Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



Pdf көрінісі
бет32/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78
Көркемдік контекст құру әдісі (Л.В.Горюнова) – оқушылардың
музыкалық мәдениетінің «сыртқа» шығуы, басқа өнер түрлерімен
байланысы, ұқсастылығы мен айырмашылығы және тарихи байланысы бар
екенін сезінуі.
Интонация негізінде көркемдік және техникалық өзара
байланысты орнату әдісі (Е.В.Николаева). Берілген әдіс Б.В.Асафьевтің
теориясын дәлелдейді – «интонацияның» көп мағыналығы: музыка мәнінің
көркемдік түрі және музыкалық мәнерлігінің дыбыс ырғағының тазалығы
(дәлдігі). Н.Л.Гродзенская осы әдістің «сонаттық аллегро» деп аталатын
төрт кезеңін атайды:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі (вступление);
2. Мұғалімнің өз орындауындағы немесе жазбадағы (экспозиция)
туындыны тыңдау;
3. Шығарманы талдау (разработка);
4. Жоғарғы танымдық және сезімдік деңгейде ығарманы тыңдау
(реприза);
5. Музыканы қайталау, есте сақтау (кода).
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Музыкалық білім беру әдісі мен мақсатының байланысы неде?
2. Музыкалық білім беру әдісі мен мазмұнының байланысын қалай
түсінесіз?
3. Музыкалық білім берудің жалпыдидактикалық әдісті қолдану
ерекшелігін сипаттаңыз.
4. Музыкалық білім беруде қолданылатын жалпыдидактикалық
әдістердің түрлерін атаңыз.
5. Музыкалық білім берудегі салыстыру әдісін сипаттаңыз.
6. Музыка сабақтарындағы сезімдік-драматургия әдісінің мазмұнын
ашыңыз.
7. «Алға қарай» жүре отырып өткен сабаққа жаңа деңгейде қайтып
«оралу» әдісі.
8. Музыкалық жинақтау әдісінің мәні.
9. Музыка туралы толғаныс әдісін түсіндіріңіз.
10. Интонация негізінде көркемдік және техникалық өзара байланысты
орнату әдісін түсіндіріңіз.
37


VIII ТАРАУ
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ФОРМАЛАРЫ
8.1 Музыка сабағы жалпы музыкалық білім беру жүйесінің
негізгі формасы екендігі
Мектептердің оқу жоспарында міндетті пән ретінде бекітілген,
«Музыка» сабағы 1 – 4 сыныптарда аптасында 1,5 сағат, жалдық жүктеме
бойынша 51 сағат (204 сағат) көлемінде жүргізіледі. 8 - 11 сыныптарда
жыл бойына «Өнер» сабағы ретінде 17 сағат бөлінген. Сондықтан да соңғы
кездері музыка өнерінің қайраткерлері жалпы білім беретін мекемелердегі
«өнер» сабағы сағаттық жүктеменің төмендігіне наразылықтарын
білдіреді. Олар, әсіресе бастауыш сыныптарда музыка сабағын көбейтуді,
барлық мектептердігі музыка сабағына және мұғалімдеріне жағдай жасау
керектігін айтып жүр.
Қазіргі кезде білім беру Мемлекеттік стандарт бойынша бастауыш
және жалпы білім беретін мектептерде «Музыка өнері» пәнін оқыту
бекітілген. Төмендегі берілген мәтіндер (қысқартылып алынды – Н.Д.)
негізгі нормативтік құжат болып есептелуі. Осы бойынша жұмыс
жоспарларын, әдістемелік ұсыныстар, тәжірибешілік сабақты
ұйымдастыруға бағытталуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет