Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе


Парақтары көрсетілген негізгі әдебиет



Pdf көрінісі
бет6/73
Дата21.10.2022
өлшемі1.58 Mb.
#463112
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
кабель

Парақтары көрсетілген негізгі әдебиет
1. 
[С.21-28] 
2. 
[С.43-47] 
Парақтары көрсетілген қосымша әдебиет
1. [С.53-66] 
2. [С.21-32] 
Бақылау сұрақтары. 
1. 
«Жұлдыз» түріндегі желі топологиясының концепциясын түсіндір. 


2. 
Желінің сақиналық топологияны сипаттап бер. 
3. 
Желінің логикалық сақиналық топологияны түсіндір.
4. 
ЛВС шиналық топологияның жұмыс істеу принципінің қорытындысы неде?
5. 
Желілер топологиясының негізгі сипаттамаларын атап беріңдер. 
6. 
Иерархиялық желілердің жұмыс істеу принципінің қорытындысы неде? 
 
Дәріс 3. Тақырып 2. Тораптық шешімдерді стандарттау. Ашық жүйелердің өзара 
әрекеттесуін ұйымдастырудың эталонды үлгісі.
1. Стандартты көзі. Ашық жүйелер қарым-қатынасын ұйымдастырудың базалық 
моделі.
2. «Ашық жүйе» түсінігі. 
3. Функциональдық деңгей түсінігі. 
4. Физикалық, каналдық, тораптық, транспорттық, сеанстық және қолданбалы 
деңгейдің негізгі функциялары. 
5. «Интерфейс» және «Протокол» түсініктері. 
“Ашық жүйе” түсінігі.
OSI үлгісі, атауы көрсетіп тұрғандай (Open System Interconection), ашық жүйелердің өзара байланысын 
суреттейді. Ашық жүйе дегеніміз не?
Жалпы алғанда ашық жүйе деп кез-келген жүйені нұсқауға болады (компьютер, есептегіш желі, ОС, 
бағдарламалы пакет, басқа да аппараттық және бағдарламалық өнімдер), ол ашық спецификацияларға сәйкес 
тұрғызылған.
Естеріңізге сала кетейік, “спецификация” терминінің астарында (есептегіш техникада) аппараттық 
немесе бағдарламалық компоненттердің пішіндік суреттемесі , оларды функциялау тәсілдері, басқа да 
компаненттермен өзара әрекеттесуі, пайдалану шарттары, шектеулер мен ерекше сипаттамалар ұғымдары 
тоғысқан. Бүкіл спецификацияның стандартқа сай еместігі мәлім. Өз кезегінде ашық спецификация 
стандартқа сәйкес басылған, жалпыға ортақ және қызығушылық танытқан бүкіл тараптардың жан-жақты 
талқылап, келісімнің нәтижесінде қабылданған спецификацияларды қамтиды.
Шынайы жүйелер үшін толық құпиясыздық қол жетпес мінсіздік болып табылады. Ережеге сәйкес, ашық 
деп аталатын жүйелердің өзінде аталмыш анықтамаға сыртқы интерфейске қолдау көрсететін тек кейбір 
бөліктері ғана сәйкес келеді. Мәселен, Unix операциялық жүйелер жиынтығының ашықтығы 
қосымшаларды Unix белгілі бір нұсқасындағы ортадан екінші бір нұсқадағы ортаға өте қарапайым жолмен 
көшіруге мүмкіндік беретін, ядро мен қосымшалар арасындағы стандартталған бағдарламалық интерфейстің 
болуымен түсіндіріледі. Ішінара ашықтықтың тағы бір мысалы барынша жабық Novell Net Ware жүйесінде 
адаптерлер жүйесіне дербес өндірушілердің желілік адаптерлерін қосу үшін Open Driver Interface (ODI)
ашық интерфейсін қолдану болып табылады. Жүйені дайындауда ашық спецификация неғұрлым көп болса, 
ол соғұрлым ашық болып табылады.
OSI үлгісі ашықтықтың тек бір ғана аспектісіне жанасады, нақтырақ айтсақ есептегіш желімен 
байланысты құрылғылардың өзара әрекеттесу құралдарының ашықтығына байланысты. Бұл жерде ашық 
жүйе дегеніміз қабылданатын және жөнелтілетін хаттамалардың мазмұны мен мағынасын, форматын 
айқындайтын стандартты ережелерді пайдалана отырып басқа да желілік құрылғылармен өзара әрекеттесуге 
дайын желілік құрылғы болып табылады.
Егер екі желі ашықтық қағидасын сақтай отырып құрылған болса, ода ол келесідей артықшылықтарға ие 
болады:

желіні бірдей стандартқа сүйенетін, әралуан өндірушілердің аппараттық және бағдарламалық 
құралдарының құрастыру мүмкіндігі;

желі кампоненттерін бөгде, айтарлықтай жаңа, аз шығынмен дамуға мүмкіндік беретін 
кампоненттермен ақаусыз алмастыру мүмкіндігі;

бір желінің екіншісімен жеңіл қосылу мүмкіндігі;

желіні игеру және қызмет көрсету қарапайымдылығы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет