71
Асқарова А.,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
доценті, филология ғылымдарының кандидаты
Баязитов Б.,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетініңмагистранты
«СОҢҒЫ КӨШТЕГІ» ТАРИХИ ДЕРЕКТІЛІК
Шығарманың тарихи негізі жайлы айтылған ой, жазылған зерттеу аз емес. Сонда да болса, әр
жазушының тарихи көркем туындыны жазу барысында өзінің ұстанатын концепциясы, шығармаға
керекті деректері әр қилы болып келеді. Мына бір пікірге назар аударып көрелік:
Кейде болашақ шығарманың материалын үздіксіз ізденіс үстінде, құм арасынан кебек алатын
елегендей, өмірді тімтіне жүріп табатын болсаң, енді бірде тағдырдың асау толқыны сені өзімен
бірге дөңгелетіп алып кетеді де, бастан кешкен, өзің тірі куәсі болған сан алуан оқиғалар тыным
таптырмай, қолыңа еріксіз қалам ұстатады.
Азды-көпті шығармашылық тәжірибемде менің басымнан осы екі жағдайдың екеуі де өтті.[1.
386-387]
Бұл халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың сөзі. Байқасаңыз осы сөздің өзінен жазушының
шығармашылық жолының басты сүрлеуі көрінеді. Ал жазушының «Соңғы көш» дилогиясы жайлы
...«Соңғы көш» дилогиясын менің пешенеме тағдырдың өзі әкеліп таңды деуге болады. [1. 387] –
деуі біздің тақырыбымыздың бет бағдарын анықтап тұр десек те болады.
Қ. Жұмаділовтың «Соңғы көш» роман-дилогиясының басты көтерген жүгі – екі алпауыттың
ортасында бөліске түсіп, өз жеріне иелік етуден қалған қазақтың талайлы тағдыры екендігін
автордың мына сөзінен аңғарғандай боламыз:
Өркениеттен шалғай жатқан елдің тұрлаусыз тағдыры, құландай үріккен көшпелі халықтың
шекараларды көктей өтіп, әрі-бері жөңкілуі, ұлттық езгі мен отаршылдық саясаттың түр-түрі,
қуғын-сүргін, атыс-шабыс, түрме, ашаршылық, ақыры қорлыққа шыдамаған момын халықтың тоз-
тоз болып босқындыққа ұшырауы – бәрі-бәрі бастан кешкен, дәмін татқан жайларымыз... «Соңғы
көшке», міне, осы оқиғалар арқау болды. [1. 387]
Шығыс Түркістан жерінде Қытайдың қол астына қараған қандас бауырлардың өмірі осы роман
арқылы Кеңеске қараған Қазақ елінің оқырманына алғаш танытылуы роман беделін біршама арттыра
түседі. Әрі бұл роман сол кездегі қазақ әдебиетінде шет ел өмірі жайлы жазылған алғашқы туынды
болуы автордың кейбір мәселелермен санасуын да қажет еткендігі көрінеді.
Осыған байланысты, қашан роман аяқталғанша, менің көз алдыма оқушының екі түрлі сорты
елестеді де тұрды. Оның бірі – Шығыс Түркістан өмірінен бейхабар осындағы қалың көпшілік те,
екіншісі сол трагедияны бастан кешіріп келген жүз мыңдаған тірі куәлар, яғни менің прототип-
терім. Романды жазу барысында осы екі топтағы оқушылармен де мықтап санасуға тура келді.
Бейтаныс оқушыға ондағы өзгеше өмірдің егжей-тегжейін тәптіштеп түсіндіруге, кейде «шайнап
беруге» тура келсе, ал тірі куәлардың көңілінен шығу үшін, романға мүмкіндігінше «өтірік»
қоспауға, «мынадай оқиға біздің басымыздан өткен жоқ» дегізбеуге күш салдым. [1. 393]
Бұл жазушы позициясы. Кейбір тарихи деректердің отарлаушы ел
саясаты негізінде жазылып,
тарихқа бұрмалаулар енгізілуі табиғилық деп қарастырылса, әдеби шығармада жазушының жазар
шындығы – ар алдындағы адалдығы, ел тарихына деген өзіндік танымы.
«Соңғы көште» біз жаңа түр іздеуден саналы түрде бой тартып, дәстүрлі классикалық роман
үлгісін әдейі таңдап алдық. Мұның өзі романның сиымдылығын арттырып, өмір материалдарын
молырақ қамтуға көмектесті ғой деп ойлаймын. Шығарманың реалистік сипатын арттыра түсу
мақсатында, ел есінде қалған елеулі оқиғалардың ізін жоғалтпай, ұзын-ырғасын сақтап отыру
қажет болды. Сол бір алмағайып кезеңде жазықсыз мерт болып кеткен Оспан, Тұрсын, Шәкен
сияқты бұл күнде көзі жоқ адамдардың аты-жөні өзгертілмей сол қалпында алынды. [1. 399]
Өмір шындығын көркемдеп халыққа жеткізудің осы бір қарапайым қағидасын ұстанған автор өзі
атап өткендей дәстүрлі классикалық роман жанрына арқа сүйеген. Сонымен қатар ұлттық
ерекшеліктерді, мінез бен намысты әр кейіпкерінің дүниетанымына сіңіре білген. Бұл романның
көркемдік идеялық мақсатын айқындап, негізгі ойдың оқырманға дұрыс жеткізілуіне септігін
тигізгендігін атап өтпеске болмайды.
Роман кейіпкерлерінің бейнесі сол замандағы, сол жердегі елдің күнкөрісі мен қоғамдық өзгеріс-
терді қалай қабылдағанын ашып көрсетеді. Мәселен,
72
« – Алла-ай десейші, – деп Ұзақ оны қостай жөнелді, – бұл қалаңда оснша халық қалай жан
сақтап отыр екен, құдауанда? Құмырсқаның илеуі ғой аумаған... Ұялмай-қызармай қос уыс
жоңышқаға бес жүз сом сұрайтынын қайтерсің. Көрдің бе, екі-үш күннің ішінде аттардың
қаншырдай қатып қалғанын.» [2. 105]
Қалаға бірінші рет келген қыр қазағының аузынан шыққан бұл сөздерден нені байқадық? Уақыт
– өткен ғасырдың орта кезі. Сол кездің өзінде сақталған қазақтың көшпелі өмірі.
«Жүздеген-мыңдаған жылға созылған қазақтың көшпелі өмірі осы ғасырдың ортасына дейін тек
Шығыс Түркістанда ғана сақталып қалған-ды.» [1. 396]
Автор осылай дейді. Көзбен көрген, ортасында өскен ел тұрмысы жайлы. Роман кейіпкерлері де
осы кездің адамдары. Автор осы жайттарды қағазға түсіру өзінің мұраты екендігін қапысыз білген
және аянбай еңбектенген. Автордың көз алдында
«көшпенділердің ең соңғы байы, ең соңғы биі, ең
соңғы кедей шаруасы, соңғы батыры, соңғы ұрысы, ең соңғы ару қыздары...» [1. 396] тұрғаны
шындық. Романды оқу барысында осы типтермен кездесерің анық.
Дилогиядағы саяси ахуалдың шешімі елдің бір түнде шекара асып, өткеніне қош айтқанында
жатса керек.
«...анау будақ-будақ көш жолына тағы бір рет көз салшы. Ғажап емес пе? Түбінде,
оснау ұлы көштің тарихын қағаз бетіне түсіру керек екенін ұмытпа.сенің арғы ата-бабаң да, өзәкең
Қанағат та – өздерінің тарихи миссиясын абыроймен атқарған кісілер. Бәлкім, тағдыр сенің
мойныңа да сондай үлкен бір міндет жүктеп отырған шығар?! «Нар жолында жүк қалмас» деп, сен
тегінде осы міндетті қайыспай арқалауға тиіссің.
Нұрбектің бұл сөзін басқалар да қолдап жатыр.» [3. 530]
Роман-дилогияның соңындағы бұл жолдардан Естай бейнесінің
автордың өзі екендігін, Қанағат
биден автордың әкесі Жұмаділді тануымызға болады екен. Тарихи, ғұмырбаяндық сипаты басым
романның көркемдігінің басты ұстыны екендігі Оспан, Тұрсын, Шәкендердің өз аты-жөндері
өзгертілмей сол күйі алынса, Жасыбаймен Жағыпардың өмірде прототиптері барлығынан білінеді.
«Жасыбай образында аймақтың бірінші байы Башпай бейнеленсе, полковник Жағыпарға байланысты
оқиғалар ұлт-азаттық күрестің қайраткері Жағда Бабалықов өмірінен алынған.» [3. 533]
Әрине, заманына қарай адамы дегендей, қытайлық қызылдардың жеңіске жетуі бес жылдай өз
алдына дербес ел болған Шығыс Түркістанның (1947-1952) негізгі халқына оңай соқпады. Әуелгіде
ұлттар арасындағы теңдікті сақтау ниетімен ұсақ ұлттардан қолдау табуды көздеген қызылдар әуелі
таптық мүддені алға шығарып, шаруалардан қолдау табуды көздеген болуы керек. Өздері үшін «жаңа
өлкені» (Шыңжанды) бұрыннан қоныс етіп келген байырғы ұлттарды бағындыру арқылы болашақ ірі
жоспарларына жол ашу мақсатында кейбір қатпарлы мәселелердің жатуы да шындық. «Аз
санды
ұлттардың «ұлтшыл» болуына үлкен ұлттардың «шовинизмі» себеп болады» (Мао Цзе Дун) – деген
сөздің де жаны бар. Бұл сөзді айтушының да сол ортада болғаны, тіпті сол үлкен ұлттың өкілі
болғаны да ойландырмай қоймайды.
Қорыта келгенде, өз ішінде бір ұлттың бірігіп тұтасуы, шекара асып келген елдің ол жақтағы
жағдайын таныстырған роман-дилогия қазақ әдебиетіндегі өз орнын тапқан туынды. Тарихилығы
мен көркемдігі қатар өрілген шоқтықты шығарма.
Достарыңызбен бөлісу: