Тарих, археология және этнология факультеті


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет58/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78
Учебник Теор. этнология

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Аккультурация және мобилизацияның мәдени бағытты 
2. Қазіргі кездегі әлемнің этникалық картасының жағдайы 
Әдебиеттер тізімі 
1. Артюнов С.А. Народы и культуры. Развитие и взаимодействие.- М., 1989. 
2. Емельянов Ю.Н. Введение в культурантропологию. – СПб., 1992.
3. Этнология (этнография): учебник для бакалавров /под.ред. В.А. 
Козьмина, 
4. В.С. Бузина. – М.: Изд-во Юрайт, 2015. – 580 с.
5. 3 Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология. – М.: высшая школа, 
2000. -304 с.
10 ЭТНИКАЛЫҚ ЖАНЖАЛДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ОЛАРДЫ 
ШЕШУ МЕН БОЛДЫРМАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
Этникалық жанжалдардың ерекшелігі мен олардың себептері. 
Қазіргі әлем бірнеше мыңдаған әртекті этникалық қауымдардан (ұлт, 
халық, тайпа, этникалық топ және т.б.) тұратын күрделі этникалық жүйені 
құрайды. Сонымен бірге олар санымен, даму деңгейімен ерекшеленеді. Әлем 
халықтарының әлеуметтік-экономикалық, этникалық және демографиялық 
үдерістерінің әркелкілігі әлемнің саяси картасынан көрініс тапқан. Қазіргі 
елдердің негізгі бөлігі полиэтникалық мемлекетті құрайды. Көпұлттылық 
дамушы елдерде кең тараған. Мәселен, Индияда бірнеше жүздеген әр текті 
этникалық қауымдар, Индонезияда 150 –ден аса, т.с.с. Осындай этникалық 
құрылымның күрделілігі халықтар арасындағы қайшылықты, проблемаларды, 
шиеленісті тудыруы заңдылық.
«Этникааралық шиеленіс» түсінігі.
Әлеуметтік жанжалдың қайсысы болмасын оның ішінде этникалықта
барлық уақытта күрделі әрі қарама қайшылықты, себебі оның барлығы әр 
жақтың өзінің көтеретін ашық және жасырын мүддесі мен талабына яғни 
жанжалды тудыратын мәселелермен факторларға байланысты. Қандай 
этникалық жанжал болмасын этникалық қауымның ерекше психикалық 
жағдайына әсер ететін: этностың мүддесіне нұқсан келтіру, сыртқы 
қолайсыздық пен оның дамуына кедергі келтіретін жағдайлардың орын 
алуымен байланысты туады. Этникалық шиеленістің деңгейі этникааралық 


коммуникацияның құрылымы мен мазмұнына, өзара ықпалдастықтағы 
қауымдардың этникалық мәдениет ерекшелігі мен олардың қарым-
қатынасындағы тарихи сипатпен байланысты.
Этникааралық 
шиеленістің 
қалыптасуына 
этникааралық 
қарым-
қатынастың тарихы да әсер етеді. Халықтардың арасындағы бір-біріне деген 
қысымшылық не наразылық, т.б. тарихи естелік еске түседі. Ал тарихи 
тақырыптарға арналған митингілер әлеуметтік шиеленістен этникааралық 
шиеленіске ауысуына әкеледі.
Этникалық шиеленіс бұқаралық психикалық ахуал ретінде эмоцияға 
негізделген. Митингте бұқара халық эмоциядан әркетке көше салуы жеңіл, 
мұнда тек лидерлер не лидерлік топтар болса жеткілікті.
Жанжалды ахуалдың шиеленісуі, ақпараттық қарым қатынастың 
қиындауы және екі жақтың бір-біріне деген сәйкессіздігі зорлықты 
қалыптастырады. Кез келген зорлықшыл әрекет екінші жақтың жауап беруімен 
аяқталады. Сондықтан этникалық жанжал деп, бір этникалық кеңістік 
шеңберіндегі жекелей этникалық топтың мүддесі мен мақсатының 
орындалмауына қатысты бір жағынан мемлекетпен, екінші жағынан мемлекет 
пен басқа да этникалық топтар қарым-қатынасында өздерінің жағдайын 
жақсартуды талап еткен этникалық топтардың ұмтылысындағы әлеуметтік 
ахуал. 
Этникааралық шиеленісу және жанжал этностың өмір сүруімен емес, 
халықтың өзі өмір сүрген ортадағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және 
тарихи ахуалдармен байланысты туады.
Этникалық жанжалдардың себептері. Кез-келген этникалық жан-
жалдардың негізінде негізгі және қосалқы себептер бар. Этникалық жан-
жалдардың негізгісіне территориалдық дау, миграция мен орын ауыстыру, 
тарихи естелік, өзін-өзі тануға ұмтылыс, материалдық шикізат ресурстарына не 
оны бөлісу үшін күрес, ұлттық элиталарының билікке көңіл толмауы, еңбек 
бөлінісі саласындағы этностар арасындағы бәсекелестік.
Территориалдық дау. Жоғарыда айтып өткендей қазіргі әлемде 200 ден 
аса мемлекеттерде бірнеше мыңдаған этностар өмір сүреді. Бұл қазіргі 
мемлекеттердің көпшілігі көпұлтты екендігін көрсетеді. Олардың құрылуы 
ұзаққа созылған шиеленістер мен тұратын территория үшін күреспен бірге 
қатар жүрді. Қазіргі кезеңде жекелей этностардың мемлекеттілікке ие болуы 
дамуда, оның ақыры басқа этностардың территориясына көз алартуға не басқа 
мемлекет территориясының бір бөліні Үлкен ұлттардың барлығы 
территориалды ұжымдасқан адамдар қауымдастығы, сондықтан басқа этностың 
территорияға көз алартуы оның өмір сүруіне қастандық деп саналады. 
Миграциялық және қоныс ауыстыру, өзін өзі айқындауға ұмтылу, 
материалдық ресурстарды иеленуге және оны қайта бөлісуге ұмтылу- бағалы 
жер мен оның қазба байлықтарына деген материалдық ресурстарды иеленуге 
этностардың ұмтылуы, ұлттық элитаның билікке деген наразылығы- мұндай 
жағдайлар көбіне қоғамның дағдарыс жағдайларында экономикалық, 
әлеуметтік-саяси қарама-қайшылықтармен жанжалдармен билікті бөлісуге 


ұмтылу. Бұл этникалық жанжалдардың негізінде халықты модернизациялау 
және интеллектуандыру жатыр.
Еңбекті бөлісудегі этнос арасындағы бәсекелестік - негізінен көпұлтты 
мемлекеттің этникалық топтар арасында еңбекті жүйелі бөлуі де маңызды 
болып саналады. Себебі, әр еңбек көзі әрқалай кіріс көзін бергендіктен олардың 
арасында бәсекелестік пайда болады. Сондықтан да әрбір шиеленістің туу 
себептерін жақсы білу керек. 
Бұрынғы КСРО аумағындағы шиеленістер бірнеше топтарға бөлінеді:
әлеуметтік-экономикалық - өмір сүру жаңдайының теңсіздігі, мәдени –тілдік, 
этнодемографиялық, 
экологиялық, 
этнотерриториалдық, 
тарихи, 
конфессионалды, мәдени т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет