Тарих, археология және этнология факультеті


Ұлттық мәдениеттің өзара әрекеттестігі



Pdf көрінісі
бет67/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78
Учебник Теор. этнология

Ұлттық мәдениеттің өзара әрекеттестігі – халықтардың өзара 
байланысы, өзара қарым- қатынасы барысында жүретін өзара ықпалдасу, 
мәдениетті түйсіну мен байыту үдерісі. Мәдениет - халықтардың тұрақты өзара 
ықпалдастығы, өзара байыту мен түсіністік аренасы. Саяси дүрдараздық 
қалыпты қатынастың өзін бұзуы мүмкін, әсіресе консолидациялық «өзіміз» 
және «бөгде» сыртқа тебу көріністерімен көзге түсетін ұлттық қарама-
қайшылықта мәдениетті құрал етіп алса, онда қарым-қатынастың негізі 
бұзылады деуге болады.
Гегемонизм (грек сөзі, hegemonic – үстемдік етудегі артықшылық) – 
сыртқы саясат, басқа халықтар мен елдерге үстемдік етуге, әлемдік үстемдікке 
ұмтылуға негізделген. Ол әр түрлі: саяси, әскери, экономикалық, идеологиялық 
формада көрініс табады. Гегемонизмнің негізінде – ұлт, халық, адамдардың 
рухани және интеллектуалды теңсіздігі жөніндегі нәсілшілдік идея, «жоғары» 
халықтың «төменгі» халыққа әмір жүргізу құқығын жақтау бағыты жатыр. 
Гегемонизм –барлық мемлекеттер мен халықтардың теңдігі идеалына қарама-
қайшы (антипод).
Қазіргі гегемонизм көптүрлі: ол Батыс елдерінің ірі экономикалық және 
әскери қатынастарындағы «ұлттық қауіпсіздік стратегиясында» және үшінші 
әлем елдеріндегі ұлттық және діни концепцияларында көрініс табады.
Гегемонизмнің кез келген формасында көрініс табатын саясат халықаралық 
құқықтың нормалары мен принципіне сай келмейді.
Генетикалық «Дрейф» -  
Геосаясат (грек сөзі geos-жер, ел және саясат)саяси пікір бағыты, 
күшті тәуелділ
Геноцид (грек сөзі, genos-ру, тайпа, латынша caedere - өлтіру) – қандай 
болсын ұлттық, этникалық, нәсілдік не діни топтарды түгелдей не ішінара 
құртуға бағытталған әрекет. Геноцид мынандай әрекеттермен көрінеді: сол 
топтың мүшелерін өлтіру, сондай топтың ақыл-ойын бұзу не дене мүшесіне 


әжептәуір зақым келтіру, топтың түгелдей не ішінара құрып бітуіне 
бағытталған алдын ала ойластырылған тұрмыстық жағдай жасау, сондай 
топтың ішінде бала тууды болдырмау шараларын жасау, бір адамзат тобынан 
басқаға баланы күштеп алып беру, т.с.с.
Геноцид термині 1944 жылы американ заңгері Р.Лемкиннің «Основное 
правило в оккупированной Европе» деген еңбегінде қолданылды. 1948 жылы 9 
желтоқсанда БҰҰ мүшелері-барлық елдер ратифициялаған геноцидтің алдын 
алу не оны жазалауға қол қойылған Конвенцияда терминнің заңдық мағынасы 
дамыды. Конвенцияға сәйкес геноцид халықаралық қылмыс болып саналады. 
Конвенцияға қатысушы - мемлекеттер геноцид қаупін төндіретін, не оны 
қолдайтын, не оны жүзеге асыратын кез-келген әрекетке қарсы. Геноцидтің 
қоғамдық қаупі сонда, егер ол қылмыстық әрекет жүзеге асса, онда белгілі бір 
ұлт, этникалық не адамдардың нәсілдік, не діни топтары түгелдей не жартылай 
өзінің өмір сүруін тоқтатады. Бұл адамзат қауымдастығының әр түрлілігін 
азайтып, халықаралық құқықтық тәртіптің негізін бұзады. БҰҰ Конвенциясы 
ол бейбіт не әскери жағдайда болмасын, геноцид – ол қылмыс, сондықтан ол 
халықаралық құқық нормаларын бұзуға әкелетін құбылыс деп санайды.
Тайпа – этноәлеуметтік қауымның бір түрі, алғашқы қауымдық құрылыс 
кезеңіне тән негізгі тұтас этникалық құрылым. Этностың бұл түрінің негізгі 
сипаты мынада, оның ішкі бірлігі – рулық – қандас туыстық принципіне 
негізделген, мұнда рулық экзогамия тайпалық эндогамиямен қабысады. 
Тайпаның саны салыстырмалы түрде аз санды құрайды, өндіргіш күшінің 
әлсіздігімен айқындалады.Тайпалық өзіндік сана барлық тайпалардың шығу 
тегі ортақ екендігі жөніндегі түсінігі, онда да олардың ата-тегі аңызға 
негізделіп, бірнеше туысқан тайпалардың тіл ортақтығы мен миграция 
нәтижесіндегі территория өзгерісін онша байланыстырмайды.
Өзінің дамуындағы ерте кезеңде тайпа өзарасындағы мәдениет белгілері
мен шығу тегінің ортақтығын мойындайтын рулар жиынтығын құрады. 
Тайпаға саяси сипат алмаған билік органының болуы, сондай ақ оларда салт-
дәстүр, діни түсініктерінің бірлігі мен өздерінің жеке атауларының болуы да 
тән. Тауар-ақшаның рулық қатынастарды ығыстыруы тайпаның ыдырауына 
және халыққа бірігуіне әкелді.
Қазіргі кезеңде тайпа баяғы классикалық түрде сирек кездеседі. Бұдан 
басқа шетелдік зерттеушілер «тайпа» терминін басқа түрдегі этникалық 
құрылымдар ретінде көрсетеді. Ондай «тайпалар» ондаған не жүздеген мың 
саналады, кейде миллионға жетеді. Шындығында мұндай қауымдарды халық 
деп атаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет