- тыңдаған шығарманың және сол автордың басқа да музыкалық
шығармаларының, өзге композиторлар туындыларының,
өнердің басқа
түрлерінің бір-бірімен ұқсастығын және өзгешелігін табу.
ә)
Музыкалық орындаушылық әрекетінде жоғарыда айтылған
икемділіктердің барлығы өз ерекшеліктерін сақтайды, сонымен қатар, сол
тыңдаған шығарманы өз орындауында іске асыру барысында (әнмен,
музыкалық аспаптарда ойнағанда, би қимылымен) басқа да жаңа
икемділіктер пайда болады. Оған жататындар:
- шығарманы өзінің орындауымен (жеке дауыста ән салғанда, бимен,
музыкалық аспапта) түсіндіру әрекетінде
ең алдымен интуитивті, содан
кейін белгілі бір жағдайда түсініп орындау керек;
- бір шығарманың өзі ұсынған әр түрлі нұсқаларын (варианты)
орындау керек;
- әр түрлі музыкалық талдауларды салыстырып ішіндегі ең жақсы
нұсқасын таңдау керек;
- таңдаған нұсқаның сапасын өз орындауында көрсете білу керек.
б)
Музыкалық-копозициалық шығармашылықтағы икемділік –
ұсынған параметр бойынша ырғақты, әуез-ырғақты, синтаксистік, жанрлы-
стильдік, фактуралық және тағы басқа үлгілер
арқылы музыка шығару
(жазу).
Екінші топқа жататын икемділік - өзіне жақын немесе жан-дүниесіне
қарама-қарсы музыканың әсерімен бұрынғы алған арнайы білімінің
арқасында және рефлективті (сыртқы әсер арқылы пайда болатын)
тәжірибесі негізінде
өзінің психологиялық хал-күйін реттеу.
Бұл икемділік музыкалық білім беру теориясында алғаш рет еңгізіліп
отыр. Сондықтан да, оның әлі де болса қалыптасып, дамуына біраз уақыт
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: