Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет53/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78
Учебник Теор. этнология

Этникалық мәдениет. Этникалық мәдениет бейімделу механизмінің бір 
бөлігі болып қалады. Индивид өмірінде бір әлеуметтік топтан екінші бір 
әлеуметтік топқа, не бір мемлекеттен басқа мемлекетке өтуі мүмкін, бірақ ол 
өзінің тамырынан бөлініп қала алмайды.
Адамдар тобын өмір сүруге итермелейтін, оны қажеттілік деп түйсінетін 
ортақ мүдденің пайда болуымен этникалық мәдениет қалыптасады. Ондай 
қажеттілік сол қауымдастықтың жеке мүддесінен жоғары тұратын ұжымдық 
мүддемен 
сипатталады. 
Этнологиялық, 
тарихи, 
социологиялық, 
мәдениеттанушылық зерттеулерде мұндай қажеттіліктер тіршілік көзін 
қамтамасыз етуге қызмет ететін және қауымдастықты сақтаумен бағаланады. 
Қай кезеңдегі тарихи қауым болмасын өмір сүруінің бөлінбес бір бөлшегі 
болып саналатын нақты бір табиғи-тарихи ортада, белгілі бір аймақ пен уақыт 
аралығында өмір сүріп бейімделеді. Бейімделудің үздіксіз бұл үдерісі ұжымдық 
қажеттілікті қанағаттандыру барысында қауымның мүшелеріне ерекше мәдени 
тәжірибені жинақтатып, өздерін басқа этникалық қауымнан ажырата алатын 
өзіндік мәдениетті қалыптастырады.
Қазіргі кезеңдегі әлемдегі көптеген халықтардың өмір сүруі мен өзін өзі 
өндіруі өзіне тән этникалық әрекет ету тәсілімен байланысты емес, сондықтан 
«этникалық мәдениет» және «этностың мәдениеті» ұғымдарын бөліп қарау 
керек. Қазіргі кезеңде халықтардың жағдайы интеграцияланған, ұлттық өзара 
байланысты. Бұл үдерісті зерттеуде «этникалық мәдениет» зерттеушілерінің 
назарын этникалық ерекшелікке, яғни этникалық қауымның өзіне тән мәдени 
құбылыстарын зерттеуге аударады. Бұл қатынаста этникалық мәдениет 
берілген мәдениеттің этнодифференциалдық және этноинтеграциялану 
жиынтығын құрап, бір жағынан әрбір этностың бірлігін қамтамасыз етсе, енді 
бір жағынан осы бірлікті ұрпақтан ұрпаққа береді. Этникалық мәдениет 
этностың барлық өмірінде : тілінде, бала тәрбиелеуде, киімінде, баспанасында, 
жұмыс орны, үй шаруашылығынан, фольклорынан көрініс табады.
Этникалық мәдениеттің қалыптасуына табиғи жағдай, тіл, дін, сондай ақ 
этностың психикалық қабаты ықпал етеді. Этникалық мәдениеттің 
қалыптасуындағы маңызды элемент халықтың өзіндік атауы (этноним).
Географиялық орта –этностың пайда болуы мен оның өмір сүруіне 
жағдай жасайды. Әрбір этностың мәдениеті тек уақытпен ғана емес 
мәдениеттің материалдық және рухани салаларында өзіндік ерекшеліктерді 
бере отырып дамиды. Табиғаттың ықпалын этникалық мәдениеттің әр 
саласынан еңбек құралдарынан бастап тұрмыс заттары мен этноним атауына 
дейін байқалады.
Ал, климаттан киім ерекшеліктерін, баспана, ауыл шаруашылық мәдени 
дақылдары, транспортқа дейін байланысты. Жергілікті өсімдік құрамы баспана 
материалын және оның түрін анықтайды, сондай ақ оның фауна ерекшеліктері 
сол халықтың күнделікті өмір тіршілігін және шаруашылық мәдениетінің 
дамуына ықпал етеді. Мәселен, Мезоамерикадағы үнді өркениетінің 
европалықтарға қарағанда төмен деңгейде дамыуы кездейсоқ емес. Оның 


себебі, Америкада қолға үйреткен соң жұмыс малы болатын жануарлардың 
болмауы.
Географиялық ортаның (климат, топырақ, рельеф, флора, фауна және 
т.б.) өзіне тән ерекшелігі этностың рухани мәдениетінің қалыптасуына, оның 
психикасына ықпал етеді, ол мінез-құлықтың стереотипі, әдет ғұрып, салт 
дәстүрлерінен халықтардың тұрмыс салты көрініс табады. 
Әрбір этникалық мәдениеттің қалыптасуында этностың тілі маңызды рол 
атқарады, ол ең алдымен топтық иденттіліктің қалыптасуын қамтамасыз етеді. 
Ортақ тіл этникалық топтардың тұтастығына, өзара бір тілде сөйлеуі 
халықтардың өзара түсіністікке жетуіне әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет