Сезімдік драматургия тәсілі музыка сабағында мынадай
драматургиялық мәселелерді шешуге бағытталады:
- барлық сабақтың эмоциялық векторын айқындайтын интродукция;
- сипаты жағынан әр түрлі музыкалық
туындылардың қарама-
қарсылықтары мен ұқсастықтарын шектей отырып үйлестіретін, балалар
мен мұғалімнің орындауындағы оқушының музыкалық әрекетінің
түрлеріне,
жұмыс формаларына, музыкалық шығармаларға композиция
құру;
- оқушылардың өздері айқын да
ашық музыкалық туындыларды
тыңдауы не орындауымен байланысты сабақтың сезімдік-эстетикалық
шарықтау шегінің (кульминация) көрінуі;
- сабақ мақсатының алдын-ала орындаулуы, оның сипаты мен көңіл -
күйі, жалпы сабақтың музыкалық композициясының логикалық аяқталуы.
Достарыңызбен бөлісу: