Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет65/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   78
Учебник Теор. этнология

Антисемитизм – шовинизмнің ең жауыздық түрі, еврей ұлты өкілдеріне 
дұшпандық қатынасты білдіреді. Өзінің ұлтын жоғары қойып, басқаны «бөтен» 
санайтын ұлтшылдық, т.б. түрлерінен антисемитизмнің ерекшелігі, мұнда басқа 
«бөтенді» семит халқы - еврейлерді жек көру, қуғындау болып табылады. 
Антисемитизмнің тамыры ерте кезеңнен, библия кезеңіндегі Таяу Шығыстың 
тайпалары мен мемлекеттері арасындағы жаугершілік заманнан, Рим 
империясының құлдығындағы израйлдық диаспораны, тілі, дәстүрі, 
христиандық емес діні жат болған еврейлерді бүкіл Европа елдеріне қаңғыртып 
жіберуден бастау алады. Германия, Австрия-Венгрия, Ресей империясының 
феодалдық және жартылай феодалдық жағдайында еврейлер тең құқықты 
болған жоқ, олар діни және ұлттық қуғындауға ұшырады.
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары фашистік Германияның еврей халқына 
геноцид ұйымдастыруы және қуғындауы мемлекеттің ресми саясаты болған
антисемитизмнің жаңа ұшқыны қайта тұтанды. Фашистік Гитлер 6 млн. 
еврейлерді қырып жіберді.
Антропология (грек сөзі anthropos – адам logos –ұғым, білім) – адам және 
оның нәсілінің пайда болуы мен эволюциясын зерттейтін ғылым. Дербес ғылым 
ретінде ХІХ ғ. ортасында қалыптасты. Антропологияның негізгі бөлімдері: 
антропогенез, адам морфологиясы (барлық адамзаттың дене құрылымының 
вариациялары мен өсуінің заңдылығын зерттейтін ғылым ) және этникалық 
антропология, сондай ақ нәсілтану. АҚШ-та, Ұлы Британияда антропология кең 
ұғымда қолданылады, физикалық антропологиядан басқа этнология пәні мен 
мазмұнына келетін әлеуметтік антропология, мәдени антропология енеді.
Этникалық антропология (нәсілтану) этнография мен антропология 
түйісінде қалыптасқан ғылыми пән, ол нәсілдің пайда болуымен байланысты 
этностың шығу тегі мәселелерін, кезеңдер бойынша нәсілдік белгілердің 
эволюциясын, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы араласу - нәсіларалық 
метисацияны зерттейді.
Этникалық межелеуде антропологиялық белгілер белгілі бір роль 
атқарады. Сонымен қатар, негізгі нәсілдерді бөлу үшін пайдаланатын 
антропологиялық ерекшеліктерді алып қарайтын болсақ, онда әлемнің басым 
бөліктері халықтары тіпті көптеген тілдік семьядағы халықтардың нәсілі 
салыстырмалы түрде біртекті болып келеді. Үндіевропа тіліндегі барлық 
адамдардың 90% , орал лингвистикалық тіл семьясында сөйлейтін халықтардың 
95% европеоидты, қытай тибет тілі семьясында сөйлейтін халықтың 100% 
моноғол нәсіліне жатады. Негізгі нәсілдер арасындағы кейбір әртүрлілік


африкан не семит-хамит тіл семьясында (70%-европеоидты және 20% 
жоғарысы моноголоидты, қалғаны аралас нәсіл), бірақ бұл екі тілдік семьяда 
сөйлейтін халықтардың барлығы адамзаттың бар-жоғы 4% ғана құрайды. 
Сонмен бірге әлемнің 30% аралас және аралық нәсілдік қатынастарды құрайды.
Осының барлығы, әдеттегідей антропологиялық (нәсілдік) көрсеткіштерді 
бір нәсілді екінші нәсілден айыру үшін қолданатын белгі ретінде қабылдауға 
қиындық келтіреді. Этностардың біраз бөлігінің әр түрлі негізгі (үлкен) нәсілге 
жататындығын (мысалы, латынамерикан халықтарының біраз бөлігі) естен 
шығармауымыз керек. Сондықтан да нәсілдік бірлік кез келген халықтың не 
этникалық қауымның міндетті белгісі деу дұрыс емес. Сондай ақ ірі этностар 
немесе кіші нәсілдер (мысалы, әртүрлі антропологиялық типтер Италияның 
оңтүстік және солтүстік бөлігі тұрғындары арасында басым) әртүрлі 
антропологиялық тип өкілдерін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет