құндылықтарға деген бағытынан, талғам, т.б. байқалатын психикалық
ерекшелігімен толығады. Қорыта келгенде, этнос деп, басқа қауымдардан өзін
ажырата алатын, өздерінің басқа бір қауым екендігін түйсіне алатын адамдар
тобы. Өзінің топтық бірлігін түйсіну этникалық сана-сезім, ал оның сыртқы
көрінісі өзіндік атауы (этноним) қалыптасады.
Этникалық өзіндік сананы
құрайтын адамдар тобы - территорияның, шығу тегінің бірлігі мен тарихи
тағдырының ортақтығын білетін этностың интегративті көрсеткіші.
Этногенездің қалыптасуы барысында, этникалық өзіндік сана этникалық
тектің маңызды көрсеткіші ғана емес, басқа этностарға қарсы тұра алатын этнос
мүшелерін біріктіре алатын күш болып та саналады. Сонымен «этнос» ұғымы
ұрпақтан ұрпаққа дәстүрлі бере алатын, идентификациялық
белгілерге ие
адамдар тобы.
Қорытындылай келгенде, барлық примордиалистік концепциялар
этникалық қауымдастықты биологиялық өзін-өзі өндіруі бар, іргелі мәдени
құндылықты бөле алатын, сырттай мәдени пішіндері бір,
коммуникация мен
әрекеттестікте бір алаң құра алатын, өздерінің тобы мүшелерін
идентификациямен қамтамасыз ете алатын, басқалардан өздерінің бөлектігін
тани алатын шынайы адамдар тобы деп түсіндіреді.
Этникалықты осылайша түсіну Батыста модернизация теориясының
түйісінде ХХ ғ. 60 жылдары кең таралды. Бірақ ХХ ғ. 70 жылдары бұл
концепциялар жарамсыз болып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: