Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет89/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Сариева Р. Мұрағат және тарих. Алматы, 2004.205б. 
2. 
Іс жүргізу проблемалары.//Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу. 2012 №8 40-42б.
 
 
 
Атабаева Г. К., 
“Туран” университетінің магистранты
Ғылыми- педагогикалық бағыт 
АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРУДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕДЕРГІЛЕР МЕН АСПЕКТІЛІР 
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан - 2050 Стра-
тегиясы" халыққа жолдауынан "Үш тұғырлы тіл" жөнінде мәселе қозғаған. Бұл керемет, талқылауға 
тұрарлық тақырып деп ойлаймын. "Үш тұғырлы тіл" қазақ халқының жастарының болашаққа деген 
кілті, себебі қазіргі кезде бүкіл әлем бір-бірімен тығыз байланыста, қарым-қатынаста. Тілді жетік 
меңгеру өзге елдің таңғажайып дүниелеріне қол жеткізуге көмектеседі, төрткіл дүниенің төрт бөлігін 
ашады десек артық емес. Осы күннің өзінде шет тілін меңгергеніміздің арқасында еліміз ғылым-білім 
саласында, технологияда, электроника, биология, медицина сынды т.б. салалардан жетістіктерге 
жетіп қана қоймай, жаңа асуларға да ие. Ағылшын тілі жастардың болашағы, алысқа жетелер 
жетістігі болмақ. Әр бір адам ана тілінде ойлайды және кез-келген тілде сөйлемес бұрын, барлық 
ақпаратты біріншіден ана тілінде ойластырады. Сол себепті ана тілін еш бір халық ұмытпайды. 
Жалпы кез-келген дүниені үйрену, ол психологиялық үрдіс болып саналады. Дәл осыған байланысты 
біз, адам, не себепті тез, нақты, жылдам тілді үйрене алмайтындығын анықтаймыз. 
Қазіргі таңда ағылшын тілінің әлеуметтік дәрежесі жоғары екендігі бәрімізге де белгілі. 
Ағылшын тілінің, қазіргі әлеуметтік ортада алатын орны зор екендігі бәрімізге аян. Ағылшын тілін 
меңгеру арқасында, шет елдерден кез-келген салада қолданылатын әдістемелер мен заманауи 
технологиялар елімізде қолданылуда. Сол сияқты заман талабына сай жаңа дүниелерді меңгеруге 
Ағылшын тілінің тигізген септігі де аз емес. Қазіргі жастар міндетті түрде шет тілін менгергені жөн. 
Қазіргі қазақ қоғамындағы тілдік ахуалды барласақ, жұртшылықтың ешкімнің үгіттеуінсіз-ақ 
ағылшын тіліне қарай ойысып бара жатқанын аңғарамыз. Өйткені тіл білгенге дүниенің төрт тарабы 
ашық, жаңа ақпараттар алуға мүмкіндік мол екендігі анық.


186 
Адамдар психикалық тұрғыға ие жандар, ал әр адамның психикасы әр қандай, ендеше барлық 
адам бірдей ақпаратты қабылдай алмайды, яғни біздің мысалда тілді үйрене алмастық осыған 
байланысты. Ең алдымен психологиялық тұрғыда, жеке дара өзге тілді қабылдау үшін, шет тілінде 
сөйлеуге үйрету керек. Сөйлеу – әрекет процесі болып табылады. Сөйлеу әрекеті дегеніміз - адамның 
қарым-қатынас жасау үрдісіндегі қоғамдық-қатысымды қажеттілігін еске асыру тісәлі. Сөз бұл 
жағдайда ойды құрастырудың және жеткізудің құралы ретінде болады. Психолог ғалымдар сөйлеу 
әрекетін адам ағзаның психофизикалық жұмысы деп санайды. Өзге тілді үйрену, тілдік аспектілерін 
меңгеру - қарым-қатынастар құралы ретінде қолдана білуге дағдылану үрдісіндегі күрделі мәселе. 
Тілді жүйелі түрде меңгеру мектеп курсынан басталғандықтан, оны оқыту қазіргі ғалымдарды, атап 
айтқанда, лингвистиканың, психологияның, педагогиканың соңғы жетістіктеріне сүйенері сөзсіз. Осы 
тұрғыда одақ кезінде шетел тілін өзге тіл ретінде оқытудың ғылыми негізі жан-жақты 
қарастырылған. Шетел тілін үйрену барысында психологияға көңіл бөлмеу мүмкін емес, өйткені ол 
адам сана-сезіміндегі шындықтың психикалық заңдылықтарының адамның рухани жан сезімдерінің 
ойлау іс-әрекетінің көрінісі. Өзге тілді меңгеру мәселелерін қарастыру барысында психологияның 
алар орны ерекше. Ал тіл қандай психологиялық қиыншылдықтарға байланысты қиын қабылданады 
десек, мына мәселелерді тізбектеп шыға аламыз: 
1. Тілдік психология кедергілерінің мәселелері;
2. Өзге тілдерді қабылдауда кездесетін психологиялық кедергілер мәселесі; 
3. Қос тілділік мәселесінің теориялық әдіснамалық негіздері.
Тілдік психология кедергілерінің мәселелері тілді қабылдауда психологиялық тұрғыдан адам 
санасында ақау туғызады. Соның нәтижесінде ересек адамдарда тіл үйренуге деген қорқыныш пайда 
болады. Негізінен психикалық кедергі туғызатын, танымдық процестер жүйесі болып та табылады. 
Қазір біз танымдық процестер жүйесіне, қандай элементтер кіретіндігін және олар қандай кері әсер 
тигізетіндігін анықтаймыз. Кез-келген танымдық процесс бейнелеу және реттеу қызметін атқарады. 
Бірақ бейнелеу қызметінен басым процестер (танымдық процестер) және реттеу қызметінен басым 
психикалық процестерді (эмоция, ерік) бөліп көрсетуге болады. Танымдық процестер жүйесіне келесі 
процестер кіреді: түйсік және қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау. Танымдық процестер жүйесінің бар-
лық жүйелі блоктары үнемі өзара әрекеттесу процесінде болады және танымдық іс-әрекеттің бірлігін 
қамтамассыз етеді. Танымдық процестер жүйесіне өзара әрекеттесу процесінде үнемі барлық нәти-
желер көрінеді. Қабылдау - қоршаған орта заттары мен құбылыстарының барлық қасиеттерінің 
жиынтығын кешенді бейнелеу процесі. Түйсік - қоршаған орта заттары мен құбылыстарының жеке 
қасиеттерін бейнелейтін қарапайым процесс. Басқа сөзбен айтқанда, адам қоршаған ортаның 
барлығын түйсінеді. Түйсік пен қабылдау бір-бірімен өте тығыз байланысты. Кез-келген түйсіну 
қабылдауға, тұтастай қабылдауға дейін жеткізуге болады. Жекедаралық тіл меңгеру мәселесінде де 
түйсіне білу керек және ақпаратты қабылдау қажет. Тілді түйсіне алмаған адам оны сезіне алмас, ал 
сезіне алмаса ол адам сол тілде көп қате жасары анық. Нақты психикалық тұрғыда тілді қабылдай 
отыра түйсіну, сол тілде дұрыс сөйлеуге ықпал етеді. Адам сол тілді дұрыс екпінге салып сенімді 
түрде қабылдайды. Сондықтан түйсіну және қабылдау шет тілін меңгеруге қажетті бөлшек болып 
есептеледі. Ес - бұл бейнелеудің интегралды үздік түрі. Ол кез-келген психикалық процестің 
негізінде жатыр. Ес психикалық өмірді ұйымдастырудың негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Есті 
танымдық процестердің ядросы деп атайды. Тіл меңгеру барысын, кез-келген уақытта еске түсіруге 
болады. Осы ес өмір бойы өтілген дүниені алдымызға қайтарып әкеліп тұрады. Сол себепті неше 
түрлі методикаларды қолдана отырып, оқылған ақпаратты барынша ұзақ уақытқа еске сақтап қалуға 
тырысу керек. Есте ашық, жарқын дүниелер ұзағырақ сақталатыны бәріне де мәлім. Ойлау
танымдық процестерінің барлық жұмысының мұраты, ақпаратты өңдеудің ақырғы үшінші деңгейі. 
Ойлау басқа танымдық процестердің барлық бұрмалауларын түзетеді. Ойлауды әдетте психологияда 
адамның болмысты, оның мәнді байланыстары және қатынастарымен қоса жанама және жалпылай 
бейнелеуі ретінде анықтайды. Ойлау - логикалық ойлау тәртібін дамытады, ал бұл тіл меңгеруге өз 
жеңілдігін тигізеді. Мәселен, ағылшын тілінің грамматикасын оқи отырып, біз ол әрдайым 
қайталанып тұратын тізбектен құралғанын байқаймыз. Міне, дәл осындай жерде адам кішкене ойлан-
са, келесі жолы логикамен тақырыпты тезірек қабылдайды және тезірек түсінеді. Оқытылып отырыл-
ған ағылшын тілі жөніндегі ақпарат, басқа да жаңа дүниелер іспетті ойлау түрлеріне байланысты 
қабылданады. Ойлау теориялық және тәжірибелік болып екіге бөлінеді. 
Қазіргі кезде балон үдерісіне байланысты осы тәжірибелік тұрғы қолданады. Тәжірибе теорияда 
түсінілмеген дүниені оңайлықпен адам санасына қабылдатады. Мысалы, ағылшын тілін үнемі тек 
жаттап, кітаптан оқып жүргенге қарағанда, адамдармен ағылшынша сөйлессеңіз немесе ағылшын 
тілінде бейне баяндай, фильмдер көргеніңіз абзалырақ болар. Себебі, практика яғни тәжірибе теория-


187 
ны дұрыс түсінуге және бекітуге көмектеседі. Сөз - әрекеттік тілдік материалдардың бәрін оқу 
тәрбие ісін жүргізу барысында іскерлік пен дағдыға мықтап айналдырылғанда ғана іске асырылады. 
Л.С.Рубинштейн дағдыны саналы түрде орындалатын іс-әрекеттің жаттығулар арқылы автоматтан-
дырылған компоненті деп қарайды.Психологтар дағдыларға қоса студент өз ойын дәл жеткізуге 
септігін тигізген іс-қимыл, дауыс ырғағы т.б. да қолдану қажет деп есептейді. Ойын сөзбен жүйелі 
түрде жеткізе алуы үшін адамда алдымен ой туады, ал ой мен сөйлеу - бір-бірімен өте тығыз процесс. 
Неғұрлым жан-жақты терең ойлаған сайын адамның айтпақ болған ойы соғұрлым нақты, айқын 
болып шығады. И.А.Зимняя сөйлеудің негізі ой болып табылатынын айта келе шетел тілін үйретуге 
студенттерді әуелі қызықтыру, талпындыру арқылы ойландыруға жағдай жасау керек екендігін 
айтады. Ол үшін түрлі студенттерді қызықтыратын қосымша материалдар қолданылады.
Шетел тілін меңгеру - сөз дағдыларының жүйесін игеру. Тіл адам психикасында қажет бола 
қалған сәтте пайдалана алатындай дағды түрінде болады. Біз А.А. Леоньтевтің "қарым-қатынас жасау 
үшін қалыптасқан сөз дағдылары жеткіліксіз, ол үшін сөйлеу іскерлігіде қажет" деген пікірді құптай-
мыз. Іскерлік шығармашылық іс-әрекетке жетелейді, өйткені ол ойлаумен, сезіммен, қиялмен байла-
нысты. Ағылшын тілі материалдарын меңгерудің процестері тікелей сол материалдардың психоло-
гияларына байланысты қаралады. Тілдік материалдардан сабақ беруде студенттердің сезімі мен 
түсінігін, байқауы мен қабылдауын, ойы мен қабілетін ескеріп отыру - ағылшын тілін меңгерудің 
белгілі шарттары. Сондай-ақ сабақ үрдісінде жеке студенттердің үлгерімін байқап, тәуір, нашар 
үлгерудің себептерін де ескеріп отырған мақұл. Психологиялық тұрғыда, адамның сөйлеу әрекеті ойлау-
мен, оны жинақтау, талдау, салыстыру, дерексіз ойлау, жалпылау сияқты операциаларымен тығыз 
байланысты. Сөйлеу әрекеті - психикалық күрделі әрекет ретінде тілде төрт жағдайда көрінеді: оқу, 
тыңдау, сөйлеу, жазу. Оқу, тыңдау репродуктивті деп аталса, сөйлеу, жазу продуктивті деп аталады.
Сөйлеу әрекеті адамның іс-әрекетінің бірі ретінде түрткі, себеп арқылы жүзеге асады. Мәселен, 
шетел тілі сабағында дағды жаттығу процесінде қабылданады. Оны қалыптастыру үшін жай қайталау 
жеткіліксіз, оған арнайы жаттығу қажет. Студенттердің бойында фонетикалық дағдыларды (жеке 
дыбыстарды дұрыс айту, сөздердің дауыс екпінін дұрыс қою, сөйлемдердің дауыс ырғағын мәнерін 
келтіре дұрыс айту дағдыларын ) қалыптастыру үшін студенттерге өлеңдер мен ән үйретудің үлкен 
маңызы бар. Мұндай жұмыс процесінде негізінде студенттер материалды толық меңгереді. Ағылшын 
тілі тақырыптарын дағдыландыру, пысықтау, қайталау, сияқты жұмыс процестерін өз ішінде қамтиды. 
Өзге тілдерді қабылдауда кездесетін психологиялық кедергілер мәселесі. Бұл сатыда кездесетін 
адамның ең басты кедергісі - қорқыныш. Оған кез-келген дүние мысал болуы мүмкін. Мысалы: 
оқушы ағылшын тілін меңгермесе нашар баға алуы мүмкін, ересек адам табысты жұмысынан 
айырлып қалуы мүмкін, қоршаған орта тілді білмеген адамды ақымақ санауы мүмкін. Міне, осының 
бәрі психологиялық қысым, қысым үрейге, ал ол өз кезегінде шынайы қорқыныш сезіміне әкеледі. 
Психологиялық тұрғыда кедергі болса ешбір адам тіл меңгере алмайды. Ол уайымдайды, 
сасқалақтайды және өз сенімін жоғалтады. Бұған себеп,үрей, қорқу, күлкіге қалуым мүмкін деген 
сезім. Қос тілділік мәселесінің теориялық әдіснамалық негіздері деген Билингвизм терминіне кеп 
тіреледі. Билингвизм деген не? Адам баласының санасы бір уақытта екі тілде ойланады және 
ақпаратты екі тілде өңдейді деген сөз. Билингвизмнің жақсылығы дәл осыда өз ана тілінде ойын 
жинақтап адам өзге тілге оңайлықпен аударады. Бірақ, Билингвизмнің теріс жағыда осыда егер адам 
ақпартты миында өз тілінде жинақтай алмаса өзге тілде де белсене жұмыс атқара алмайды. Соның 
салдарынан қорқу пайда болады. Әр бір ақпаратты естіген сайын адам қорқа берсе, ол да бір 
психологиялық күйзеліске немесе ауытқуға әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет