Басылым: төртінші


Бетон серпімділігінің бастапқы модулі



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата08.11.2022
өлшемі0.49 Mb.
#464299
1   2   3   4   5   6   7   8
Жунисов сролар

Бетон серпімділігінің бастапқы модулі: Лездік салмақ түсіру кезінде туындайтын деформацияға 
сәйкес келетін және серпімді деформациялар түзу сызығының еңіс бұрышының тангенсі ретінде 
анықталатын серпімділік модулі.
Бетон үшін сенімділік еселігі: Бетонның нормаланған көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінен 
есептік мәндеріне өту үшін пайдаланылатын еселік. Сенімділік еселігінің мәнін бетонның түріне, 
бетонның есептік сипаттамасына, қарастырылған шекті күйіне байланысты, бірақ:
сығу кезінде бетон бойынша сенімділік еселігі үшін: бірінші топтың шекті күйі үшін – 1,3; екінші 
топтың шекті күйі үшін – 1,0;
созу кезіндегі бетон бойынша сенімділік еселігі үшін: сығылуға беріктігі бойынша бетонның классы 
белгіленген кезде бірінші топтың шекті күйі үшін – 1,5; осьтік созылуға беріктігі бойынша бетонның 
классы белгіленген кезде осы топ үшін – 1,3; екінші топтың шекті күйі үшін – 1,0 тең етіп алынуға 
тиіс.
Бірінші және екінші топтардың шекті күйлері үшін бетонның негізгі деформациялану 
сипаттамаларының есептік мәндерін олардың нормативтік мәндеріне тең етіп алу керек.
Бетон элементтер: Пайдалану кезеңінде беріктігі бетонмен ғана қамтамасыз етілетін болса, бетон 
ретінде қарастырылатын арматураланбаған немесе арматураланған құралымдар. Негізінен 
қалыпты мәндерден аспайтын, бойлық күштің шағын эксцентриситеттері кезінде сығылуға жұмыс 
істейтін құралымдарда; жекелеген жағдайларда үлкен эксцентриситеттермен сығылуға жұмыс 
істейтін құралымдарда, сондай-ақ бұзылған кезде адамдардың өміріне және жабдықтың 
бүтіндігіне (тұтас негізде жатқан элементтер және т.б.) тікелей қауіп төндірмейтін майысатын 
құралымдарда қолданылады.
Бойлық майысу (иілу): Құралымның бойлық күш әсерінен оның осьне перпендикуляр бағытта 
майысуы (иілуі).
Бойлық майысу (иілу) еселігі: Сығылғанэлементтерді есептеуде қолданатын еселік. Сығылған 
элементтің есептік биіктігіне (ұзындығына) және қима инерциясы радиусының ең кіші мәніне 
тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет