Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


"Битлз " тобыныц орындауында бір ән тыцдау



Pdf көрінісі
бет65/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   78
"Битлз " тобыныц орындауында бір ән тыцдау.
Шетелде дамыған рок-музыка, Ресей елінде өз
жалғасын тапты. Тек "рок" деген сөз жоғарыда отырған
бастықтарға ұнамай, сондықтан да жаңадан
ұйымдастырылған ұйым (ұжым) ВИА - вокалды аспаптар
ансамблі деп аталды. Рок-музыка топтарына қарағанда
құрамы көбірек, толықтырылған. Ырғақ беретін ұрмалы
аспап (барабан) пен бас гитарадан баска 2 гитара,
клавиштік аспап, үрлемелі топқа (саксофон, тромбон,
труба) бірнеше солистер, т.б., олардың бірнеше
үнтаспалары, магнитофондык ленталары шықты.
1967 жылы Москвада "Веселые ребята" ансамблі
құрылды (жетекшісі Павел Слободкин). 20 жылдан астам
уақыт ішінде бұл ансамбльдің құрамында Александр
Буйнов, Александр Барыкин, Вячеслав Малежик, Вячеслав
Добрынин, Александр Градский, Алла Пугачева т.б. болып,
жұлдызға айналып жеке бөлініп шықты.
Осы кезде "Самоцветы", "Песняры", "Ариэль" т.б.
ансамбльдер құрылып, жастардың сүйікті топтарына
айналды.
Соның бірі қазақстандық, аты аңызға айналған,
кұрылғанына 35-жыл толған тойларын атап өткен "Дос-
Мұкасан" ансамблі. "Дос-Мұқасан" ансамблі 1967 жылы
(жігіттер ансамблі) болып құралған болатын.
Жайдарман (халыц әні),
 Туган жер
(М.Құсайынов) — тындау.
98


"Дос-мұқасан" репертуарынан "Су тасушы қыз"
әнін үйрету.
а) Әнді орындап беріп, көрсету; ә) Әннің сөзін
қимылмен үйрету; б) Әннің әуенін үйрету; г)
Мәнерлеп орындау.
Сабақты қорытындылау:
Ойланайықшы, балалар: "Мәңгілікпен үндесе білген
өнердің ғана көсегесі көгереді" дейді халык жазушысы
Әбіш Кекілбаев ағамыз. Өлмейтін өнер деп, осындай
жалғасы бар, өнерді айтамыз. (Үйде шығарма жазып келу).
Сабақ тақырыбы: "Жарасымдылықпен жалғасқан
достық".
Мақсаты: 
а) Қазақстандағы Ресей жылына
байланысты екі елдің тарихи мәдениетімен, өнерімен
таныстыра отырып ,,Еділ – Жайық,, әні арқылы оқушыларға
ежелден келе жатқан казақ пен орыс халқының достығын
ұғындыру; 
б) Балаларға өзге халықтың мәдениетін, өз халкының
мәдениетімен салыстырмалы түрде таныстыру. Ән-күй
шығармаларын тыңдату аркылы дәстүрді сақтауға, елін
сүюге тәрбиелеу және өзге халықтың мәдениетін
құрметтеуге үйрету; 
в) Сабақ тақырыбына байланысты достык,
жарасымдылық, жалғастық, ынтымақтастық ұғымдарын
пайдалана отырып, саяхат сабақ арқылы оқушылардың
қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет