Тарих, археология және этнология факультеті


Аңшылық, балық аулау, терімшілердің шаруашылық мәдени типі



Pdf көрінісі
бет39/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78
Учебник Теор. этнология

Аңшылық, балық аулау, терімшілердің шаруашылық мәдени типі.
Бұл берілген тип шаруашылықтың иемденуші түріне жатып, адамзат 
қауымының пайда болу тарихына әкеледі. Әлемнің кейбір түкпірлерінде 
шаруашылықтың бұл түрі осы күнге дейін сақталған. ШМТ тің мынандай 
түрлері бар. Кезбе аңшылар мен тропиктік және субтропиктік ормандардағы 
терімшілер. Оған Амазонканың үндістері (гуарани, гуахибо, шеренте және т.б.) 
Конго өзені бассейнінің тропиктік ормандарындағы пигмейлер, Ланка 
аралындағы веддалар, Суматра аралындағы кубулар, Калимантан аралындағы 
пунаны, Филиппин аралындағы аэта, Малакка жарты аралындағы семанги және 
сенойлар жатады. Бұл халықтар азырақ томаға топ болып өмір сүрді. Оларда 
этникалық өзіндік сана мен өзіндік атауы да болған жоқ, тек тайпалық сипатқа 
тән атауы ғана болды. Оларға кезбелік өмір салты тән еді. Негізгі 
шаруашылығы аңшылық және терімшілік, қосымша балық аулаумен 
айналысты. Отбасы жұптық неке, кейде көп әйел алушылықта кездесетін.
Кезбе аңшылар мен жартылай шөлді және құрғақты жерлердегі терімшілер. 
Оларға Австралияның аборигендері мен Калифорнияның үндіс тайпалары мен
Оңтүстік Африканың бушмендері жатады. Шаруашылығы мен мәдениет 
ерекшелігі бойынша алдындағы тайпаларға жақындығы бар. Ерлері садақпен, 
найзамен аң аулап, оған қоса ит қосатын. Аңшылар сияқты терімшілер де 
құрғақты мезгілдерде майда топтарға бөлініп, отбасылық сипат алатын. 
Отбасылық құрылымы да жоғарыдағыдан өзгеріс жоқ еді. Балық аулаушылар 
мен 
теңіз 
жағалауларындағы 
терімшілер. 
Бұл 
шаруашылықпен 
айналысатындарға өмір сүрі салты теңізден алынатын қоректерге сүйенетін 
және ыстық пен қоңыржай зоналардың жағалауларындағы Андаман 
аралындағы 
андамандықтар, 
оранг 
лауты 
немесе 
Малайзия 
және 
Индонезиядағы көшпелілер, Отты жерлердегі алакалуфтар мен яганалар еді. 
Олардың негізгі шаруашылығы теңіз балықтары мен теңіз жағалауларындағы 
өсімдік қоректер еді. Өмірінің негізгі уақытын суда өткізетін, сондықтан 
олардың мәдениетінде қайықтардың ролі жоғары еді. Негізгі әлеуметтік 
институты белгілі территорияны қамтыған көшпелі қауым және моногамиялы 
не полигамиялы бірнеше отбасыдан тұрды. Дала аңдарын аулаушыларға 
солтүстікамерикан тегістігі мен прериядағы (арапахо,дакота, шошон, команчи 
және т.б.) және пампының гуанакосы мен Патагония (техуэльче, гуайкуру, чон, 
т.б., сондай ақ Отты жердің она тайпалары құрайды. Экологиялық тұрғыдан 
алғанда олардың мекендеген жері шөпті өсімдігі бар, ашық кеңістік. Өмір 
салты тебіндеп жейтін жануарларға негізделген жартылай отырықшылық, 
аңшылық қаумалап ұстау, кейде орларға жығу арқылы ұстау кең өріс алды. 
Негізгі аңшылық құрал садақ, найза.
ХVІІІ ғасырдан бастап, дала үндістері, Солтүстіктегі сияқты Оңтүстік 
Америка үндістері де европалықтар әкелген жылқы өсірумен де айналыса 
бастады. Кейін келе бұл шаруашылық олардың өндірісіне айнала бастады. 
Сонымен жартылай отырықшылық көшпелілікпен ауысты. Әлеуметтік 
қатынастар Солтүстік Американың прериясы мен тегістіктегі үндістерде 


дамыды. Фратрия, рулардан тұратын тайпалар потестарлық бірлік өмір сүрді, 
жалпы тайпалық басқару органы болды. Қоңыржай белдеудің үлкен 
өзендеріндегі балық аулаушылар.Оған Батыс Сібірдің ханта мансилері, 
Камчатканың ительмендері және Қиыр Шығыстың кейбір халықтары 
(нанайлықтар, ульча, ороча және т.б.), ал Жаңа Әлемдегі Солтүстік 
Американың солтүстік батысындағы үндістер (тлинкиттер, хайда, нутка және 
т.б.). Бұл халықтардың негізгі шаруашылығы жоғары өнімді балық 
кәсіпкершілігі, ең алдымен лосостар – киттер, семги, горбуши және қосымша 
теңіз аңдарымен құрғақшылықтағы аңдарды аулады. Әлеуметтік қатынастары 
рулық ұжымға негізделген. Отбасы кіші болды, қалыңдыққа бағалы құн 
сұрайтын. Ну орманды жерлердегі аңшылар мен балық аулаушылар. Бұған 
Евразияның солтүстік бөлігіндегі халықтар - саам (лопарлар), селькупттар, 
кеттер, юкагирлер, удэгейлер, ал Солтүстік Америкада – атапаскілер жатады. 
Аңшылықтың негізгі нысаны солтүстіктегі бұғы және лось, аңшылық балық 
аулаумен толықты, әлемнің кейбір халықтарында бұғы аулау дамыды. 
Тайгадағы жаяу аңшыларда кәсіпкершілік топ болды, бірнеше майда 
семьялардан тұрды. Рулық ұжыммен өмір сүрді. Солтүстікамерикандық 
үндістерде аналық жақтан санау және күйеу жігіттің қалыңдық ауылына келу 
таралған.
Теңіз аңдарын аулаушы арктикалық аңшылар. Бұлар Солтүстік мұзды 
мұхит аңшылары. Оған жағалаулардағы чукча, коряктар мен эскимос және 
алеуттердің бір бөлігі. Аң аулаудағы негізгі нысаны теңіз аңдары – тюлень, 
морж, нерп, кит сонымен қатар қосымша құрғақты жерлердегі аң аулау, балық 
аулау мен терімшілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет