Кафедра меңгерушісі: с.ғ. к., доцент Бердібаев Р. Ш



Pdf көрінісі
бет5/36
Дата08.11.2022
өлшемі2.43 Mb.
#464303
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
ДЖ-Бұлттық сервистер

Кіріспе 
Қазіргі заманда бұлтты технологиялардың өте қарқынды дамуда, бұл даму 
барысы жалпы технологиялардың ауқымына көп үлесін қосқанымен, кері 
жақтары да айтарлықтай бар. Мысалы, ақпарттық қауіпсіздік мәселесі өте өзекті 
болып табылады. Бұның бірден бір себебі көп ақпараттың бұлтты сервистерге 
ауысуы болып табылады, бұл құпия ақпарттардың ұрлануына және заңсыз түрде 
желі арқылы деректерге қол жеткізу сияқты құқық бұзушылықтардың өсуіне 
себеп болады. Сол себепті бұлтты сервистердің қауіпсіздік мәселесін талдау 
маңызды болып табылады. 
Бұлтты есептеулер - серверлік ресурстар мен қуаттарды пайдаланушыға 
интернет - қызмет ретінде берілетін деректерді өңдеу және тарату технологиясы. 
Бұлттық есептеулер тұжырымдамасының мәні соңғы пайдаланушыларға 
интернет арқылы қызметтерге, есептеу ресурстарына және қосымшаларға 
(операциялық жүйелер мен инфрақұрылымды қоса алғанда) қашықтан қолдануға 
ммкүндік береді. Хостинг саласын дамыту бағдарламалық қамтамасыз ету мен 
сандық қызметтерде пайда болған қажеттілікке байланысты болды, оларды 
ішінен басқаруға болады, бірақ олар масштабтағы үнемдеу есебінен неғұрлым 
үнемді және тиімді болып табылады. 
Алдағы 2-3 жылда бұлт кез келген кәсіпорын инфрақұрылымының 
ажырамас бөлігі болады. IDC зерттеу компаниясының болжамы бойынша 2022 
жылға қарай ұйымдардың 70% бұлтты технологияларды пайдаланатын болады. 
Бұл ретте жаңа IT-инфрақұрылымның жартысынан астамы деректерді өңдеудің 
корпоративтік орталықтарында емес, сыртта орналасатын болады. Cloud-
шешімдерді жаппай енгізілуде, дейді Gartner талдаушылары. Олардың бағалауы 
бойынша, биылғы жылы бұлтты сервистер нарығы $266,4 млрд.белгіге жетеді, 
бұл 2019 жылға қарағанда 17% - ға артық. 
Қазақстанда бұлттық есептеулер бағытына қозғалмаған бірде-бір компания 
жоқ. Бұлтты ортаға тек орта немесе кіші бизнес емес, барлық мемлекеттік және 
ірі компанияларда көшуде. Бұған ел экономикасының даму қарқынын 
жеделдетуге және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы да ықпал етеді. Электрондық 
денсаулық паспорты, Әлеуметтік ID, Smart City, "Сандық Жібек жолы", "Сот 
кабинеті" және "электрондық үкімет" – республикада енгізілгеннің аз ғана бөлігі. 
Айта кетсек, eGov.kz порталдының жұмыс уақытында eGov.kz азаматтарға 200 
млн. жуық электрондық қызмет көрсетілді. 2020 жылы "цифрдағы" мемлекеттік 
қызметтердің үлесі 90% - ды құрайды, ал 2022 жылы қазақстандықтардың 
цифрлық сауаттылығының деңгейі 83% - ды құрайды деп болжануда. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет