Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


тапса..." "Мәңгіліккпен үндесе білген өнердің ғана көсегесі көгереді" Ә.Кекілбаев



Pdf көрінісі
бет63/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78
тапса..."
"Мәңгіліккпен үндесе білген
өнердің ғана көсегесі көгереді"
Ә.Кекілбаев
Сабактың мақсаты: Қоркыт, Әл-Фараби сынды ұлы
адамдармен таныстырып, олардың өнеріне тән ете
отырып, үйлесім гармониясы бай, келісімді өнердің бір
халықтың шеңберінде шектеліп қалмай, оның сюжеті,
мазмұны бірнеше халыққа ортак болатынына "Битлз",
"Веселые ребята", "Дос-Мұқасан" ансамбльдерінің
репертуарын тыңдата отырып, осындай жалғасын тапқан
музыка өнерінің мәңгілік екендігіне көздерін жеткізу.
Көрнекілігі: Видеопроектор, теледидар аппаратура,
композиторлар портреті, әннің сөзі, ноталық материал, бас
қобыз, сырнай аспаптары.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, бейнелеу
өнері пәндерімен байланыс.
Өткізу әдісі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру бөлімі.
2) Жаңа материалдармен таныстыру.
Әлемнің тұтас көрінісін жасайтын, сонымен бірге, ой
мен сезімнің тұтас бірлігін беретін адам әрекетінің бір түрі
ол - өнер. Сондықтанда, халық өз дүниетанымын, салты
мен дәстүрін, ғұмырлық тарихын ең алдымен өнерге
сіңірген, сол арқылы ұрпактан-ұрпаққа жеткізген. Өнер
-жеке тұлғаның сезіміне, ойына, ерік-жігеріне әсер етіп,
оқушының жекелік қасиетін, ой-пікірін, оның рухани
әлемін, көзқарасын, рухани қабілетін дамытады.
Қорқыт - атақты жырау, дарынды күйші, кемеңгер
ойшыл. Қорқыт
атадағы аңыз-әңгімелер философиялык ойға толы және
мазмұнды, ғасырлар өтсе де өзінің мәнін жоғалтпаған,
өмірдің үнемі өзгеріп, жаңарып отыратындығын сөз етіп,
"Өлмейтін емір кілті - өнер" - деп ой толғайды.
"Өлімді өнермен жеңуі" - асқан кобызшы күйшілігінің
әрі эпостық жырлармен музыкасының арқасында жазушы
96


Мұхтар Әуэзов "...Қорқыт өлмеудің амалын өнерден
табады" - деп жазады. "VII - ғасырдан жеткен Қоркыт
күйлері өзінің бар тарихи болмысымен есіктегі малшыға да,
төрдегі ұлыққа да бірдей түсінікті еді. Қорқыт күйлерінің
күні бүгінге дейін еш өзгеріссіз орындалатыны қайран
қалдырады. Бұл ұлы далада жасалған мәдениеттің
біртұтастылығын, біртектілігін, даралығын әйгілейді, яғни,
Қорқыт күйлері көркемдігімен, көнелігімен, көптігімен ғана
назар аударып қоймайды, шындықты көркем бейнелеуде
адамгершілік,
дүниетанымдық
сипатымен,
саф
тазалығымен,
тіршілікпен
қойындасып
жатқан
шынайылығымен халық арасында өз мәнін жойған жоқ" -
деп жазады ғалым Ақселеу Сейдімбек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет