылыстарды бақылайды. 
Геоэкологиялық мониторинг – физико- географиялық және 
ландшафттық орта жағдайларының аймақтық ерекшеліктерін көрсетеді. Оның 
табиғи техникалық геожүйелерден пайда болу сипаты жер бедерінің 
жағдайын, гидрографиясын климаттық жағдайларын бақылауға байланысты 
болады. Бұл мониторингтің мақсаты: адамның өмір сүруіне қауіпсіз, 
әлеуметтік экологиялық жағдайда ландшафттық ортаны қорғау, қадағалау, 
пайдалану әдістерін өңдеу және ландшафттық ортаның өнімділігін арттыру 
болып табылады. 
Биоэкологиялық мониторинг- тірі организмдермен қоршаған биоорта 
жағдайының өзгерістерін бақылау, орта факторларының нормативтер 
жүйесінің көмегімен орта жағдайын бағалау жүргізеді. 
Санитарлы-гигиеналық мониторинг - адамның өмір сүруіне қауіпсіз 
санитарлы-гигиеналық жағдайын, оның тамақтануын, азық түлігін және 
адамзаттың генетикалық өзгерістерін бақылайды. Оның негізгі мақсаты - адам 
денсаулығын сақтау болып табылады
[21, 19-21 бет] 
Табиғи шаруашылықтық мониторинг - табиғи ресурстардың 
жағдайын (жанармай, энергетикалық, минералдық, өндірістік заттар, орман, 
жер, су және т.б) құрайды. Мониторингтің мақсаты-қоғамның әлеуметтік 
экономикалық дамыту, өндірісте техникамен қамтамасыз ету, табиғи 
ресурстарды тиімді пайдалануды және оны есепке алуды жүргізу.[11] 
Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай 
мемлекеттік жүйесі- табиғи ортаны бақылаудың, бағалаудың, болжаудың 
ғылыми негізделген бағдарламасы бойынша қоршаған орта жағдайын және 
экологиялық қауіпсіздікті басқаруды қамтамасыз ету үшін орындалатын 
ұсыныстармен нұсқаулар кешені. Табиғи ресурстардың және қоршаған орта
мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің объектісіне мыналар жатады: 
- қоршаған ортаның абиотикалық объектілері;
- антропогендік әсерлердің көздері; 
- табиғи ресурстар; 
- өмір сүру ортасына әсер ететін факторлар; 
- биота; 
- экосистемы және геосистемы
Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай 
мемлекеттік жүйесінің мазмұнын келесідей мониторинг жүйелері құрайды: 
- гидрометеорологиялық мониторинг; 
- санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг; 
- атмосфералық ауаның жағдайы; 


41 
- су объектілерінің жағдайы
- топырақтың және пайдаланудағы жерлердің жағдайы; 
- радиациялық мониторинг; 
- өсімдік және жануарлар әлемінің мониторингі; 
- тау экожүйелерінің мониторингі; 
- ластану көздерінің мониторингі; 
- тұрмыстық қалдықтардың мониторингі; 
- эндогенді және экзогенді геологиялық процесстердің мониторингі; 
- кен пайдалану мониторингі.[11] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет