Сабақтың мақсаты жалпы оқу бағдарламасының
тақырыбымен
және жеке сабақтың тақырыбымен анықталады.
Түйіндейтін болсақ, сабақтың біртұтастылығы –
музыкалық білім
мазмұнын, мақсатын, әдіс-тәсілдерін, тәрбиелілігін т.б. жинақтығын
ұжымды пайдалана білу.
Музыканы оқыту теориясында әлі де
өзінің шешімін таппай келе
жатқан мәселе
– музыка сабағының типологиясы. Музыкалық білім беру
педагогикасында сабақ типтерінің әр түрлі тұжырымдары кездеседі.
Мәселен, нақты бір монографиялық тақырыпқа арналған сабақ
(«П.И.Чайковский музыкасы»); музыка өнерінің қандай-да бір
заңдылықтарын зетртеу («Интонация», «Марш», «Күй», «Халықтың
дәстүрлі музыкасы» т.б.); музыканың
басқа да өнермен байланысы
(«Музыканы біз көзбен қалай көреміз» т.б.); музыканың адамға әсері
(«Музыканың өзгертішулік күші»); музыканың қоршаған ортамен
байланыстық танымы («Музыкадағы табиғат» т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: