Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің


Ды  –ді (лы –лі; ты –ті) грамматикалық формаларының



Pdf көрінісі
бет17/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Ды 
–ді (лы –лі; ты –ті) грамматикалық формаларының 
грамматикалық мағынасын түсіндіріңіз:
Орманды алқап, орманды бағалау, орманды дала, орманды жаңалау
орманды қорғау, орманды тундра, орманды жер, орманды аралау, орманды 
сағалау, орманды өлке, азотты қышқыл, улы газ, қышқылды жаңбыр, жусанды 
дала, жусанды жинау, білімді азамат, білімді меңгеру, көргенді бала, көрікті 
қыз. 
Сын есім ғылыми мәтінде заттың, құбылыстың белгілерін, 
қасиеттерін білдіріп, анықтауыш болады.
Заттың құрамын анықтауда жиі қолданылатын тіркестер:
атмосфераның құрамы - состав атмосферы 
қышқылды жауынның құрамы - состав кислотного дождя 
тазартылмаған судың құрамы - состав неочищенной воды 


32 
ас тұзының құрамы - состав пищевой соли 
теңіз суының құрамы – состав морской воды 
1. Қышқылды жауынның құрамы ауаға тараған әр түрлі қышқылдардан 
тұрады. 
2. Оттек барлық өсімдіктердің құрамына кіреді. 
3. Заттардың молекулалары атомдардан тұрады. 
Мына процестерді сипаттап, құрамын, белгілерін ғылыми тілмен 
баяндаңыз: 
- озон қабатының жұқаруы; 
- қышқыл жауындардың пайда болуы
- өсімдіктердегі фотосинтез. 
Заттың қасиетін, белгілерін салыстыра сипаттау сын есімнің шырай 
формасы (-рақ,-рек; -ырақ, -ірек; -лау,-леу; -тау, -теу; -дау,-деу;) арқылы 
жүзеге асады. 
Мысалы, 
Табиғат 
қорғау ұғымының шеңбері экологияның антропогендік 
фактордың табиғатқа әсерін зерттейтін бөлімінен тарлау да, кеңдеу де. 
Тарлау болатын себебі - әсерлердің кез келгені емес, нәтижесінде адамзат 
қоғамының өмірі үшін белгілі бір мәні болуы мүмкін факторлар ғана 
талданады. Кеңдеу болатын себебі - антропогендік фактордың органикалық 
әлемге ғана емес, өлі табиғатқа әсері де қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет