Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет28/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78
Учебник Теор. этнология

3 Инструментализм. 1970 ж. ортасында батыс этнологиясында 
этникалықты талдаудың басқа тұжырымдамалары кең тарады. Онда этникалық 
- саяси лидерлердің хал-ахуалын жақсартудағы күресте өз мақсаттарына,
билікке жетуі үшін қолданатын құралы деп қарады. Осы тұжырымда этникалық 
деп, адамдардың бір істе ынтымақтастық сезім арқасында белгілі бір жағдайда 
бірігуін қарастырады. Бұл жерде В.А. Тишков, этникалықты былай түсіндіреді: 
«бұл әлеуметтік-саяси аренада материалдық артықшылықтарға ие болғысы 
келген ұжымның ұмтылыс құралы. Ал, әртүрлі байқалған этникалық 
мобилизация, 
әлеуметтік 
мінез-құлықты 
айқындайтын 
материалдық 
факторлардың талабынан туындайды». Сонымен, этникалық - материалдық 
факторлардың ықпалынан адамдар топтың саналы түрде таңдаған әлеуметтік 
роліне енеді.
Қоғамдағы адамдар тобы арасындағы айырмашылықтар әрбір топтың 
этникалық бірегейлігін (иденттілігін) қалыптастырудың негізін қалайды, өз 
кезегінде топтар арасындағы қатынастармен мобилизацияланған этникалық 
топтардың саяси әрекетке мақсатты бағытталуын айқындайды, - деп көрсетеді 
инструменталдық 
тәсілді 
құрушылар. 
Сондықтан 
инструменталдық 
концепциялар этникалықты, этникалық теңдікті қалпына келтіретін тиімді 
құрал ретінде және әлеуметтік емші сияқты әлеуметтік-психологиялық 
теорияға сүйенеді.
Осы тәсілді ұстанатын бағыт өкілдерінің кейбірі, құрылымдық шарт деп 
аталатын 
әлеуметтік 
жағдайды 
этникалық 
ынтымақтастықты 
қалай 
күшейтетіндігіне талдау жасайды. Ол Д. Хоровицтің, Дж. Ротшильданың, С. 
Олзанның, т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. Ал, енді Э. Смит, Дж. Окамура, А. 
Коэн, К. Янг т.б. еңбектерінде белгілі бір әлеуметтік жағдайлар саяси, 
экономикалық және басқа да әлеуметтік мақсаттарға жеткізетін құрал ретінде 
этникалық иденттіліктің рационалды стратегиялық таңдауына әкеледі, ол өз 
кезегінде топтық бірлесуді күшейтеді.
Инструменталдық теорияның барлығы функционализм мен прагматизмге 
сүйенеді. Инструментализмді жақтаушылар этникалық - билікке не табыс 
табуға қол жеткізу үшін қоғамның элитасы құрған этникалық мифтердің жемісі
- деп көрсетеді. Мәдени өзгешеліктер, құндылықтар және этникалық топтардың 
әрекеті осы мақсаттарға жетудегі элитаның құралы. Этникалықтың барлық 
концепциясы тұлға не топтың мақсатқа жету, мүдделерді жүзеге асырудағы 
қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Бұл бағыттың примордиалистік 


тәсілден айырмашылығы, этникалықтың қалыптасуының обьективті негізін 
іздемейді (инструменталистер этносты – ақиқат, қалыптасқан адамдар 
жиынтығы деп қарайды), олар тек қауым мен этностың атқаратын қызметін 
айқындауға назар аударады. Инструменталдық бағыт, этнос пен этникалықтың
өмір сүру жағдайында, олар қоғамдағы өмірді жеңілдету үшін адамның нақты 
мүддесі мен мақсатына қызмет етеді деген тұжырымды жақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет