Бағдарламасы (Syllabus)



Pdf көрінісі
бет8/46
Дата01.11.2022
өлшемі385.53 Kb.
#463807
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Адаи

Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәруыз
тектес органикалық зат оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат)
21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады.
Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың
сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш
болатындықтан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды.
Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық заттар азайып,
минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер
иілгіштік қасиетінен айырылып морт сынғыш келеді.
Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер,
сіңірлер бекінетін әр түрлі сайшалар (борозда), төмпешіктер,
қантамырлары мен жүйкелер өтетін тесіктер болады. Қанқаны
құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Атқаратын қызметіне
қарай байланыстар: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы және
қозғалмалы деп бөлінеді.
Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз
жатады. Бұлар бір-бірімен тұтасып қозғалмайтындай болып
байланысқан.
Жартылай қозғалмалы – шеміршектер арқылы омыртқалар бір-
бірімен байланысқан.
Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға 
аяқ-қол
сүйектерінің байланысы жатады.
Буындар. Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын деп
сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Әрбір буынның
сырты тығыз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын
қапшығы дейді. Буын қапшығында қабырғаларынан бөлінетін буын
сұйықтығы болады. Сұйықтық үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын
ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын
беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады. 
Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпен
қапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны
(толчок) әлсіретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет