Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


Музыка сабағаның мазмұнында және оны ұйымдастыруда



Pdf көрінісі
бет38/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78
Музыка сабағаның мазмұнында және оны ұйымдастыруда
кететін әдеттегі кемшіліктерге жататындар:
-
тірі орындауда оқушыларды музыканың өзімен
байластырғанның орнына көп сөзділікпен музыка туралы түсіндіруге
әрекеттену;
-
әртүрлі орындаушылық репертуарға бағытталған жұмыстардың
болмауы;
-
мұғалімде хормейстрлік икемділік пен дағдының әлсіздігі;
-
оқышыларды вокалды-хорлы мәдениетіне үнемі дайындап,
дамытпаудың жетімсіздігі;
-
музыкалық-пластикалық әрекетке және музыкалық аспаптарда
ойнауға икемдік, дағдыларды әлсіздігі, жетпейушілігі. 
8.2 Оқушылармен сыныптан және мектптен тыс музыкалық
жұмыстар
Музыкалық білім бері жүйесінде музыкадан міндетті білім беру мен
қатар ерікті принципке негізделген сыныптан және мектептен тыс
оқушылар мен жұмыстар жүргізіледі. Негізгі мақсат – мектеп, мектептен
тыс мекемелер әр баланың музыкалық қызығушулуғын жоғары деңгейге
жеткізу.
Барлық мектептен және сыныптан тыс жұмыстарда хор, оркестрлік
ұжым, ансамбль, музыка сыныптары, студия, оқушылардың түрлі
музыкалық клубтары, музыкалық театрлар сияқты т.б. тұрақты
формалары бар.
Көптеген осындай музыкалық сабақ формалары кәсіби дәрежеге
жеткен. Оларда сабақтар жүйелі түрде жүргізіледі. Бірнеше жылға
бағытталған арнайы оқу бағдарламалыры да бар.
44


Сыныптан тыс және сыныптағы музыкалық жұмыстардың тағы бір
формасы – жалпыға бірдей музыкалық-ағартушылық формалар. Бұл -
әр алуан музыкалық мейрамдар, дәрістік-концерттер, музыкалық ойындар
т.б. Олардың мектептен тыс өтетін жұмыстардан басты айырмашылығы –
балалардың барлығына бірлей арналған жұмыстар. Онда балалардың
музыкаға қаблеті, қаблетсіздігі туралы сөз мұлде жоқ десе де болады.
Негізігі мақсат – барлық балаға бірдей музыка өнерін таныту, қалай да
болса музыканың сырлы да сиқырлы күшін бала жүрегіне жеткізу.
Мектептен және сыныптан тыс жұмыстар жүйесінде негізгі орын
алатын – балалардың музыкалық мектептері. Балалардың музыкалық
мектептері екі бағытта жұмыс істейді: ең алдымен балаларға жалпы
музыкалық білім беруді көздесе, екіншіден ең талапты, дарынды
балаларды кәсіби музыкант деңгейінде дайындайды.
Қорыта айтқанда – жалпы сыныптан, мектептен тыс музыкалық
жұмыстар музыка сабағымен байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет