конституция немесе автономиялық құқық шеңберінде ресми билік органы не
сол автономия халқы бірлігінің қабылданған шешімін территориалдық
автономияға енетін ірі бірліктегі мемлекеттік ресми билігі не ресми билік
органы өзгерте алмайды.
Территориалдық автономия құқығының көлемі әр түрлі. Осыған
байланысты оның екі формасын бөліп қарауға болады: мемлекеттік (заң
шығарушы) және жергілікті (әкімшілік).
Территориалдық автономияның
мемлекеттік формасының сыртқы мемлекеттік белгілері- парламент, өкімет,
кейде конституция, азаматтық, т.с.с. сондай ақ жалпымемлекеттік
конституцияда автономиялық парламенттің
заң шығарушы құзіреттілігі
аясында анықталады. Автономияның жергіілкті формасында мұндай белгілер
болмайды, ал территориалдық бірліктің автономиялық құқығы әдеттегідей
заңмен анықталады. Бұ,ан мысал Фарьер аралы мен Гренландия аралы Данияға
қарап, территориалдық автономияны қолданады. Грузиядағы Аджария және
Украйнадағы Крым.
Автохтондық (грек сөзі, autos – өзің+ chthon-жер) – алғашында ақ,
территорияның бір жеріндегі байырғы тұрғындар.
Автохтонды термині көбіне
дәстүрлі өмір салты бар жергілікті байырғы аз санды халықтарға қатысты
айтылады. Мәселен, Ресей федерациясындағы 60 –тан астам автохтонды
этностар бар, оның 40 –қа жуығы солтүстікте, Сібірде, Қиыр Шығыста
орналасқан. Ал саны 50 мыңның ар жақ бер жағында. Олар РФ федералдық
заңдарымен қорғалған.
«Автохтонды» термині 40-50
жыл бұрын кең таарды, өазіргі кезеңде
этнологияда сирек қолданылады, көбіне «аборигендер», «жергілікті халықтар»
термині қолданысқа ие.
Достарыңызбен бөлісу: