94
Дәрісті дайындау әдістемесі:
-
ғылыми материалдарды жинау, оқу, жинақтап қорыту;
- қолданыстағы бағдарламаға сәйкес материалдарды тарау, бөлім,
тақырыптарға байланысты топтау;
- әр түрлі техникалық құралдарды - үнтаспа, диафильм, кинофильмдерді
таңдап, талғап, топтау;
- курсты оқудың жұмыс жоспарын жасау;
- әр тақырыпқа байланысты дәрістің мәтінін жазу.
Оқытушы келесі жайларды ескеру керек:
- дәріс түрлерін ажырата білу (ақпараттық, проблемалық, шолу
дәрістері),
- студенттің оқып-үйреніп отырған ғылымының принциптері мен
заңдылықтарын, жаңа білімді меңгеруге шығармашылық
ізденіс тұрғысынан
келуін, меңгерген білімін практикада тиімді қолдану қажеттілігін ұғындыру;
- студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының
белсенділігін арттыру;
- оқу материалына сәйкес көрнекі құрал түрлері мен техникалық оқыту
құралдарын негізді және
мол пайдалана білу;
- студенттермен ортақ тіл табысу; -студенттердің жеке пікірін тыңдай
және бағалай білу.
Достарыңызбен бөлісу: