Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



Pdf көрінісі
бет57/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78
Культура в системе образования
/Сборник научных трудов. - Москва. 1995.
Қарамолдаева Г.Ж. 
Алматы
Алисова Р.Е. 
Қызылорда
МУЗЫКА МҰҒАЛІМНІҢ ДАУЫСЫН ҚОЮ ПРОБЛЕМАСЫ
Жалпы білім беретін мектептердегі «музыка» сабағын жүргізетін
мұғалімге ең қажетті құрал - дауыс. Сондықтан да, бұл мамандықты
таңдаған студент, ең алдымен, өз даусысының мүмкіндігін аныктап және
оны жұмыс барысында ұзақ жылдар бойы сол таза күйінде сақтаудың
барлық ережелерін меңгеріп шығуы тиіс. Дауыс көзге көрінетін нәрсе
емес, оны коюда мұғалімнің «вокалдық есту құлағы» оте үлкен роль
атқарады. Ауыздан шығып жатқан үннің қаншалықты дәл өз орнын
тауып тұрғанын тек құлақтың мықтылығыме ғана ажыратуға болады.
Әрине, бүған қарап, дауыс қою саласында оны іске асыруға қажетті
әдебиет жок деп ойлап қалуға болмайды. Көп жылдар бойы дауыс қою
пәнінен сабак бергендіктен, бұл саладағы әдебиеттердің барлығы дерлік
пайдаланылғандығын, оларды жан-жақты меңгергендігімізді айта
кеткеніміз жөн болар. Кездесетін әдебиеттерде жалпы дыбыс шығару
аппаратының жұмысы, тыныс алу түрлері өте түсінікті, жан-жақты
қарастырылған. Дегенмен де, адамдардың бір-біріне ұқсамайтыкдығы
83


секілді, дауыс койғанда бір студентке қолданылатын әдістемелік
жаттығулардың екіншісіне жарамай жататындығын айта кету керек. Біздің
мамандыққа табиғи қазақи дауысты домбырамен ән салатындар немесе
диапазоны шағын, бұрын ән айтумен шұғылданбаған, белгілі бір аспапта
орындайтындар, эстрадалық ән салумен әуестенетіндер.
Міне, осыдан-ақ байқауға болады: қабылданған студенттердің
дауыс мүмкіндігі әртүрлі, ал оған қойылатын талап біреу (академиялық
тұрғыда айтуға үйрену). Институт қабырғасында жүріп, өз даусын
белгілі қалыпқа түсіріп қана қоймай, бітірген соң бала даусымен жұмыс
істеудің барлық әдістемелік жағын меңгеріп шығуы керек. Бұл жұмыстың
қиындылығы да осында.
Кейбір әдемі коңыр даусы бар, үні құлакқа жағымды
талапкерлердің даусын аталмыш мәнерге түзейміз деп, оның бар
әдемілігін жоғалтып алатын кездер де болмай қалмайды. Сондықтан, осы
дауыс қою сабағында бұл маселеге жан-жақты қарау да тілге тиек болып
жүрген мәселелердің бірі, бірі емес-ау, негізгісі. Осы пәнге бөлінген
азынаулақ сағаттың ішінде академиялық мәнерде ән салуды терең менгеріп
кету ілуде біреудің ғана қолынан келетін жағдай. Сондықтан да соңғы
жылдары өз класымыздағы табиғи дауыс көлемі толық бір октаваны
қамтитын студенттердің даусын сол күйінде қалдырып, негізінен, дұрыс
тыныс ала білу қағидаларын үйретумен айналысамыз (тыныс алу
мәселесін І-ші қатарға қою себебіміз кейінірек сөз болады). Дауысты
«сындырып», оны қалыпты деңгейге жеткізу барысында ән айту
мәдениетін қалыптастырудың өте үлкен маңызы бар. Бұл кешенді жұмыс
түрі. Кейбір жағдайда, әр дябысты дұрыс айту үшін қолданылатын жеке
буындардан көрі, баланың бұрын айтып жүрген, даусына сіңген әндердің
белгілі бір фразаларын қолданып, оны нәшіне келтіріп көрсету арқылы
қалаған нәтижеге жетуге болады. Өзіне таныс, үйреншікті әуен мен
сөздерден құрастырылған жаттығу әлде-қайда нәтижелі.
Ш.Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін бәрі біледі. Класыңа түскен
барлық студентті жинап, кезек-кезек бір шумағын айтқызсаң, олардың
әрқайсысының өзіндік мәнерін, өзіндік қабылдауын байқайсың, көп
жағдайда, тіпті, ойланбай-ақ айта салады. Кейін өздеріне түсіндіріп
айтсақ, «шынында да солай екен-ау», - деп таң қалып жатады. Бір
жаттығудың ішінде әр сөзіне мән беру, соган қарай дауысты құбылту,
көтеру, жәйлату, үзілдіру, мәнерлеп айту, дыбысты қүлакка жағымды
жеткізу, кез-келген жерде тыныс алмау, сөздердің анық айтылуы т.б.
көптеген талаптар қойылады. Бұл әдістің өте тиімді екендігін тәжірибие
көрсетті. Баржоғы үш жаттығумен-ақ дауыс қою мәселесін біраз алға
жылжытып тастауға болады. Н.Тілендиевтің «Құстар әні», «Маусымжан»
әншілерге өте қажетті «жоғарғы позиция» деген ұғымды меңгеруде аса
құнды материал екендігін айтуымыз қажет. Осы әндерді мәнерлеп, түсініп
орындауға қол жеткізген кезде «жоғарғы позицияға» өздерінің қалай түсіп,
84


оны дұрыс орындап тұрғандарын білмей қалады. Ол дұрыс айтып тұрған
кезде, міне, «резонаторда айту» - деген осындай болады, дыбыс қазір
езінің орнын тауып, шығуы керек жерден
тұр, қалай айтып
тұрғандарыңды еске сақтап алыңдар, әрі карай да сол калыпты сақтау
керек",- деп түсіндіресің. Сабакты осылай ұйымдастыру арқылы дауыс
қою жұмысын жеделдете аласың. Оның мысалы ретінде, Қазак
мемлекеттік қыздар педагогика институтының жанында ұйымдастырылған
студенттердің «Өнер жастан...» опера театрын алуға болады. Олар койған
Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», М. Төлебаевтың «Біржан-Сара», А.
Жұбанов, Л. Хамидидің «Абай», Дж. Вердидің «Травиата» опералары мен
И.Кальманның «Сильва» опе-реттасындағы негізгі партияларда
орындағаңдар ІІ-ІІІ курс сту-денттері. Қыз Жібек ролінде ойнаған
Л.Садуақасова меп ондағы Төлегеннің қарындасы Қарлығаштың
партиясын айтқан хореография бөлімі студенттері. Термеші, жыршы
өзіндік орындау мәнері бар, музыка мамандығы бойынша бітірген
Құралай Әленованың сомдаған Қамқа ролі өз алдына бір төбе. Өте үлкен
күші бар, таза қазақи дауыс, опералык бейнені де оған тән дыбыстау
арқылы шебер жеткізе білді.
Міне, мұндай мысалдарды көптеп жегкізуге болады. «Травиата»
операсындағы Виолеттаны ойнаған Ү.Сейілбекова домбырамен ән салады,
оның үстіне классикалық дыбыс шыгаруды да жақсы меңгерген. Әрине,
бұл өте күрделі нәрсе. Өйткені, әр мәнерде дыбыстау техникасы әр түрлі,
тіпті карама-карсы десек те болады. Кез-келген қойылған даусы бар,
академиялық мәнерді жақсы меңгерген әнші эстрадалык әндерді орындай
береді, ал эстрадалық мәнерде ән салатын әнші ешқашан академиялык
мәнерде ән сала алмайды. 
Біздің мамандық бойынша оқып, білім алатындардың ең есте ұстар
нәрсесі, ол өз даусын меңгере білуі. Тек осы нәтижеге қол жеткізгенде
ғана, ол өз мамандығы бойынша жұмыс істеп, болашақ «Е.Серкебаевтар
мен Б.Төлегеновалардың» дауысын сақтап, аман-есен халқына жеткізе
алады. Дауыс өте нәзік аспап, қия басуға болмайды. Егер дауыска зақым
келсе, ол ән айтпақ түгілі, сөйлеуге де зар болып қалады. 
Дауыс қоюда өтс қажетті бір үрдіс бар. Ол - дұрыс тыныс алуға
тәрбиелеу. Дұрыс тыныс алудың денсаулыкқа пайдалы екендігі соңғы
жылдары өте көп айтылып та, жазылып та жүр. Біздің салада да дұрыс
тыныс алуға үйрету - ең алдымен дыбыс шығару аппаратына салмак
түсірмей, дауысты сақтау үшін қажетті. Екінші жағынан, дыбысты
күшейтуге, оған озіндік бояу беруге септігін тигізеді. Егерде дем алу, дем
шығару аппараттарын, бойымыздағы резонаторларды дұрыс пайдалана
алмасақ, дауыс бірте-бірте қазақша айтқанда «мүжіле бастайды»,
соншама салмакты көтере алмайды, жұтына береді, кеңірдегінде бір-нәрсе
кедергі жасап тұрғандай жөтеле бергіш болады, тез шаршап қалады, өз
даусын меңгере алмағандықтан дауыстағы табиғи, әдемі бұйралар
85


(вибрация) толқыны өзгеріп, дыбыс қалай - болса солай айтылатын
болады.
Егер болашақ мұғалім өз даусын меңгере алмаса, ол қалай балалар
даусымен жұмыс істейді? Міне, дұрыс тыныс алуды меңгерудің ең төркіні
осында жатыр.
Біз мақаламыздын басында айтып кеткендей, ете күрделі де жауапты
жұмыс - ол студенттің даусын дұрыс қойып және оны өз даусын меңгере
білуге баулу, бала даусының ерекшеліктерімен таныстыру тәжірибе жүзінде
жұмыс істеуге дағдыландыру, дауыспен жұмыс істегенде ешбір мүлт кетуге
хакысы жоқ екенін ұғындыру. Әдемі үн, сыңғырлаған дауыс ел байлығы.
Осы байлықты сақтап, әрі қарай дамытуда музыка мұғалімі ең алдыңғы
сапта тұрғандардың бірі.
Т.А. Кишкашбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет