раджастхандары, панджабтары, каннарлары, Қытайдың ханьсилері және т.б.
Шаруашылықтың бұл түрі тегістіктегі, тау етектеріндегі
және таулы деп
бөлінеді. Негізгі мәдениет дақылдары –бидай, тары, чумиз, сондай ақ күріш,
т.б. дақылдары. Сондай ақ бау-бақша өнімдері, бұршақты өсімдіктер,
техникалық мәдениет түрлері- мақта және кенеп өсірілді.
Субтропиктік және тропиктік ылғалды жерлердегі жыртпалы
егіншілер. Жыртпалы егіншіліктің бұл түрі Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және
Шығыс Азия халықтарында – Үндістанның бенгалдарында, Үндіқытайда (вьет,
тай
және
т.б.),
батыс
Индонезияның
яваларында,
Филиппиннің
жағалауларындағы халықтарында (висайя және т.б.), Оңтүстік Қытайдың
(чжуан, ицзу және т.б.)
және корей, жапон халықтарында кең таралды. Бұл
жерлерде де азиаттық материктің оңтүстік бөлігінде дамыды. Негізгі мәдениет
дақылдары күріш, сондай ақ бидай, бұршақты өсімдіктер мен жеміс жидектер,
техникалық мәдениет –мақта, кенеп, джут болды.
Қоңыржай белдеулердегі орманды дала және орманды жерлердегі
жыртпалы егіншілік. Егіншіліктің бұл түрі Европада б.э.д. ІІ мыңжылдықта
пайда болды, кейін батыс және Оңтүстік Сібірге және Қиыр шығыста кең
таралды. Осылардың негізінде ерте гректік және ерте римдік өркениет
қалыптасып, Ортағасырдағы европалық мемлекеттердің экономикасының негізі
болды. Жаңа кезеңде онымен Батыс және
Шығыс Европаның көптеген
халықтары (орыстар, украйн, молдаван, латыш, литвалықтар және т.б.), сондай
ақ үндіевропалықтар (карел, коми, мордва, татарлар және т.б.) айналысты.
Сібірде орыстар келгенге дейін онымен батысібірлік татарлар, алтайлықтар,
батыс буряттар, Қиыр шығыста –даур, дючер, маньчжурлар айналысты. ХVІ –
ХVІІ ғғ. Европалық қоныс аударушылармен бірге әлемнің басқа бөліктерінде
Америка континентінде, Австралия мен Мұхиттық аралдарда және Оңтүстік
Африкада тарала бастайды.
Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары суыққа төзімді дақылдар (арпа,
бидай,
қара құмық, т.б.) сондай ақ бау-бақша өсімдіктері (тұрып, капуста,
қызылша, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: