Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің


Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі бір жағдайға байланысты



Pdf көрінісі
бет5/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі бір жағдайға байланысты 
нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің 
баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің 
жалғауын қабылдайды
« Ресми іс қағаздарының тілі - бір қарағанда стандартты, қалыптасқан 
клише түріндегі тіл сияқты болғанымен, шын мәнінде қазақ тілінің табиғи 
заңдылықтарына сәйкес сұрыпталған, жіктелген лексикалық-грамматикалық 
жүйесі біртұтас құрылым. Дәлірек айтқанда, ресми тілдің кеңсе іс қағаздары 
сияқты түрлері де, заң құжаттары да, арнаулы бланкіге толтырылатындары да 
қазақ тілінің тілдік жүйесін, лексикалық-грамматикалық, орфографиялық 
нормаларын жетік меңгеруді қажет етеді.» 
Іс қағаздарының жазылу тәртібі және оған қойылатын талаптар:
 
- іс қағазының кімге кімнен жазылғаны, аты-жөні, лауазымы туралы толық 
мәліметпен қағаздың оң және жоғары жағында көрсетіледі;
- іс қағазының атауы (өтініш, мәлімдеме) жолдың ортасына жазылады
- іс қағазының мазмұны анық, нақты, түсінікті, қысқа жазылуы тиіс; 
- іс қағазында мерзім міндетті түрде көрсетілуі тиіс. 
Іс қағаздарының мазмұнында грамматикалық формалардың 
жазылу ерекшеліктері болады. Мысалы, хаттаманың қаулысы ырықсыз 
етіс жұрнағы мен бұйрық райдың үшінші жақ формасы арқылы беріледі: 
жаса-л-сын, құр-ыл-сын, бекіт-іл-сін. Ал өтініш көбіне сұранамын, 
өтінемін деген формалармен аяқталады. 
Берілген іс қағаздарының үлгісіне назар аударыңыз: 
 
Экология және топырақтану кафедрасында


10 
03.03. 2013 ж. өткен кезекті кафедра мәжілісінің
№4 ХАТТАМАСЫ 
 
Кафедра мүшелері – 15 
Қатысқаны – 14 
Қатыспағаны - 1 
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. 1-курс студенттерінің жазғы практикаға дайындығы туралы 
1-курс эдвайзері А.Дәлелованың хабарламасы 
2. Кафедра магистранттарының диплом жұмыстарының дайындығы 
туралы 
Магистранттардың жетекшілерінің хабарламасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет