Объединение юридических лиц в форме ассоциации «общенациональное движение «бобек»



Pdf көрінісі
бет22/95
Дата20.10.2022
өлшемі1.76 Mb.
#463038
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   95
7 1 ЭКОНОМИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL 
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2022: CENTRAL ASIA» 
ASTANA, KAZAKHSTAN, SEPTEMBER 2022 
25 
негізінде жасалған қорытындылардың дұрыстығы, ұсынылған ақпараттардың сапасына 
байланысты болып келеді. Ол үшін банк бухгалтерлік және басқа да мәліметтердің нақты 
берілмеуі сияқты факторларды есепке алып отыруы керек. 
Бұл мәселені шешу үшін ақпарат көздерінің жіктелуін қарастырып өтуге болады. Бұл 
банктерге қарыз алушылардың несиелік қабілетін зерттеу үшін қажетті мәліметтерді 
талдауға көмектеседі [2, 141 – 144 бб.]. 
Рейтингтік талдау әдістерін пайдаланудан басқа, банк клиенттерінің каржылық 
жағдайын бағалаудың аудиторлық тексеру сияқты әдістерін қолдануға болады. Несиелік 
бөлім банк клиентінен ресми аудиторлық қорытындыны көрсетуді талап етуі мүмкін. Ол 
қарыз алушы тарапынан берілген кепілдіктердің бір түрі ретінде қарастырылады. 
1. Банк клиенті өзінің валюталық шоттарын растауы қажет [3,107-108бб.]. 
2. Ақпараттарды алу, тексеру және бағалау - банк үшін ең қиын жұмыстардың бірі. 
3. Сонымен қатар, несиені қайтарылуын қамтамасыз ететін кепіл мәселесі банк үшін 
айтарлықтай маңызды. Ол үшін банкке несиені өтеу көздері туралы ақпараттар және банк 
үшін қолайлы төлем кепілдер қажет (басқа банктердің кепілдері, сақтандыру полистері). 
Осылайша, банк үшін ақпарат көздері айтарлықтай маңызды болып келеді. 
Шетелдік тәжірибеде клиенттің несиелік қабілетін анықтау үшін әртүрлі тәсілдер 
қолданылады. Мысалы, 5С мен 6С ережелері, Альтман формуласы, Компари ережесі, Раrts 
ережесі, Батыс елдерінде кеңінен қолданатын «несиелік Скоринг» жүйесі. 
Жалпы, банктер тәжірибесінде жеке және заңды тұлғалардың несиелік қабілетін 
анықтауда бір - бірімен байланысты екі әдіс қолданыс тапқан. Біріншісі - логикалық әдіс, 
яғни болжау мен эксперттік бағалауға негізделген, бұл әдіс әлеуетті қарыз алушының 
қаржылық жағдайына және жеке қасиеттеріне дұрыс талдау жасауды ұйғарады.
Несиелік қабілеттілікті анықтаудың екінші бір әдісі - «несиелік Скоринг». 
Біздің мемлекетімізде Батыс елдер тәжірибесінде кең қолданыс тапқан «несиелік 
Скоринг» жүйесіне көп көңіл бөлінбейді. Бұл жүйе жеке және заңды тұлғалардың 
репутациясын анықтау процесін жеңілдетеді және де «несиелік Скоринг» жүйесі әрбір 
банктің саясатына, қолданатын заңдылықтарына, несие алушылар сипатына байланысты 
жасалуы қажет. 
Несиелік Скоринг әдісін 1941 жылы американдық Д.Дюран ұсынған болатын. 
Скоринг қарыз алушының сенімділігімен және сенімсіздігімен тығыз байланысты 
сипаттамаларды айқындап көрсетеді. 
Енді Германия, АҚШ елдеріндегі коммерциялық банктердің қолданатын қарыз 
алушының несиелік қабілетін анықтаудың Скоринг жүйесіне тоқталайық. 
Неміс банктерінің «Скоринг - формулалары» 
1. Клиенттің қаржылық мүмкіншіліктері. 
2. Мамандану дәрежесіне байланысты.
3. Соңғы жұмыс берушідегі еңбек ету мерзіміне байланыст 
.4. Қызмет ету саласына байланысты 
5. Жасына байланысты. 
6. Жанұя жағдайына байланысты: басы бос болса - 8 бал, үйленген болса — 14 бал, 
ажырасқан болса — 8 бал, тұл ер болса -8 бал. 
7. Тұрғылықты жеріне байланысты. 
8. Асырауындағы адамдар санына байланысты. 
Банктің шешімі былай анықталады: егер несие алушы 80 бал жинайтын 
болса, несие беру туралы шешімді несиелік қызметкердің өзі қабылдай алады. Ал егер несие 
алушы 61-80 бал жинаса, несие беру туралы шешімді қабылдау үшін жоғары лауазымды 
тұлғаның келісімі қажет. Ал егер несие алушы 6 балдан төмен жинайтын болса, несие 
бермеу туралы шешім қабылданады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет