INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2022: CENTRAL ASIA»
ASTANA, KAZAKHSTAN, SEPTEMBER 2022
29
Несиелер қайтарылу дәрежесіне қарай:
«В » стандартты несиелер - қайтарыл у уа қыты жетпеген, бірақ
қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер.
Күмәнді несиелер:
1 -категориялы- қайтарылатын уақытынан 30 күндей асып кеткен немесе уақыты бір
рет ұзартылған несиелер;
2-категориялы- бір рет уақыты ұзартылған, қайтаратын уақыты 30 күннен 60 күнге
дейінгі мерзімді құрайтын мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер;
3-категориялы – қайтару уақытының ұзақтығы 60 күннен 90 күнді
құрайтын, мерзімі өткен ссудалар шотына жататын несиелер;
4-категориялы - қайтару уақытының ұзақтығы 90-120 күн арасындағы мерзімі
өткен ссудалар;
5-категориялы - қайтару уақытының ұзақтығы 120-150 күн арасындағы мерзімі
өткен ссудалар;
Үмітсіз несиелер - қайтарылу уақыты 180 күннен асқан, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер деп бөлінеді.
Екінші деңгейлі банктердің соңғы жылдағы несиелік қоржын құрылымының
графигі және берген несиелері бойынша құрылған провизиялардың жағдайының
сипаты.
Несиелік тәуекел банктің өзінің активтік операцияларында кездесетін тәуекелдің
негізгі түрі болып табылады. Сондықтан да оны дұрыс бағалау және болжау банк
қызметінде ерекше маңызды рөлді атқарады. Банктің несиелік саясаттын дұрыс
ұйымдастыру оның пайыз түрінде алатын табыстарын белгілейді және халықтың сол
банкке сенімділігін арттырады.
Пайыз тәуекелі басқада тәуекелдер сияқты өзінің белгісіздігімен сипатталады.
Бұл жердегі белгісіздік пайыздық мөлшерлеменің қозғалысы мен деңгейінің болашақтағы
бағытымен байланысты болады.
Пайыздық мөлшерлеме өзгергенде банктің табыстары мен шығындары,
активтердің нарықтық құны, пассивтер және баланстан тыс шоттары да өзгереді. Бұл
өзгерістердің нәтижесі банктің пайдасы мен капиталына әсер етеді. Өзінің табиғаты
бойынша пайыздық тәуекелдер спекулятивті қаржылық тәуекел болып табылады.
Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі пайдаға немесе шығындарға алып келеді. Пайыздық
мөлшерлеменің өзгеруі экономикаға мемлекеттің араласуын төмендету және банктік
өнімдердің санын ұлғайту пайыздық тәуекелдерді басқаруды банктің қызметінде
маңызды салаға айналдырды. Осымен байланысты банктегі реттеуші және бақылаушы
органдар пайыздық тәуекелге банктердің ұшырауын бағалауға үлкен көңіл бөледі және
тәуекелді есепке алғандағы капиталға деген талаптар бойынша Базельдік Комитетінің
ұсыныстары соңғы уақытта өте өзекті мәселе болып табылады [2].
Нақты пайыздық мөлшерлеме - бұл тұтынушыны, оның табысының бір бөлігін
сақтауға қызығушылығын арттыру үшін қажетті пайыздық мөлшерлеменің деңгейі.
Пайыз тәуекелін басқарудың келесідей концепциялары бар:
1. Банктің пайыздық маржасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым пайыздық
тәуекелдің деңгейі төмен болады.
2. "СПРЕД" концепциясы немесе таза пайыздық маржа (№М). Ол бойынша
өлшенген орташа мөлшерлеме мен пассивтер бойынша төленген мөлшерлеме
арасында айырма талданады.
|