Дәстүрлі мәдениет қоғамындағы модернизация проблемасы
Ең алдымен қойылған мәселеге жауап беру үшін «архайкалық мәдениет»
пен «дәстүрлі мәдениет» терминдеріне талдау жүргізу керек.
Антропосоциокультурогенездің аяқталуы тікелей адам ұрпақтарының
пайда болуына, сондай ақ мәдениетке дейінгі жағдайдан алғашқы қауымдық
мәдениетке және алғашқы қауымға өтуге әкелді. Онан кейін табиғаттың қайта
өзгерісімен тәсілдердің жетілдіріліне байланысты алғашқы қауымдық қоғам
мен мәдениет өзгеріске түседі, барлық мәдени және әлеуметтік үдерістер
жеделдетіліп, алғашқы қоғамдық жағдайдан шығуды қамтамасыз етеді. Бұл
жерде алғашқы қауымдық қоғам мен мәдениеттің біртінділігі бұзылып, әлем
мен табиғатты игеру мен қайта түлету тәсілдері бар мәдениеттің әртүрлі үлгісін
қалыптастырады.
Алғашқы қауымдық қоғамнан шығудың келесі сатысы Ежелгі Шығыс,
онан кейін антикалық дәуір деп санайтын пікірлерге сәйкес, мәдениеттің бұл
үлгілері тік сызықты болған жоқ. Өркениеттің бұл үлгілерінің өзіндік социо
мәдени негіздері болды. Мәселен, Ежелгі Шығыс ауыл шаруаруашылық үлгі
негізінде дамып, экономикалық негізі мен мемлекеттік формасы шығыстық
деспоттық үлгідегі өндірістің азиаттық тәсілімен егіншілік өркениетін құрды.
Антикалық әлем қолөнер мен сауданы дамытуға бағытталған өзінің өркениетін
құра отырып, экономикалық негізіне құлиеленушілік пен, біртіндеп басқарудың
демократиясына әкелетін қала-мемлекеттілікті талап етті. Адамзат дамуының
бұлардан басқа жолдары, көптеген халықтар мал шаруашылығымен
айналысқан көшпелі тұрмыс салты мен аңшылық және терімшілікпен
айналысуды жалғастыра берді.
Адамзаттың алғашқы қауымдық жағдайдан шығу жағдайында ары
қарай дамудың үш бағыты тұрды. Олардағы әрбір пайда болған құбылыстары
алғашқы қауымдық ойлау, аңыз, дәстүр, адамгершілік, эстетикалық және
көркемдік санасы қайта түлеп, әртүрлі мәдениет үлгілерін тудырды. Көшпелі
мал шаруашылығымен айналысатын халықтардың мәдениетін көптеген
зерттеушілер архайкалық мәдениетке жатқызды. Бұл әрине дұрыс емес,
шындығына келгенде олардың мәдениеті егінші халықтардың мәдениетінен
ерекшеленетін, тұрақты, кез келген жаңалықты жоққа шығаратын, өте баяу
өзгеріске түсетін дәстүрлі мәдениет. Египет, Вавилон, Индия, Қытай
елдеріндегі өркениет осындай еді. Көптеген көрсеткіштер бойынша олар
архайкалық мәдениетке ұқсас еді.
Жаңашылдыққа
және
тез
өзгеріске
бағытталған
қазіргі,
модернизацияланған мәдениеттің негізін шоғырланған қала-мемлекеттер, үнемі
даму мен қоршаған әлемді шектеусіз қайта құруларға бағыттаған антикалық
өркениет қалады. Модернизацияланған мәдениеттің нақты дамуы жаңа кезеңде,
шамамен ХVI ғасырда Батыс Европада басталды.
Сонымен, архайкалық мәдениет деп, осы кезеңге дейін сақталған, біздің
планетамыздың түкпір-түкпіріндегі аңшылар мен терімшілердің мәдениетін
айтамыз. Дәстүрлі мәдениет шаруашылықтың жоғары даму деңгейі- егіншілік
және мал шаруашылығымен байланысты, сондай ақ тұрақтылықпен
төзімділікке бағытталған, көптеген көрсеткіштер бойынша архайкалық
мәдениетке ұқсас, сондықтан да бұл ұғымдарды кейде синоним ретінде
қабылдап жатады. Европада пайда болған және жаңашылдық пен прогреске
бағытталған модернизацияланған мәдениет қазіргі кезеңде тасымалдаушысы
көптеген халықтар болып саналатын әлемдік мәдениет негізіне айналды.
Дәстүрлі мәдениеттің негізгі белгілері. Этникалық мәдениеттің
көптүрлілігінен ғалымдар қоғамда кең таралған, болған өзгерістері бір ұрпақ
өмірінде аса білінбейтін дәстүрлі мәдениет түрін бөліп алып қарайды.
Мәдениеттің бұл түрінде ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүр басым болады.
Дәстүрлі мәдениет өзін құрайтын элементтермен қабысады, онда адамдар
қоғамнан бөлектенбейді. Мұндай мәдениет қоғаммен органикалық түрде өзара
ықпалдасады, онымен бір болады, ол өзінің болмысын, өзіндік мәдени
ерекшелігін
сақтауға
бағытталады.
Дәстүрлі
мәдениет
әдеттегідей,
индустриаландыруға дейін, жазу мәдениеті жоқ, негізгі шаруашылығы –ауыл
шаруашылық жағдайында қалыптасады. Әлемде әлі күнге дейін аңшылықпен
терімшілікпен айналысатын халықтар бар.
Этнологтар үшін дәстүрлі мәдениет пен қазіргі тарихи іс-әрекетпен
қарым қатынасы мәселесін зерттеу маңызды.
Дәстүрлі мәдениеттің негізгі қасиеті оның синкретизмі, тұтастық пен
бөлшектенбейтіндігін көрсететін тұрмыстың үш түрі: мәдениет, қоғам және
адам. Рулық-тайпалық ұжымның әрбір мүшесі тұтасқа тең – бәрінде бір атау,
дене түсі, әшекейі, аңызы, өлеңі, ғұрпы бір. Әйтпесе, «мен» «бізге» айналады.
Адам өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде санайды. Синкретизм дербес өзінің
қызметі бар, жеке салаларға бөлшектенбеген мәдениеттің құрылымынан да
байқалады. Бұл синкретизмнің көрінісі миф болып табылады, бұл синкреттік
құрылым әлемді тұтас қабылдайтын және тамырында кейінірек мәдениет
салалары айқындалады. Мифте сыртқы әлемнің нақты элементі мен нақты
идеясынан алынған сезімдік образдың сәйкестігі жүзеге асырылады.
Қазіргі кезеңдегі тарихи жағдай этномәдени ахуалдың күрделенген
кезеңі.
Қазіргі
дәуірдің
іргелі
мәселелерінің
бірі
дәстүрлілікпен
жаңашылдықтың қарама-қарсылығы. Осы қарама - қайшылық тарихи-мәдени
үдерістердің дамуына ықпал етеді. «Модернизациялау» проблемасы отарлау
дәуірінен басталды деуге болады. Олар прогрессивті дамуға кері әсер етеді деп
жергілікті халықтың сенімін дәстүрлілігін қиратты, сөйтіп өздерінің ісін
игілікті іс деп санады. Ол кезде модернизациялау жаңаны іс әрекеттің жаңа
формаларын, технологиялар мен идеяларын енгізу дамуды жеңілдетеді деп
санады.
«Модернизация» термині бүгінде бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден, модернизация деп қоғамдағы барлық прогрессивті өзгерістерді
атауға болады. Бұл ұғым «жаңашылдық-қазіргі» ұғымының синонимі- оның
астарында әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени және интеллектуальды
трансформациялық кешендердің өзгерісі жатыр. Екіншіден, модернизация –
дәстүрлі, технологиялыққа дейінгі қоғамның рациональды, секулярлы қарым
қатынастағы жоғары дифференциалды әлеуметтік құрылымның машиналы
технология қоғамына, өтуі. Үшіншіден, модернизацияны жалпы алғанда артта
қалған не нашар дамыған елдердің дамыған елдерді қуып жетуде алған күш
тәсілі депте айтуға болады. Модернизация жалпы алғанда қазіргі қоғамның
институттарымен құрылымы қалыптасатын күрделі де қарама қайшылықтағы
әлеуметтік мәдени үдеріс деп атауға болады.
Бұл терминнің ғылыми түсінігі индустриалды қоғам теориясы (К.Маркс,
О.Кант, Г.Спенсер), формальды рациональды (М.Вебер), механикалық және
органикалық модернизация(Э.Дюркгейм), қоғамның формальды теориясы т.б.
көрініс тапты, бірақ бұлардың барлығында модернизацияға баға берудегі
неоэволюционистік бағыты бір болды. 1.қоғамдағы өзгерістер бірсызықты,
артта қалғандар дамыған елдердің жолымен жүреді, 2. бұл өзгерістер міндетті
артқа қайтпайды, финалға-модернизацияға әкеледі. 3. Өзгеріс біртінділікті
әкеледі, бейбіт қорлану сипатта болады. 4. бұл үдерістің барлық кезеңдерін
басып өту керек. 5. бұл қозғалыстың ішкі көздерінің маңызы зор. 6.
модернизация бұл елдердің өмір сүруін жақсартады. Сонымен бірге
модернизация үдерісі жоғарыдан интеллектуальды элитамен бақылану керек.
Жоғарыда аталған ғалымдардың ішінде С.Хантингтонның сипаттамасы
ерекше:
1.модернизация - революциялық үдеріс, адамзат өмірімен қоғам
құрылымының барлық жүйесімен институттардың радикалды өзгерісі ,
кардиналды сипаттағы өзгерісі. 2. модернизация жүйелі үдеріс, ол қоғамдық
өмірдің бір аспектісін ғана алмай тұтастай алады. 3. модернизация жүйелі
үдеріс - себебі, бір фактордың не фрагменттің өзгерісі басқа элемент
жүйесіндегіні анықтап, өзгеріске түсіреді бұл тұтас жүйелі төңкеріске әкеледі.
4. модернизация жаһандану үдерісте болады, себебі, Европада басталған
әлемнің барлық еліне тарап, бүгінде жаңашыл күйге енді не өзгеріс үстінде. 5.
модернизация –ұзақ үдеріс, өзгеріс тез болғанмен бірақ оның өтуі үшін бірнеше
ұрпақтың өмірі керек. 6. модернизация – баспалдақты үдеріс, барлық қоғам сол
баспалдақтан өту керек. 7. модернизация біртекті процесс егер дәстүрлі қоғамда
әртүрлі болса, жаңашыл қоғамда негізінен өзінің құрылымында және
көрінісінде бірыңғай болып келеді. 8. модернизация артқа қайтпайтын процесс,
оның жолында қандай қиыншылық болмасын, басталғаннан соң табысты
аяқталмай бітпейді. 9. модернизация прогрессивті процесс оның жолында
қандай қиыншылық болмасын модернизацияланған қоғамда адамның мәдени
және материалдық игілігі жоғары болады.
Модернизацияның тікелей ұғымы бірнеше бағыттардың өзгерісі болып
саналады. Тарихи аспектіде модернизация АҚШ және батыс Европа елдері
қалыптасқан жүйемен жүру. Құрылымдық аспектіде жаңа технологияны іздеу,
өмір сүру тәсілінің бірі ауыл шаруашылығынан коммерциялық ауыл
шаруашылыққа жылжу, қара күштен қазіргі машина және механизмге ауысу,
қалаларды көбейтіп жұмыс күшінің кеңістігін тарату. Саяси сферада – тайпа
көсемінің өктемдігінен демократияға, білім саласында- сауатсыздықты жою
және білім құндылығын арттыру, т.б. Психологиялық аспектіде- қазіргі тұлғаны
қалыптастыру, яғни жеке басын емес, қоғамдық проблемаларға көңіл аудару,
жаңа тәжірибе қабілетіне ие болу, ғылым мен ақыл ойға сенімділік, болашаққа
ұмтылу, білімділіктің жоғары деңгейі, мәдени және кәсібиліктің тартылысы.
Бірақ модернизация теориясының бір жақтылығы мен кемшілігі тез
айқындалды, оның тіпті қағидалары да сынға алынды. Бұл концепцияның
қарсыластары «дәстүрлілік» пен «жаңашылдық» ассиметриялы, олар
дихотомиялы бола алмайды. Қазіргі қоғам – бұл идеал, ал дәстүрлілік –қарама-
қайшы ақиқат. Дәстүрлі қоғам жоқ, екеуінің арасындағы айырмашылық өте
жоғары, сондықтан да модернизацияның универсалды рецепті болмайды да.
Сондай ақ «қазіргі қоғам» түсінігіне де не кіретіндігі белгісіз. Дәстүрлілік пен
қазіргі заман бірін бірі жоққа шығарады деген түсінік те сынға алынды.
Шындығында кез келген қоғам дәстүрлі және қазіргі заман элементтерінің
қорытпасы деуге болады.
Модернизацияның негізгі теориясына сыни баға беру «модернизация»
ұғымыны диффренциялауға әкелді. Зерттеушілер модернизацияны алғашқы
және екінші деп бөлді.
Алғашқы модернизация деп, индустриализация және батыс Европа мен
Американың кейбір елдерінде капитализмнің пайда болуымен бірге жүрген
әртүрлі әлеуметтік мәдени өзгерістерді айтамыз. Оны ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып келе жатқан және өмірдің дәстүрлі укладын, яғни ескінің қиратылып,
азаматтық құқықтың теңдігін жүзеге асыратын және демократияға шақырумен
байланыстырады. Алғашқы модернизацияның негізгі идеясы индустрализация
және капитализмнің даму үдерісінен тұратын яғни жеке адам бостандығы негізі
мен адам автономиясы, оның құқығының кеңеюіне алғышарт жасаудан тұрады.
Екінші реттегі модернизация әлеуметтік ұжыммен мәдениеттің үлгісі
қалыптасқан өркениетті дамыған елдер қоршауындағы дамушы елдерде
жүретін («үшінші әлем» елдері) әлеуметтік мәдени өзгерістерді қамтиды.
Соңғы онжылдықтарда модернизация үдерісін қарастыру барысында
диктатурадан босаған бұрынғы социалистік елдердегі модернизация
қызығушылықты тудырды. Осыған байланысты кейбір зерттеушілер «үшінші
модернизация» деген ұғымды енгізуді ұсынды. Мұнда орташа индустриалды
дамыған елдер қоғамдық қайта құрылымдар үдерісін тежейтін, өзінің бұрынғы
саяси және идеологиялық жүйесі белгілерін сақтай отырып, қазіргі заманға
өтумен айқындайды.
Дегенмен де, дамыған капиталистік елдердегі қорланған өзгерістер жаңа
теориялық түсініктерді енгізуге итермеледі. Нәтижеде, постиндустриалды,
супериндустриалды, ақпараттық, «технотрондық», «кибернетикалық» қоғам
(О.Тоффлер, Д.Белл, Р. Дарендорф, Ю. Хабермас, Э. Гудденс және т.б.)
теориялары пайда болды. Постиндустриалдылық индустриалды қоғамның
орнына келеді, мұнда өнеркәсіптік (экологиялық) сала басым болады.
Постиндустриалды қоғамның ерекше белгісі ғылыми білім деңгейі жоғарылап,
қоғамдық өмір экономикаға қарағанда ғылым саласын орталыққа
айналдырады. Капитал мен материалдық ресурстар шешуші факторға
айналмайды, ал білімді тарату мен алдыңғы қатарлы технологияны енгізетін
ақпарат маңызға ие болады. Бұрынғы экономикалық элитаның орнына жаңа
білім деңгейі жоғары, білікті, білімді және технологияға негізделген
интеллектуалды элита орнына келеді.
Сонымен қазіргі қоғам –бұл ғылым мен техниканың, білім беру жүйесі мен
бұқаралық ақпараттың басымдығымен ееркшеленетін кезең. Осыған
байланысты дәстүрлі қоғамның модернизациялық концепциясының негізгі
қағидалары өзгерді:
1) модернизацияның қозғаушы күші ретінде саяси және интеллектуалды
элита емес, белсенді әркет ететін бұқара халық танылады;
2) модернизация бұл жағдайда элитаның шешімі емес, бұқаралық
коммуникация құралымен жеке байланыс ықпалымен азаматтардың өзінің
өмірін батыстық стандартқа сәйкестендіруге жаппай ұмтылуы;
3) бүгінде модернизацияның ішкі емес, сыртқы факторы екпінді – ол
әлемдік геосаяси күштерді ұйымластыру, сыртқы экономикалық және
қаражаттық қолдау, халықаралық нарықтың ашықтығы, сенімді идеологиялық
құралдың қолжетімділігі- қазіргі құндылыққа негізделген доктрин;
4) АҚШ ұзақ уақыт бойы қолдаған қазіргі заманға бірыңғай әмбебап
моделдің орнына қазіргі заман және үлгілі қоғам қозғаушы күштерінің
орталығы - Батыс қана емес, Жапония және «азия жолбарыстары» деген жаңа
идеялар пайда болды;
5) модернизация үдерісінің бірыңғай түрі жоқ, оның қарқыны мен ырғағы
және салдары әр елдердегі әлеуметтік өмірдің әр саласында әр түрлі болады;
6) модернизацияның қазіргі картинасы бұрынғымен салыстырғанда
азырақ тиімді - барлығы мүмкін және қолжетімді емес, барлығы саяси
еркіндікпен байланысты емес, барлық әлем қазіргі Батыс елдері сияқты өмір
сүре алмайды, сондықтан, қазіргі теория артқа шегінуге, ізбе-із жүруге,
сәтсіздіктерге көп көңіл бөледі;
7) бүгінде модернизация тек қана ұзақ уақыт бойы маңызды деп саналған
экономикалық көрсеткіштермен емес, ол құндылықтар және мәдени кодтармен
бағаланады;
8) жергілікті дәстүрді белсенді қолдануды ұсынады;
9) бүгінде Батыстағы негізгі идеологиялық климат – прогресс идеясынан -
эволюционистердің негізгі идеясынан бас тарту, мұнда постмодернизм
идеологиясы үстемдік етеді, бірақ осыған байланысты модернизацияның
концептуалды негізі құлады.
Сонымен, бүгінде модернизация шектеулі тарихи үдеріс институттар мен
қазіргі заман құндылықтарын: демократияны, білім нарығын, ақылға қонымды
әкімшілікті, өзіндік пәнді, еңбек этикасын заңдастырушы ретінде
қарастырады. Бұл жағдайда қазіргі қоғам дәстүрлі қоғамдық уклад орнына
келген қоғам не индустриалды кезеңнен шықан және оның барлық белгілері
бар қоғам ретінде анықталады. Ақпараттық қоғам қазіргі қоғамның сатысы
(қоғамның жаңа типі емес) индустриализация және технологизациядан кейінгі
және адам өмір сүруінің негізін гуманизациялауды онан әрі тереңдетуімен
сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |