Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


ІX ТАРАУ МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ МУЗЫКА



Pdf көрінісі
бет40/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   78
ІX ТАРАУ
МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ МУЗЫКА 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
46


Музыка пәні мұғалімінің қызметі негізінен әлеуметтік мәнге ие.
Өйткені оның әрекеті оқушы тұлғасын жалпы адамзаттық құндылықтарға
музыка өнері арқылы тәрбиелеп, баланың шағырмашылық мүкіншілігін
барынша ашуға бағытталағ.
Музыка мәдениетінің қызметкері ретіндегі мұғалімнің миссиясы да
өте жоғары, оның бұл әрекеті музыкалық-педагогикалық қызметпен нақты
көрінеді.
Музыка мұғалімнің негізгі кәсіби қызметтерін қарастырайық.
9.1 Конструктивтік кәсіби қызмет
Музыка пәні мұғалімінің бұл әрекеті жеке сабақты, сабақ блоктарын
құруға, белгілі бір идея,ойларды дамытуға бағытталаған көркемдік-
педагогикалық тәсілдердің бірі.
Конструктивтік қызмет әрбір сыныпқа қолданатын оқытушының
арнайы бағдарламасы болуын талап етумен қатар, төмендегідей
педагогикалық процестің жағдайлары мен ерекшеліктерін көрсетеді:
-
оқушылардың қаблеттілігі, қызығушылығы, музыкалық
тәжірибешілігі сияқты олардың жалпы музыкалық деңгейінің дамуы;
-
сабақ өткізудің шарттарымен;
-
оқушылардың кез-келген оқу материалдарын игеру
жылдамдығымен, олардың әр түрлі музыкалық әрекеттерді меңгеруі мен; 
-
жалпы мектеп жұмысының бағыттылығы; 
-
музыка мектептерінде көркем-гуманитарлық және басқа да
пәндердің өту ерекшеліктерімен.
9.2 Музыкалық – орындаушылық әрекет
Музыкант-мұғалім оқушыларға музыкадан тек теориялық білім беру
қана, сол берген білімді тәжірибеде көрсетіп, музыкалық туындыларды өз
орындауында оқушыларға теориямен ұштастыра жеткізе білуі тиіс. Бұған
тағы да қосатынымыз – мұғалімнің еркін әншілік дауысы болуы керек. 
Музыка мұғалімінің музыка –орындаушылық қызметі педагогикалық
негізгі бағыт-бағдары төиендегідей болуы тиіс:
-
балалар аудиториясына бейімделуі;
-
өз музыкалық орындауында балаларды музыкаға тарта білуі;
-
оқушыларды бірігіп орындаушылық әрекетке тарту;
-
балалардың ойлау, елестеу сияқты шығармашылық қаблеттерін
ояту т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет