2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет7/45
Дата12.10.2022
өлшемі0.8 Mb.
#462524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
3. ӘНХ Қазақ тілі мен әдебиеті

 
Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 
(Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 
348 бұйрығы) сәйкес білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу Қазақстан 
Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес 24 және одан да 
көп білім алушы болғанда: 
1) «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 
сыныптардағы;
2) шетел тілдері; 
3) көркем еңбек; 
4) информатика екіге бөлініп оқытылады. 
Ескертпе: 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу қазақ тілінде 
оқытпайтын барлық сыныптарда жүргізіледі. Бұл ретте жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 10-11-сыныптарда апталық сағаттық жүктеменің өзгеруімен топтарға бөлу 
сақталған. 
Мектептер оқу тіліне қарамастан, мектептен тыс және жалпы мектепішілік іс-
шараларды негізінен қазақ тілінде ұйымдастырады. 
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 
(Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 
348 бұйрығы) сәйкес білім беру ұйымдарында сынып 24 оқушымен 
толтырылған, немесе одан да көп кезде екі топқа бөлінеді: 
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті; 
2) шет тілі; 
3) информатика. 
Сыныпты екі топқа бөлуге жергілікті атқарушы органдардың шешімі 
бойынша білім беру ұйымдарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сыныпта 24 
және одан да көп білім алушы болғанда барлық орыс тілінде оқытпайтын 
сыныптарда екіге бөлу қарастырылады. 


13 
2022-23 оқу жылынан бастап сыныпты екі топқа бөлу қалалық және ауылдық 
мектептерде сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге 
асырылады (бұрын ауылдық мектептерде бөлу сыныпта білім алушылар саны 20 адам 
болған кезде жүзеге асырылған).
✓ 
«Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын 
бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына сәйкес шағын 
жинақты мектептерде жекелеген пәндер бойынша бөлу біріктірілген немесе дербес 
сыныптарда білім алушылардың әртүрлі жастағы оқуын ескере отырып, 16 және 
одан да көп білім алушы болған жағдайда жүзеге асырылады.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет