Тарих, археология және этнология факультеті


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет32/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78
Учебник Теор. этнология

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар 
1 «Этнос» және «этникалық» ұғымдарының мазмұнынын талдаңыз 
2 Примордиалистік теориядағы этнос және этникалық ұғымдары
3 Этникалықты зерттеудегі инструменталдық және конструктивті тәсілдер 
бағыты 
4 Л.Н. Гумилев теорияларындағы этногенез және этнос мәселелері 
5 Этнос теориясы жөніндегі басқа да қағидалар мен этнос мәселелерінің 
зерттелуі 
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология: Учебник для студ.высш. 


учебн.заведений. – М.: «Академия»; Высшая школа, 2000. – 304 с. 
2 Арутюнов С.А. Народы и культуры. Развитие и взаимодействие.- М., 
1989. 
3 Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса, М., 1983. 
4 Бромлей Ю.В. Этносоциальные процессы: теория, история, 
современность. – М., 1987.
5 Этнология (этнография). /под ред. В.А. Козьмина, В.С. Бузина. –М.: 
Юрайт, 2015. -580 с.
6 Чебоксарев Н.Н., Чебоксарева И.А. Народы, Расы. Культура. –М., 
1985.
7 Барнард А. Социальная антропология: исследуя социальную жизнь 
людей/ А.Барнард. – М., 2009. 
8 Этносы и этнические процесы. – М., 1993. 
5 ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Бұл тақырыпты оқу барысында студент міндетті: 
- Әлем халықтарын сипаттау барысында классификациялау тәсілін, 
Этнологияда қолданатын негізгі классификацияны, негізгі материктер 
шекарасындағы этностардың орналасуын, негізгі тілдік семьяларды, жер 
бетіндегі нәсілдерді, шаруашылық-мәдени классификацияны және оның 
деңгейін, жердің тарихи-этнографиялық бірлігін білу керек; 
- Континенттегі халықтар мен жер бетінің аймақтарын сипаттауда 
классификациялық тәсілдің принциптерін қолдануға икемі болу;
- Этнографияда қабылданған классификациның индикаторы негізінде 
нақты халықты сипаттай алатын дағдыны меңгеру керек.
1 Әлем халықтарын классификациялау қағидалары
2 Географиялық классификация 
3 Тілдік классификация 
4 Антропологиялық классификация 
5 Шаруашылық-мәдени классификация
Этнология үшін Әлем халықтарын классификациялаудың маңызы 
жоғары. Классификациялау жолымен бекітілген халықтардың ұқсастығы мен 
ерекшелігі этнография ғылымындағы көптеген мәселелерді: этногенезді 
реконструкция жасауға және халықтардың тарихи дамуының ерекшелігін 
айқындауға, шаруашылық іс-әрекетінің, материалдық мәдениеті мен әлеуметтік 
қатынастарын және т.б. көптеген басқа да салаларының өзіндік ерекшелігін 
түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге классификациялау арқылы 
этникалық тарихты, шаруашылық пен материалдық мәдениеттің пайда болу 
және даму тарихын, халықтар арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды 
зерттеуге, ең ақырында адамзат мәдениетінің глобалдық үздіксіздігі мен 
ортақтастығын айқындап алуға мүмкіндік береді. 


Тарихи-этнографиялық 
критерий 
бойынша 
әлем 
халықтарын 
классификациялаудың негізі кеңестік этнографтар: С.П. Толстов, М.Г. Левин, 
Н.Н. Чебоксаров, Б.В. Андриановтардың еңбектерінде жазылды. Бұл 
классификацилау да халықтар мәдениетінің жалпы ұқсастығына негізделді
бірақ даму деңгейінің ұқсастығы мен өмір сүру экологиясының біртиптілігіне 
негізделген ШМТ (Шаруашылық-мәдени тип) сияқты емес, тығыз көршілік 
қарым-қатынастағы мәдени жетістіктердің өзара тәжірибе алмасуына 
бағытталды. Сондықтан классификациялауда тарихи-этнографиялық бірлік 
ортақтығы ұғымы қолданылады.
Тарихи-этнографиялық бірлік – ойкумендердің бір бөлегі, тарихи 
дамудың бірлігі күшіне қарай халықтарда ұзақ байланыстар мен өзара 
ықпалдылыққа байланысты ұқсас мәдени-тұрмыстық (этнографиялық) 
ерекшеліктердің қалыптасуын айтады. Ең алдымен мұндай ерекшеліктер 
материалдық мәдениетке – еңбек құралдары, қозғалыс құралы, баспана, киім; 
рухани мәдениетте- мінез-құлық нормасында, өмір салты дәстүрінде, діни 
сенім-нанымдарында; қоғамдық қатынастарында-отбасының дәстүрлі түрлері 
мен әлеуметтік ұйымдасудың қауымдық және басқа да түрлеріне тән болып 
келеді. 
ШМТ сияқты ТЭБ - тарихи категория, адамзаттың өмір сүру бойында 
оларға тән белгілер қалыптасты, олардың шекарасы өзгеріп ақырында басқамен 
алмасты. Бірақ ШМТ айырмашылығы және тарихи-этнографиялық бірлік 
барлық уақытта өз шекарасында аралас территорияда өмір сүрген, кейде тіпті 
бір-бірімен байланыстағы этносты біріктірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет